Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
581.94 Кб
Скачать

Алмалы- салмалы тіс протездерін күту

Мақсаты: тіс протездерін қолданғанда ауыз қуысының шырышты қабықтары және қызыл иектің қабынуын алдын-алу.

Дайындаңыз: ауыз қуысын күткендегі құралдарды және арнайы: протезді шешуге арналған сүрткіні (салфетканы), үлкен майлық орамалды, протезге арналған шыны аяқты, тіс щеткасын, тістік пастаны, бүйрек тәрізді лотокты, қағаз салфеткасын, қолғапты зарарсыздандыруға арналған ыдысты.

Міндетті жағдай емшара әрбір ауыз қуысын күтуде жүргізіледі.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  2. Науқастан тіс протезін шешуді (алуды) сұраңыз,оны арнайы шыны аяққа салыңыз.

  3. Шыны аяқтағы тіс протездерін, тіс щеткасын, пастаны, үлкен шыны аяқты, салфетканы, сүлгіні, раковинаға жақындатыңыз.

  4. Қағаз салфеткасын қолдана отырып, су құбырының шүмегін ашыңыз.

  5. Тіс щеткасын салқын сумен суландырып, оған тіс пастасын салып, щеткамен тіс протездерін ұқыпты тазалаңыз, оны раковина үстінде қолға ұстап отыра, өзіннен щеткіні бағыттай отыра.

  6. Ағынды судың астында тіс протездерін шайқаңыз.

  7. Тіс протездеріне арналған шыны аяқты шайқаңыз.

  8. Протездерді шыны аяққа салыңыз.

  9. Қағаз салфеткасын қолдана отырып ,су құбырының шүмегін жабыңыз.

  10. Науқасқа көмектесіңіз тіс протездерін киюге.

  11. Қолғапты шешіңіз, оларды зарарсыздандыруға арналған ыдысқа салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.

Ескерту:

  • Егер де науқас өздігінен протездерді ала алмаса, онда салфетканмен алу қажет, үлкен және сұқ саусақтармен тіс протезін мықты ұстап, шайқалу (тербелеу) қозғалыспен ептеп протездіалып, шыны аяққа салыңыз.

  • Түнгі уақытта протездер шыны аяқта болуы керек.

  • Егер де науқас осы уақытта оларды кигісі келмесе – шыны аяққа протездерді қалдырып, оған су құю қажет, ол толығымен протезді жабу керек.

Су балансын анықтау және есептеу

Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.

Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа су ішуге және зәрді жинауға арналған өлшемді ыдысты даярлаңыз.

  2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.

  3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.

  4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.

  5. Науқасқа таңертең сағат 6:00-де зәрін унитазға жіберу қажеттігін түсіндіріңіз.

  6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күннің таңертеңгі сағат 6.00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.

  7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы -тәуліктік диурез болады.

  8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]