- •Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.
- •Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы.
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.
- •1929-1931 Жж. Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •1931-1933 Жж. Аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.).
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
Этносаяси тарихы: Vғ. Жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар»(болаттар) деп атаған.Олардың мекені:Алтай-Балқаш көлінің шығыс жағалауы.VIIғ.ортасы-бұлақ,шігіл,ташлық тайпалары бірігіп,қарлұқ бірлестігін құрды.Бірлестіктің билеушісі-елтебер.742ж.-қарлұқтар ұйғыр және басмыл тайпаларымен бірігіп Шығыс Түрік қағанатына қарсы күресіп,түріктерді жеңді.Шығыс Түрік қағанатының орнына Ұйғыр қағанаты (744-840ж.) құрылды. VIIIғ. Ортасы (746ж.)-қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті. 756ж. қарлұқ қағанаты құрылды.Астаналары-Суяб,Тараз.Территориясы:Жетісу,(Шу мен Талас өзені,Батыс Тянь-Шань,Ферғана,Сырдария маңы).766-775ж.қарлұқтар Қашқарияны жаулады.
Қарлұқ қағанатының билеушісі-жабғу,840ж. бастап қаған.Қарлұқтар 791ж.ұйғырлардан,812 ж.арабтардан жеңіліп,Ұйғыр қағанатының тәуелділігін қайта мойындады.840ж.Ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлағаннан кейін Білге құл –Қыдырхан өзін қаған деп жариялап, қарлұқтар бостандығын мәлімдеді. Қарлұқтар жайында араб және парсы деректерінен білеміз.Араб географы Әл- Маруази(XII) қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де енген.Қарлұқтар тілі-түрік тілі.Араб геогр. Ибн-Хаукаль (Xғ.) дерегінде көрсеткендей,қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін отыз күн керек.Xғ.Қазақстанның үлкен бөлігі оның территориясын құрады: Жоңғар Алатауы, Сырдарияның орта ағысы, Балқаш Ыстықкөл, Іле, Шу, Исфиджаб, Отырар төңірегі.Қарлұқтардың 25 қаласы мен елді мекендері болған : Тараз, Құлан, Мерке,Атлах,Барысхан,Талғар т.б. IXғ. аяғы-саманилер Исфиджабты басып алып,Таразды қоршады. Белгісіз автор «Худуд әл-аламның» хабарына қарағанда, Суяб сияқты ірі қалалардан 3000 – ға дейін жасақтар құрылатын. Қағанның ордасы Тараздан Қашқарға көшірілді.Тараз халқы ислам дінін қабылдады.Қарлұқтар ақсүйектерінің көпшілігі екінші астана-Баласағұнда тұрды.Саманилерге қарсы күресті Қадырханның балалары:Базар Арслан мен Оғұлшақ жүргізді.Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200ж. билік құрды.
Қағанаттың әлсіреуінің себептері:Ішкі тартыстар;Жайылым жер үшін күрес.940ж.-Қашғардың түрік билеушілері Баласағұнды жаулап алып,Қарлұқ қағанаты өмір сүруін тоқтатты. Шаруашылығы,мәдениеті:Қарлұқтардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымның бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Суы мол өзен жағалауларында,шөбі қалың жерлерде қоныстанған.Кейбір топтары қыс Жайық пен Жемнің арасын қыстап,жаз Ертіс жағасын жайлап жүрді.Орта ғасыр авторлары қарлұқтардың жылқы,қой,ешкі,сиыр,өгіз,түйе өсіргендігін айтады.Олардың шаруашылығында қой өсіру аса маңызды рөл атқарды.Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің аса маңызы болды.Жылқы соғысқа,аң аулауға пайдаланылды.Ет пен сүт тамақ болған,ал жүнінен киіз,киім,кілем және басқа бұйымдар жасаған.Қарлұқтардың күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болған.Қарлұқтардың кейбір топтары, әсіресе кедейлері Сырдариядан, Ертістен және басқа өзенднрден балық аулаған. Кедейленген қауым мүшелері отырықшылыққа көшеді.Отырықшылар егін салды,көбінесе тары егетін болды.Қарлұқтарда үй кәсіптері мен қолөнердің ең дамыған түрі-мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу болды.Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім,ыдыс,садақтың қаптамасы,қорамсақ т.б. заттар жасалынды.Қауымның қатардағы мүшелері де өздеріне қажетті заттарды өздері жасады.Қарлұқтардың қоныстарында құмырашылық өндірісі де өркендеді.Бұған қоса олар мекендеген террит. Темір,күміс,алтын,т.б. асыл тастарды өндірді.Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар жасалды.Қолөнердің дамуын археологиялық материалдар көрсетеді.
