- •Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.
- •Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы.
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.
- •1929-1931 Жж. Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •1931-1933 Жж. Аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.).
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар. Соңғы сақ кезеңі – б.з.б. V-III ғасырлар.Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды. Зерттеушілер сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің 2 тобы: грек рим авторларыныңшығармалары ( Геродот, Страбон, Ксенофонт) және парсы жазба деректері (Бехистун) белгілі. Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:Гректер – азиялық скифтер;Парсылар – құдыретті еркектер;Ирандықтар – жүйрік атты турлар.Сақ тайпаларының негізгі үш тобы:Парадария (теңіздің арғы жағындағы сақтар).Мекені: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.тиграхауда (шошоқ бөрікті сақтар). Мекені: Сырдырияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар).Мекені: Мургап аңғары. Б.з.б. VII-IV ғасырлар – сақ тайпалар одағы құрылды.Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық.3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:Жауынгерлер-қызыл түс.Абыздар-ақ түс.Қауым мүшелері-сары және көк түс.Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің патшайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті.Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды. Археологиялық ескерткіштерден сақ тайпаларының обалары мен қоныстар белгілі. Іле өзенінің сол жағындағы Есік қаласының түбіндегі «Алтын адам » табылған обаның және өзеннің оң жағындағы Бесшатыр обаларының зерттелуі Қазақстан тарихындағы сақтар мәдениетінен тарихтың жаңа беттерін ашты. Бесшатыр обасы жерлеу салтының өзіне тән ерекшеліктерін көрсетті. Обаларды тарих ғылымының докторы, археолог К.Ақышев зерттеген. Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде жақсы зерттелген. Мәселен Шілікті ойпатындағы атақты сақ обалары, Тасмола мәдениеті. Ғалым археолог М.К.Қадырбаевтың зерттеуі бойынша, Тасмола мәдениетінің ескерткіштері және «мұртты» обалар темір ғасырының 7-3 ғасырына жатады. Шаруашылығы: б.з.б. I мың ж. ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең тарады.Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Сақтар мал шаруашылығының үш түрін үйлестірді:Көшпелі мал шаруашылығы – батыс және орталық Қазақстанда.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі,Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде.Отырықшы мал шаруашылығы – Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында.Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылығы басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды.Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында түйе өсіру кең тарады. Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты – қой өсіру. Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен айналысты.Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар – Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен қолөнер жоғары дәрежеде дамыды. Шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.Б.з.б. ҮІІғ- Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның Оңт. Скифтік – Сібірлік «аңдық стиль» деп аталған өнерпайда болды. Аңдық стиль өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерде алғаш рет «Өмір ағашы» атанған арыстан бейнесі тараған.
