Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
novy_shpor_kaz_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
986.62 Кб
Скачать
  1. Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.

1941-1945 жж респ бұрынғы КСРО-дағы қорғасын, мыс қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Соғыс кезіндегі он оқтың 9-ы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды. Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Ал республика жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша одақта РКФСР-ден кейін 2-орынға шықты. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде респ-ның жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қыруар жұмыстар атқарды. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. Жұмыс істеп тұрған электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа ірі және орташа нысандарымен толықты. Темір жол құрылысы жалғасты. Елдің корғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға женіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941ж Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. Бүтіндей алғанда республика өнеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37%-ға өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауд Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]