Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
novy_shpor_kaz_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
986.62 Кб
Скачать
  1. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).

Археологиялық зерттеулер қазіргі Қазақстан территориясынан 6-12 ғасырлардағы жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті болғандығын анықтап отыр. Түркілердің жазуы да болған. Бұл жазу ғалымдардың пікірінше, соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазуларының ескерткіштері Моңғолия жерінде табылды. XII ғасырда соғды жазуына негізделіп жасалған түріктердің жаңа жазуында 38 әріп-таңба болған. Көне түріктердің негізгі жазуы руна жазуы деп аталған. Бұл жазу скандинавиялық руна жазуына ұқсас. XVIII ғасырдың басында жазуды алғаш рет Д. Миссершмидт пен Ф. Страленберг атты ғалымдар Енисей аңғарынан тапқан. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш болып саналатын руна жазуы бар құлпытас XIX ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзені маңынан Н. М. Ядринцев тапқан. Құлпытастағы жазуды түркітанушы В. В. Радлов пен дат ғалымы В. Томсон оқыған. Бұл жазу «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады. «Орхон-Енисей тас жазуы». Бұл ескерткіш көне түрік руна жазуымен жазылған. Ескерткіш құлпытастар 689–744 жылдардағы Ұйғыр және Түрік қағанаттарының өмір сүрген кезінде орнатылған. Құлпытастар Білге қаған, оның інісі Күлтегін (732–735), кеңесші Тоныкөктің (716 жылы) құрметіне қойылған. Құлпытаста түрік дәуіріндегі батырлар мен ұлы адамдардың ерлігі, өмірі жайында жазылған. «Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды. ...Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады,»  - деп жазады Л.Н. Гумилев  «Көне  түріктер»  атты еңбегінде. Ортағасырлық тарихи әдебиеттің тамаша үлгілері – VIII ғасырда Қазақстандағы руна жазуының ескерткіштері. Олар екі топқа бөлінеді: Жетісулық жазулар тобы, Ферғаналық қыштағы жазулар тобы.

XI-XII ғасырлардан кейін түрік мемлекеттерінде көне түрік руна жазуын ұйғыр жазуы мен араб жазуы ығыстырды. Түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.

Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошақ басы құдайы Ұмай анаға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі. Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық-саяси және мәдени орталықтарының бірі Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай кітапханалардың бірі болды. Арабтар Отырарды кезінде Фараб деп те атаған. Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбент) 8-9 ғасырларда пайда болды. Тараз қаласы 7-ғасырда Ұлы Жібек жолындағы аса ірі мәдени орталықтардың біріне айналды. Византия елшісі Земархтың түріктерге барғаны туралы есебінде Тараз қаласы аталған. Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды. Ол 1629 жылы Сюань-цзянның жылнамасында «ақ өзендегі қала» атымен алғаш рет аталады. Махмұд Қашғари былай дейді: «Сайрам ақ қаланың аты, ол – Испиджаб». Қалалардың қаулап өсуіне байланысты 6-9 ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілері туындады. Бертін келе 10-12 ғасырларда құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазурь бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды. Әсіресе Қарахан әулеті билік етіп тұрған кезде Қазақстан территориясында архитектура, сәулетшілік өнері, қолөнер мейлінше дамыды. Бұған Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (10-ғасыр) және 11-12 ғасырларда салынған Айша-бибі мавзолейлері т.б. дәлел. Бұлар сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]