- •Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.
- •Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы.
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.
- •1929-1931 Жж. Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •1931-1933 Жж. Аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.).
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа бөлінді: ақсүйек және қрасүйек . Ақсүйектерге Шыңғыс ханның ұрпақтары-сұлтандар, төредер, Мұхаммед пайғамбар-ң үрім-бұтақтары қожалар жатты.Шыңғыс хан ұрпақтары туысымен сұлтан тағына иеленіп , бұл әлеуметтік топқа тиесілі барлық ерекше құқықтармен қамт етілді. Сонымен бірге бұл әлеуметтік топтар руға бөлінбеді. Қалған әлеуметтік топтардың бәрі қарасүйектерге жатты. Қарасүйек өз ішінде тайпалар мен руға бөлінді. Қарасүйектерден ерекше құқықтарға иеленгендер тек билер болды. Ру биінің қолында соттық әкімшілік билік шоғырланды. Небір беделді билер құрылтай жиналысқа қатымып хан жанындағы билер кеңесінің құрамында болды. Қазақ қоғамында ешқакндай құқығы жоқ мүшелер –құлдар болды. Олар нег соғыс тұтқындары болды.
Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негізделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз щаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасында әлеуметтік қайшылықтар жиі жиі көрініс тапты. Шаруалар көшіп кету немесе қашып кету арқылы өзінің наразылығын білдірді.
Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстан тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы –егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден бір ауданында сақталып қалды. Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Қазақтар негізінен қой, жылқы, түйе өсірген. Қазақ шаруашылығында мүйізді ірі қара аз болған, өйткені ол жыл бойы бағуға әсіресе қыс кезінде тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Қазақтар-ң мал шаруа-на байл Ш. Уалиханов былай дейді: «Дала көшпелісін ішіп жегізетін де киіндіретін де мал , ол үшін өз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат .Жұртқа мәлім .Қырғыздар бір-бірімен амандасқанда «мал-жан аманба ?» деген сөзденмен ьастаған. Отбасының мал*жайын алдын-ала сұрастыруы көшпенділер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді». Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды. Олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Осыған байланысты тері өңдеп, киіз басуды , құрақ құрауды ,оюарды түрлі түске бояуды білген. Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы әр түрлі болды. Кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды. Бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзеніне қатысты еді. Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды.
XV-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы және оның түрлері.

XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін талдап көрсетіңіз.
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді. Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді. Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған.
XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды. XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарих-и-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.
Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.
Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды.