Начало формы
34 жаста науқас тез үдемелі гирсутизм, етеккірінің тоқтауына шағымданып келді. Науқас өзін 6 айдан бері науқаспын деп санайды, бірінші реет етеккірінің тоқтауы және бетінде түктер пайда болған (сақал, мұрт). Соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған.Қарау кезінде : бойы- 152 см, салмағы 57кг. Айқын гирсутизм. Сүт бездері атрофияланған. Емізікшелерінен бөліністер жоқ. PV: жатыр мойны цилиндр тәрісті, ернеуі жабық. Жатыр ұлғаймаған. Сол жақ жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Оң жақ қосалқыларында тығыз түзіліс анықталады, көлемі 5,5х4,5х5,0 см. Дұрыс диагноз қойыңыз//
адреногенитальды синдром//
бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі//
аналық без поликистозы//
+аналық безеінің гормон өндіретін ісігі//
Иценко-Кушинг ауруы
***
25 жастағы науқас ішінің үрілуіне, сүт бездерінің ауырсынуына, аяқтары мен қолының ісінуіне шағымданады. Барлық симптомдар етеккір басталуынан бір апта бұрын пайда болып етеккір келуімен тоқтайды. Науқас салқын тиіп жиі ауырады. Гинекологиялық аурулар анықталған жоқ, сүт бездері жағынан патология анықталмады. Диагноз қойыңыз//
предменструальды синдром, криздік түрі//
гинекологиялық дені сау//
+предменструальды синдром, ісіну түрі//
предменструальды синдром//
дұрыс жауабы жоқ
***
48 жаста тәулігіне 8-10 рет басына ыстық құйылу сезіміне шағымданады. Көрсетілген шағымдар соңғы жыл бойы мазалайды. Етеккірі 2-3 сайын, қою 1-2 күн. Анамнезінде- калькулезды холециститке байланысты операция жасалған. Босану - 3, аборт -2. Гинекологиялық қарау кезінде патология анықталған жоқ. Сіздің диагнозыңыз//
етеккір қызметінің бұзылысы//
менопауза//
предменструальды синдром//
+климактериялық синдром//
вегето-қан тамырлық дистония
***
Науқас 36 жаста гинекологқа ыстық құйылу сезіміне, тершеңдік, жиі кіші дәретке шығуына шағымданып келді.Симптомдар тез өсетін жатыр миомасы және қос аналық безіндегі эндометриозға байланысты жасалған операциядан кейін пайда болған. Қарау кезінде соматикалық аурулар анықталған жоқ. Сүт бездері ерекшеліксіз. Айнамен қарау кезінде: қынап кілегейі таза. PV: қынап культясы ерекшеліксіз. Кіші жамбас қуысында инфильтрат жоқ.//
жатыр экстирпациясынан кейінгі жағдай. Климактериялық синдром//
+жатыр экстирпациясынан кейінгі жағдай. Посткастрационды синдром//
вегето-қан тамырлық дистония//
вегето-қан тамырлық дистония, цистит//
дұрыс жауабы жоқ
***
32 жастағы науқас гинекологиялық стационарда жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруымен емделді. Науқас ауруханадан шығу кезінде гинекологқа контрацепция әдісі туралы кеңес сұрады. Әйел тұрмыста, 2 баласы бар. Соңғы 3 жыл бойы жатыр қосалқыларының қабынуының өршуіне байланысты ем алған. Науқасқа қандай контрацепция әдісін ұсынған дұрыс//
ВМС//
таза гестагендер//
+КОК//
спермицидтер//
ырғақты әдіс
