Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
novy_shpor_kaz_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
986.62 Кб
Скачать
  1. Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары

1) білім және ғылым;

2) денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт;

3) жастар мен жас отбасылар еңбегі, оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету;

4) мәдениет және ақпарат, конфессияаралық келісім және этносаралық тағаттылықты қалыптастыру;

5) қазақстандық патриотизм сезімін нығайту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

6) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті жоғарылату;

7) халықаралық ынтымақтастықты, жастар кәсіпкерлігін, талантты жастарды дамыту салаларындағы мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары болып табылады.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алып, кәсіптік және тәни дамуы, сәтті әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасау және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау болып табылады.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi: қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету; саламатты өмір салтын қалыптастыру; жастардың құқықтық мәдениетін жоғарылату; жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау; жастарға және жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту; жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; жастардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашу; мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеу тұрғысынан қамтамасыз ету және оның нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; халықаралық байланыстарды және жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты: қазақстандық патриотизм; тарихи, мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтардың басымдығы; азаматтық, жауапкершілік, еңбекқорлық; тағаттылық, этносаралық және конфессияаралық келісім; кішіге қамқор болуға, аға буынды құрметтеуге сайып келетін ұрпақтар сабақтастығы; отбасылық құндылықтардың басымдығы; жастардың мемлекеттік қолдау алуға құқықтарының заңдылығы мен теңдігі; жастардың тән саулығын сақтау және қорғау; жастарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға жастар ұйымдарын жаппай тарту қағидаттарына негізделеді.

  1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.

Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Се­мей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүние жүзінің назарын еріксіз ау­дарды. Осы бір батыл қадамның өзі мемлекетіміздің қауіпсіздігіне кепіл болып, әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құруда үлкен серпін берді. Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған – Елбасы аз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа танытты. Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. ҚР Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді.

КСРО ыдырап, республикалар тәуелсіздік алған кезде қазақтар да өз жерінде азшылыққа (40 пайыз шамасында) ұшыраған болатын. Тіл мәселесі қашанда күрделі және нәзік болып келеді, солай болып қала береді де. Осыны бәрінен бұрын дұрыс аңғарған және мүмкін болар салдарды болжай алған Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев орыс тілінің ресми тіл ретінде бекітілуін батыл жақтады.

Қазақ елін құру, қалыптастыру жылдарын­да Елбасымыз Н.Назарбаевтың мынадай үш ұлы еңбегі бар: біріншісі – астанамыз­ды Алматыдан Ақмолаға көшіріп әкеліп, орнықтыруы. Екіншісі – көршілерімізбен шекарамызды бейбіт жағдайда, дипломатиялық жолмен шегендеп алуы. Үшіншісі – алыс-жақын шетелдердегі қандастарымызды Отанға орал­туы

Бүгінде Қазақ елі – ата-баба­лары ғасырлар бойы аңсаған азат күнге жетіп, тәуелсіздік туын тіккен күннен бастап, тағдыр талайымен төрткүл дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қандастарын қомақты қаражат бөліп, еліне шақырып отырған санаулы ғана мемлекеттердің бірі. Соның арқасында өткен 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы Атажұртқа оралып, бұрыннан керегесі кең, бүгінде өзгелермен терезесі тең тәуелсіз еліміздің халқы 1 милли­оннан астам қандастарымызбен толықты.

Ағылшын публицисі, саяси еңбектерімен белгілі Дж.Айткен «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасып дамуы» деген еңбегінде Қазақстанды әлемдік қоғамдастықпен таныстырудың, оның жетістіктерін жеткізудің кілті Назарбаев тұлғасында екендігін мойындайды және аталған кітабын осы бағытта жазады.

«Қазақстандық жол» тура­лы Елбасы Н.Назарбаев осы аттас кітабында: « Бүгіндері Қазақстандағы реформалар тәжірибесінің нәтижелі екендігін халықаралық сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемдегі басты мемлекет лидерлерінің өздері де мойындап отыр. Қазақстанның көшбасшылығы сәтті таңдап алынған өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық үлгісіне негізделген. Ол – күшті президенттік билік және оған қоса жедел де қарқынды экономикалық реформалар.»

Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақ елінің тарихы жасалды. Бірақ та оны қазақ елінің көшбасшысы бола алған Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық қызметінсіз көзге елес-тету мүмкін де емес.Өйткені, тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздіктің сан қырлы соқпақты жылдарындағы оның тізгінін ұстаған Мемлекет басшысы, оның тұңғыш Президенті – Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарған қызметінсіз тәуелсіз ел тарихының парақтарын жазып шығу мүмкін де емес болатын. Өйткені, бұл тарихта тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін керіп, шаңырағын көтерген, бар-жоғын түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемле­кетке айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен Қазақстан Республикасының Президенті, оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, саяси қызметі, өзіндік дара жолы жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]