- •Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.
- •Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы.
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.
- •1929-1931 Жж. Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •1931-1933 Жж. Аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.).
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
Түргештер туралы алғашқы деректер "Күлтегін" ескерткішінде және қытай жазба деректерінде кездеседі.
Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқы қағаны-Үшелік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талас алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді. «Жаңа Тань тарихында» былай делінген: «Ақсүйектердің шығындары күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы жылдары қаған тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады». Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында «Сақалдың ұрпақтарын сары түргеш деп, ал Сұлу ұлысын қара түргеш деп атайды, олар бірімен-бірі жауласады, біріне-бірі сенбейді » деп айтады. Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.
