- •Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.
- •Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы.
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.
- •1929-1931 Жж. Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •1931-1933 Жж. Аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.).
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты- 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды.Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып».
