- •Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.
- •Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы.
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.
- •1929-1931 Жж. Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •1931-1933 Жж. Аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.).
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
1710жылы күзде қазақ жүздері өкілдерінің жиналысы Қарақұмда қаракесек руы көшіп жүретін жерде өтті. Қазақ жасақтарына БӨгенбай батыр жетекші болды. Я. Гавердовскийдің акйтуынша «риза болған халық Бөгенбай батырды жетекшісі ретінде жариялады» Мейердеректеріне қарағанда съезде «хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланған » дейді. Витевский былай деп тұжырымдады: «қазақтардың әйгілі батыры, ақсақалы Бөгенбай Қарақұмдағы жиында халықты қалмақтарға шабуыл жасауға көндірді. Бөгенбай қазақтардың жетекшісі болып сайланды. Ал хан билігі Әбілқайырға берілді». 1713-1717 жылдар ара-да жоңғарлардың қазақтарға соғыс қимылдары өршелене түсті. 1723ж Жоңғар шапқыншылығы XVIII ғасырдың басында Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді.1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бұл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті. Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ қалмақтары және башқұрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағдайда қазақ билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші – Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарын нығайтып, Ресейдің қарауына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты.
