Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
novy_shpor_kaz_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
986.62 Кб
Скачать
  1. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  «Қазақстан – 2030» стратегиясының негізгі қорытындылары шығарылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағыттары белгіленген болатын. Еліміздің ендігі міндеті – қол жеткенді сақтай отырып, ХХІ ғасырда ұлттық экономикамыздың өсуін, орнықты дамуын жалғастыру. Елбасы Жолдауда жаңа ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне айрықша тоқталды. Олар Қазақстан үшін де, әрбір өңір үшін  де жаңа табыстарға жету жолында  мұқият ескерілуі керек. Биылғы Жолдау мемлекет дамуының 2050 ж дейінгі даму стратегиясын белгілеуімен ерекшеленеді. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 ж қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде беделді қоғам құру. Қазақстан 2050 ж қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің  қатарында болуы тиіс»деп меже қойды  Елбасы. Осы тұрғыда  аудан бойынша нақты істерге тоқталар болсақ, өңірдің өсіп, дамуы үшін елді мекендерді газдендіру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша инвестициялық жобалар жоспарлы іске асырылуда. Осы орайда алға қойылып отырған міндет – бюджет қаражатын өз мүмкіндігіміз шегінде ғана  шығындау және тапшылықты барынша қысқарту, бюджет қаражатының ысырап болмауын басты назарда  ұстау. Жергілікті бюджеттің кіріс болжамын орындау, қосымша салық базасын  кеңейту жөнінде биылғы жылғы жұмыстарға талдау жасап, нақты ойластырылған шараларды белгілеу, ауыл шаруашылық саласында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру – маңызды іс. Шағын мал бордақылау алаңдары жобасын іске асыруға ниет білдірушілер, асыл тұқымды бұқалар сатып алушылар бар. Сонымен бірге ауданда ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндіру, өңдеу жұмыстары кенже қалып отыр. Күні бүгін көкөніс түрлері толықтай басқа жерлерден тасымалданып әкелінеді. Бұның өзі оның бағасының жоғары болуына әсерін тигізуде. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша алға қарай кәсіпорындар ашудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлау еңбек нарығына бейімделген жүйе бойынша жүргізілуі керек. Елдің барлық аумағында сапалы да қолжетімді медициналық қызмет көрсету, білім беру саласына басымдылық бере отырып, жетілдіру міндеттері қойылды. Дәрігер кадрларды дайындау, басқа жерлерден кадр тарту, оларды тұрақтандыру үшін әлеуметтік пакеттерді іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізу міндеті тұр.

  1. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.

Елдестіретін елшілер алдындағы келелі сөзді Мемлекет басшысы былтырғы жылдың маңызды жетіс­тіктерінен бастаған болатын. Шындығында, былтырғы жыл Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты сыртқы саясат тарихындағы аса жемісті қадамдарымен ерекшеленді. Былтыр еліміздің өңірдегі һәм әлемдегі ұстанымы беки түсті. Жаһандық бәсекеге қабілетті елдер арасында 51-орынға көтерілдік. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан шетелдік инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ең үздік елдердің қатарына кірді. Өткен жылдың өзінде-ақ елімізге $20 млрд астам тікелей шетелдік инвестиция тартылып, БҰҰ кон­ференциясының индексі бойынша сауданы дамы­туда Қазақстан 23-орынға шықса, бизнесті жүргізу рей­тингінде 29-орындамыз. Аса қысқа мерзімде мұн­шалықты көрсеткішке жету – Қазақстаннан басқа ел­де болмаған жайт. Дәлелі айқын – әлемнің ең қар­қынды экономикасы бойынша алғашқы үштікте Қытай мен Катар және Қазақстан тұр. «Еліміздің халықаралық ұйымдардағы позициясы да айтарлықтай артты. 2012 жылы Қазақстан БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігіне сайланды. Бұл – еліміздегі адам құқы мен бостандығын сақтаудағы ілгерілеушіліктің де айқын дәлелі. Бұдан бөлек, Қазақстан ядролық қауіпсіздікке арналған Сеул саммитінде таратпау жөніндегі жаһандық қозғалы­сының лидері ретінде мойындалды. АҚШ пен Ресей секілді екі ядролық держава басшыларымен бірге ҚР Президентінің үшжақты келіссөзге қатысуы­ның өзі еліміздің антиядролық қозғалыстағы осынау орнын нақты көрсетсе керек. Бұл ретте Президент Н.Әбішұлы ядролық энергетиканы бақылауда ұс­тауға қатысты қазақстандық бастаманың одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Жылды қорытындылай келе, Елбасы аса маңызды жетістік саналатын ЭКСПО-2017 мәселесіне де миссия басшыларының назарын аударды. Президент ҚР халқы атынан Астанаға қолдау білдірген ел басшыларына алғыс жолдап, шетелдердің іскерлік топтарын осынау ауқымды шараға ынтымақ­тасуға шақырды Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның сыртқы саясаты өңірлік, жаһандық қауіпсіздікті жан-жақты нығай­туға бағытталған болып қала беретінін жеткізді. Бұл ретте Қазақстан өзінің көр­шілерімен – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия және ТМД елдерімен әріптестікті одан әрі дамытуды ұстанады. «Орталық Азиядағы көршіле­ріміз әрқашан біздің сыртқы интегра­циялық және экономикалық саясатымыздың тірегі болып қала береді. Біз АҚШ пен ЕО, Азия мемлекеттерімен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыта түсеміз. Африка және Латын Америка­сының басты мемле­кеттерімен кең ауқымды өзара тиімді қарым-қатынастар орнатудың жақсы перспективалары ашыла түседі», – деді  Елбасы. Бұдан бөлек, Президент Қазақстан үшін түркі тілдес мемлекет­термен, ислам мемлекеттерімен ынтымақ­тастықты дамыту маңызды бағыт екендігін айтты. Осы бағытта түркі тілдес мемлекет­термен қа­рым-қатынас қазірдің өзінде қалыптасқан халықаралық бірлестік­тер аясында жалғасатын болады. Бұлар Түркі мем­лекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Астанада құрылған Түркі академиясы болып табыла­ды. «Біз Алматы қаласында көптарапты дип­ломатияның Өңірлік орталығын қалып­тастыруға кірістік. Онда ұйымдар мен бағдарламалардың, қорлар мен БҰҰ ма­мандандырылған мекемелерінің өңірлік және субөңірлік мәртебесіндегі 16 өкілдігі қызмет етеді. Қазіргі таңда Халық­аралық даму агенттігін құру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл агенттік біздің көршілеріміз бен басқа да мемлекет­терге техникалық көмектер көрсетпек. Сондықтан да біз осындай орталықты Астанада немесе Алматы қаласында ұйымдастыруға әзірміз», – деді Н. Назар­баев. Түйіндей айтсақ, Қазақстан Еуразия жүрегінің тыныштықта, қалыпты соғуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]