Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
novy_shpor_kaz_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
986.62 Кб
Скачать
  1. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.

1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаландыАуыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады :құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.

Экономикалық саясаттың басты міндеті халықтың әл-ауқатын көтеру деп есептелді.Кеңес адамдарының тұрмыс деңгейі жақсара бастады.Жан басына шаққандағы нақты табыс-2,6 есеге өсті, төменгі жалақы-70. Ұжымшар мүшелерінің кепілді еңбек ақысы 210 сом.Кеңшар жұмысшыларының жалақысы 247 сом болды.

1965ж КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы «Өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту» және «Мемлекеттік басқарудың органдарын өзгеше құру туралы» заң қабылдады.Кейбір кәсіпорындар біріктірілді. Өнеркәсіптік,құрылыс материалдары,орман,целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу,азық-түлік т.б. 1965 ж экономиканы басқаруда одақтық республикалық министрліктер құрылды. Бұл шаралар экономикадағы жағдайды кқтеруге алғышарттар туғызды. 1981-1985 ж әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді. 1970-1985 ж 887,7 мың пәтер тұрғызылып 3 млн астам адам қоныстандырылды. 1980 ж ортасында медициналық қызмет көрсету,білім беру, әлеуметтік салада артта қалушылық байқалды.Полигон маңайында, Арал мен Балқаш өңірінде,алыс аудандарда тұратын адамдар өмірі өте ауыр болды. Бұл аймақтарда бір жасқа дейінгі сәбилердің шетінеуі жиі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]