Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
novy_shpor_kaz_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
986.62 Кб
Скачать
  1. Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.

КСРО-ның жау қолында қалған ауд-да соғыстың алғашқы күнінен бастап партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қаз-дықтар да қатысты. Ленинград обл-да 220,Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина,Белоруссияда 3000 қаз-дық болды. 300 қаз-дық қарсыласу қозғалысына қатысты. Респ-ға И.С.Арискиннің, А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың, З.У.Хұсановтың есімдері кеңінен мәлім болды. Олар жолдарды бүлдірді, басқыншы-лардың гарнизондарына жазалау операцияларын жүргізген кезде күтпеген жерден шабуылдап, батыл қимылдар жасады. Қаз-дық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды.ҰОС-дағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры тағы берілді, олардың 497-і қаз-дық, соның 97-і қазақ. Қаз-дықтардан 1-ші болып 1941 ж. 22-шілдеде Кеңес Одағы батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Ерекше ерлік көрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктер Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жау ұшағын құлатқан) Кеңес Одағының батыры атағын 2 рет алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген Ә.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минеметші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің 3 дәрежесіне ие болды.1941 ж. маусымдағы шайқасқа Литваның Шауляй қ. оңт таман 219-атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919 ж. қазанда Қостанайда Қызыл Әскер қатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталған болатын. 312-Ақтөбелік дивизия Малоярославь түбінде жаудың 3-4 дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Жаңа 53-дивизия құрылып, өз жеңісін Вена түбінде аяқтады. 102-Шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ленинград шайқасында ерекше ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Партия ұйымдастырушысы С.Баймағамбетов А.Матросовтың ерлігін қайталап (жау дзодын кеудесімен жауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына 1-ші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. Артилериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышев батылдығымен ерекше көзге түсті. Ал 1942 ж Арыстан Ахметов 19 жауынгермен әскери маңызы бар төбені қорғауда ерлік көрсетті. Жаралы болып, ессіз қалған Арыстанды жау әскері қолға түсіріп азапқа салды. Әскери мәлімет ала алмаған жау оның үстіне жанармай құйып өртеді.1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды.1942 ж. 17-шілдесінен Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 ж-дың күзінде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қаз. даласына жетті. 1943 ж. желтоқсанда белгіленген шекара б/ша Қаз. Сталинград обл-мен Каспий т-нен Александров-Гайға дейінгі 500 км бойында шектесті. Орал қ-да ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Осы Сталинград шайқасында 1942 ж. 19-желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров Боковская-Пономаревка ауд-ғы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза табады. Жамбыл ұлы Алғадай 19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқарып жүріп, Синельниково қ-да ерлікпен қаза тапты. Полковник Ғ.Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді. Минометші Қ.Сыпатаев пен капитан А.Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп өшпес ерлік жасап, қаза тапқаннан кейін оларға Батыр атағы берілді. Ж.Сұраншиев «Ұшқыш партизан отрядының» құрамында жүріп, Лида қ-ғы астыртын жұмысқа қатысты. Рейхстаг терезелеріне алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен офицер Р.Қошқарбаев пен оның досы Г.Булатов болды. Қаз-ның мыңдаған өкілдері Украинаны, Беларусьты, Балтық респ-ын, Молдованы азат етуге қатысты. Міне осындай көптеген қаз-дық азаматтар ерлік жасап, әр түрлі ордендер-медальдармен марапатталды. 142 қаз-дық Солдат ерлігі орденінің толық иегері атанды. Жалпы Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қаз-дықтар саны – 96638. Ал ҰОС-да қаза тапқан қаз-дықтар – 603 мың адам.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]