- •Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.
- •Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы.
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.
- •1929-1931 Жж. Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •1931-1933 Жж. Аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.).
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797ж.ж) Көтерілістің алғышарттары:
-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі
-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы
-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және
Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы
-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.
1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.
1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:
-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.
-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.
-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі. Көтерілісшілердің басты мақсаты:
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.
Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.
1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.
1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.
1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды. Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан 1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды. 1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.
Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты. 1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті. Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты. Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды. Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі. 1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:
-Байұлы; Жетіру; Әлімұлы
Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.
1790 ж- Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.
Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті. Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.
1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.
1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.
Көтерілістің уақытша өрлеуіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.
Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:
-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.
-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру.
Батыр екінші жолды таңдады. Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).
1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.
Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.
1794-Ералы хан қайтыс болды.
1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).
1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.
1797 жылғы 17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.
Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды. 1797 жылғы күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.
Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады. Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:
-сұлтан, старшындардың бір бөлігі-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады.
-Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті. Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты. 1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды. Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді. 1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.
