- •Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.
- •Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы.
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.
- •1929-1931 Жж. Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •1931-1933 Жж. Аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.).
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
19ғ. Қаз-ң мәдени өміріндегі ағартушы-қ ғасыр деп аталады. Қаз-ға ғалымдар,географтар, саяхатшылар, шығыстанушылар келіп жатты. П.П. Тянь-Шаньский ,Н.А. Северцов, И.В. Мушкетов, В.В. Радлов ж/е т.б. өз зерттеулерімен отандық ғылым-ң өркендеуіне зор үлес қосты.и 1847-57ж.ж. Украин ақыны Т.Г. Щевченко Қаз-да айдауда болды. Қаз-н орыс географиялық қоғамы бөлімшелері-ң зерртеу обьектісіне айналды. Мұнда мәдени ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді.Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi.Шоқан Уалиханов (1835-65) Құсмұрын бекінісінде туған.Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Шоқанға Омбыда болған кезде орыс зиялыларымен байланыста болу көп әсер етті.Шоқанмен кадет корпусында бірге оқыған, кейін Қазан университетін бітірген Капустин былай жазды : «Менің ойымша Шоқан көрікті, аса сымбатты , бет –әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттылығын танытып тұратын .Шоқан өз кезеңінің жан-жақты ,аса терең білімді адамы болды.Әсіресе оның тарихи білімі зор болды ж/е ғылым мен әдебиет сала-да зор білімділігімен ерекшеленетін». 1853ж Шоқан кадет корпусын бітіргеннен кейін Сібірге казак әскеріне қызметке жіберілді.1854ж адьютант болып тағайындалды. Үкімет орындарының заңсыз әрекеттеріне Шоқан қатты күйінді. Өзінің достары –Достоевскийге,Маяковке, Курочкинге ,Гудковскийге үкімет орындары-ң озбырлығы жайлы ызалы хаттар жазды. 1856 ж Шоқан Семенов Тянь Шанскиймен танысты. Сол жылы Шоқан Алакөлден Ыстықкөлге, ж\е құлжаға экспедицияға қатысты. Қазақ тарихының қызықты деректерін табу мақсатымен омбы мұрағатында болды. Шоқан 1858 ж Қашғарияға құпия сапарға барды. Марко-Поло мен Гоестен кейін осы онша мәлім емес елге тұңғыш рет барған шоқан «Алтышаһардың н\е Қытайдың Нан Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жағдайы т\ы » деген атақты еңбегңн жазды. Шоқанның ғылыми мұрасы Қаз-ң ж\е көпұлтты Ресейдің басқа да халықтары проблемаларының өзекті тұстарын қамтыды. Ыбырай Алтынсарин(1841-1889) Қостанай облысында туған. 1850 ж Ыбырай шекааралық комиссия жанынан қазақ балаларына ашылған мектепке түсіп оны алтынмен түсірді. Алтынсарин белгілі шығыс зерттеушісі шекаралық комиссияда қызмет еткен Григорьевпен араласып оның бай кітапханасын пайдаланды.Мектепті бітірген соң, кеңсе қызметкері , одан соң Орынбор басқармасында тілмаш болып қызмет атқарды. 1860ж. Обл-қ басқарма оған Орынбор бекінісінде Қазақ бала-на рналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілі мұғалімі етіп тағайындады.1864 ж. 8қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылды. Оқуға 16 бала жазылып, мектеп жанынан сол балалар жатып оқитын интернат ашылды.Қаз-да қыз балаларға білім беру-ң басталуы да Алтынсарин-ң есімімен байл. 1888 ж. Ол Ырғыз қала-да қазақ қыздарын оқытатын интернаты бар мектеп ашты.1891 ж бастап Торғайда, 1893 ж. Қостанайда ,1896 ж. Ақтөбеде интернаты бар қыздар училищелері жұмыс істей бастады. Ы.А. орыс-қазақ мектептері-ң оқушыларына арнап «Қырғыз хрестоматиясы» ж/е «Қырғыз-ға орыс тілін үйретуге алғ. басшылық» атты 2 оқу құралын жазды. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды, аудармалар жасады. Абай Құнанбаев (1845-1904) 10тамызда Семей обл. Шыңғыс тауында туған. Әкесі Құнанбай тобықты руының старшыны болған. Абай алғ-да ауыл молдасынан сабақ алған .Оны кейін әкесі Семейдегі Ахмед-Риза медрессесіне оқуға жібереді.Алайда оқуын бітіртпей , әкесі ел билеу ісіне араластыру мақсатында қайтарып алады. 1886 ж. А-ң өміріне үлкен өзгеріс әкелген жыл болды. Ол алғ рет өлеңіне («Жаз») өз атын қойып, көркем шығармашылыққа толық ден қояды. А. қаламынан өлеңдермен қатар қара сөзбен жазылған ғибраттар «Ескендір» , «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абай жас ұрпақы ғылым-білім үйренуге , адамгершілікке , имандылыққа шақырды. Абай : «әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды » деп жазды. Патша өкіметі-ң отаршылдық саясаты ж/е 19ғ-ң 2 жартысында езгі-ң күшеюі салдарынан халық бұқарасының жағдайы күрт нашарлап, қазақ шаруалар күйзеліске түсті.
Қазақтар-ң көпш. малдан айрылып , кәсіпсіз адамдар тобырын толықтырды.Абай қазақ кедейлеріне тіршілік ету жолын нүсқап, жалпы еңбектің ең прогресшіл нысаны – жалдама еңбектен бойды аулақ салмауға шақырды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. ОлЕуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды.
20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi.
