Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
novy_shpor_kaz_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
986.62 Кб
Скачать
  1. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.

Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шар.ғы үшін аса ауыр кезең болды.1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Оның нәтижелері : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық шаруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан ,Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумында Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады.Тың жерлер игерілетін аймақтар:Қостанай,Ақмола,Солт.Қаз, Көкшетау,Торғай,Павлодар. Бұл жылдары Қазақстанда 25млн га жер жыртылды.1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.Жағымды құбылыстар:Қазақстан КСРОның негізгі астықты аймағына айналды, экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті,Қазақстан көп ұлтты респ.болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді. Жағымсыз құбылыстар: экологиялық жағдай ауырлады, мал шаруашылығы төмендеді, тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді,жер-су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игері басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.1954-1962 ж 2 млн адам келді.Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды.Қоғамдық өмірді демократияландыру үрдісі басталды.Шетке кеткен отандастарымыз елге қайта оралуға мүмкіндік алды. Мысалы КСРОға келген 350мың адамның 200мыңы Қазақстанға оралды.Мал шаруы ашылығының артта қалу себептері:күштерді ұжымдастырудың зардаптары,материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі,жайылымдық жерлердің қысқаруы.Басты себеп:әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің ауыл шаруашылығын жүргізудегі сауатсыз әрекеттері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]