Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
581.94 Кб
Скачать

Бөлінген сұйықтық

Бөлінген зәрдің уақыты

Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)

Барлығы:

  1. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.

Енгізілген сұйықтық

Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты

Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері

Барлығы:

  1. Келесі күнгі таңертеңгі сағат 6.00-да науқас медбикеге есептеу парағын тапсырады.

Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.

Медбикенің міндеттері:

  • Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.

  • Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.

  • Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.

  • Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).

  • Қатты тамақтарда 60-тан 80% дейін су бар.

  • Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.

  • Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін медбике есептейді.

  • Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).

  • Келесі формула бойынша су балансына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.

  • Шығарылған сұйықтық мөлшері қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.

  • Егер де сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.

  • Егер де сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.

  • Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.

Нәтижесінің бағасы:

80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).

  • Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

  • Кері су балансы (<70%) ісіктің көбеюін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.

VI. Науқасты тамақтандыру Халі ауыр науқасты тамақтандыру

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: Қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан, хал-жағдайы ауыр науқас.

Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, су беретін ыдысты, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдауды ұнататынын сұраңыз.

  2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.

  5. Тумбочкіге немесе кереует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

  6. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаңыз, (Фаулер қалпын).

  7. Науқастың басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егер де отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе су беретін ыдысты тамақпен ауызына жақындатыңыз.

  8. Науқасты қасықпен аз мөлшерде немесе су беретін ыдыспен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

  9. Аузында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

  10. Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.

  11. Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: - егер де науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.

- Ыстық тағамның температурасы шамамен 570 С - 620С, салқын -150 С- кем емес!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]