***
Науқас 46 жаста, ішінің төменгі бөлігінде ауырсынуға, жиі кіші дәретке шығуына және етеккір кезінде көп мөлшерде қанды бөліністің болуына шағымданады. 3 жыл бойы жатыр миомасына байланысты есепте тұр. 3 жыл бұрын жатыр қуысына қыру жасалған.Гистологиялық зерттеу қорытындысы: эндометридің безді-кистозды гиперплазиясы. Айнамен қарау кезінде : жатыр мойны гипертрофирленген, эрозияланған. Бөліністері қанды, көп мөлшерде. PV: жатыр мойны гипертрофирленген, қалыпты консистенциялы. Жатыр ісікке айналған 14-15 аптаға сәйкес ұлғайған, қозғалмайды, бугристая, ауырсынусыз. Қосалқылары ерекшеліксіз.Сіздің диагнозыңыз//
жатыр миомасы, жатыр мойны эрозиясы//
симптомды жатыр миомасы//
+көптеген симптомды үлкен өлшемдегі жатыр миомасы, жатыр мойны эрозиясы//
жатыр миомасы, аналық без кистасы//
жатыр миомасы, эндометрии қатерлі ісігі
***
Гинекологиялық бөлімшеге 50 жастағы науқас ішінің төменгі бөлігінде ауырсынуға, әлсіздік, кешкілік уақытта дене қызуының көтерілуіне, іш қатуға шағымданады. Бір жыл бұрын аналық без кистасына байланысты операция ұсынылған, бірақ науқас бас тартқан. Қарау кезінде: іш қуысында бос сұйықтық анықталады. PV: кіші жамбас қуысында бірдей емес консистенциялы, қозғалмайтын, өлшемі 15х12х14 см түзіліс анықталады. Ауырсынумен, артқы күмбезде "шпора". Диагноз//
асқазан қатерлі ісігі//
тубоовариальды түзіліс//
аналық без кистасы//
+аналық без қатерлі ісігі, асцит//
ішек қатерлі ісігі
***
Науқаста аналық без поликистозы диагнозымен дексаметазонмен гормональді күштемелі проба жасалды. Қандағы тестестерон деңгейі 8 ммоль/л, пробадан кейін - 5 мг/тәулігіне. Гиперандрогения көзі болып табылады//
+бүйрек үсті безі//
аналық безі//
гипофиз//
қалқанша безі//
дұрыс жауабы жоқ
***
21 жаста, етккірінің ретсіздігіне, салмақ қосуына шағымданады. Анамнезінде: бала кезінде жиі ангинамен, ЖРВИ ауырған. Етеккірі 13 жастан, цикл ретсіз, 22-38-42 күн сайын.16 жастан бастап тез салмақ қосу басталған, кейін жоғарғы ерніне , иек астына түктің өсуін байқаған. Тұрмыста жоқ. Объективті : бойы 160 см, дене салмағы - 86 кг. АҚҚ 140/90 мм сб.бб. Май тіндері иық және ішінің төменгі бөлігі аймағында жоғарғы деңгейде жиналған. Сүт ездері көлемі үлкен.Іштің ақ сызығы бойымен түк анықталады. Сыртқы жыныс мүшелері дамуы қалыпты, қыздық перде бүтін. Ректальды: жатыр және қосалқылары іш қабырғасының шамадан тыс тері асты-май тініне байланысты дұрыс анықталмайды.Дұрыс диагнозды таңдаңыз//
етеккір қызметінің бұзылысы. Семіздік.Гипертониялық ауру//
біріншілік аналық без поликистозы//
+орталық генезді аналық без поликистоз синдромы//
бүйрек үсті генезді аналық без поликистоз синдромы//
Иценко-Кушинг ауруы
***
24 жастағы науқас етеккірінің және жүктіліктің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде: дені сау бала болып өскен, 12 және 14 жасында шап жарығына байланысты ота жасалған. 20 жасында тұрмысқа шыққан, жолдасы 20 жаста, дені сау. Туған апасы 22 жаста, оныңда етеккірі жоқ. Қарау кезінде: бойы 157 см, дене салмағы 56 кг. Екіншілік жыныстық дамуы қалыпты. Сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы қалыпты. Айнамен қарау кезінде: қынап тұйық бітелген.Жатыр мойны жоқ.PV: босанбаған қынап, жатыр және қосалқылары анықталмайды. Дұрыс диагнозды таңданыз//
+біріншілік аменорея//
екіншілік аменорея//
қынап атрезиясы//
жатырлық аменорея//
даму ақауы
***
