- •Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.
- •Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы.
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.
- •1929-1931 Жж. Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •1931-1933 Жж. Аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.).
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
Оғыз мемлекеттік бірлестігі, 9 – 11 ғ-ларда Қазақстан жерінде өмір сүрген. Негізгі аумағы Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төм. бойына дейінгі аралықты қамтыды. Оңт-те Хорезм, Мауераннахр және Хорасанмен шектесті. Бат. Түрік және Түркеш қағандықтары құлағаннан кейінгі тайпалар арасындағы өзара күрес пен Қарлұқ қағандығының құрылуымен байланысты Бат. Жетісу жерін мекендеген оғыз тайпалары 8 ғ-да бұл өңірден көше бастады (қ. Оғыздар). Үлкен Күлтегін жазуында : «Күлтегінді жерлеу салтына қатысқан түрік тайпаларының ішінде Түргеш қағаннан Бақыраш мөрші келді деп жазылса, онымен қатар оғыз білге мөршісінің де келгендігі жазылған.Мұндағы мөршінің немесе шебердің оғыздардан шыққандығына қарағанда оғыз сөзінің тасқа жазылуға дейін-ақ қалыптасып, белгілі бір әулеттің атынан келіп тұрғандықты көрсетеді. » Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі «Дивани луғат ат түрікте» Оңтүстік Шығыс Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстық көлмен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, яғма, жігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі.10 ғ-да О. м-нің астанасы болған Жаңакент қ. Еуропа мен Азияны жалғастыратын маңызды керуен жолы торабына орналасты. Жаңакент арқылы маңызды керуен жолдары қимақтар еліне, Хорезм мен Мауераннахрға өтті. О. м-нің жоғары билеушісі “жабғу” (ябгу) деп аталды. Олардың “күл-еркіндер” деген кеңесшілері болды. Жабғу ресми түрде сайланып қойылғанымен, билік атадан балаға мұраға қалып отырды. Дегенмен, басқарудың әскери-демокр. түрі сақталғандықтан, жабғудың билігі тайпа көсемдері кеңесімен шектелді. Мемлекетте тұрақты алым-салық жүйесі болды. О. м. Еуразияның саяси, әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 ж. Оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға қарсы әскери одақ жасалып, нәтижесінде Хазар қағандығыталқандалды. Хазар қағандығының құлауы О. м-нің саяси қуатының өсуіне себепші болды. 10 ғ-дың аяғында оғыз жабғулары Киев князьдерімен біріге отырып, Еділ бұлғарларын күйрете жеңді. Бірақ 11 ғ-дың басында О. м-нде ішкі саяси-әлеум. қайшылықтар туып, әлсірей бастады. Бұл жағдайды Жент маңына 10 ғ-дың орта кезінде келіп қоныстанған салжұқтар пайдаланды. Салжұқтар Жент қ-н басып алғанымен, ұзақ уақыт ұстап тұра алмай, кетуге мәжбүр болды. Көп ұзамай оғыздар қайта күшейіп, 1041 ж. Хорезмді басып алады.Алайда 2 жылдан кейін оғыз жабғуларының соңғысы Шаһмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтарға қарсы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстар мен қақтығыстар О. м-н іштей әлсіретіп, ол қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бір бөлігі Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауераннахрдағы Қарахан әулетінің және Хорасандағы салжұқ билеушілерінің қол астына көшті.Қалғандары 11 ғ-дың ортасында Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына бірте-бірте сіңісіп кетті. Оғыздар көшпелі мал ш-мен айналысты, Сырдария алқабындағы қалаларда дәнді дақыл егіп, бау-бақша өсірді. Олардың көпшілігі отқа табынушылар болды. Сонымен бірге оғыздар арасында бірте-бірте ислам діні тарай бастады. Сырдария алқабындағы, Арал т., Каспий т-нің солт-ндегі жерлерді мекендеген оғыз тайпалары қазақтардың этн. тарихында елеулі рөл атқарды. Тарихи аңыздарда олар қазақ, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтары аталарының бірі саналады. Шаруашылығы: Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Оғыздардың бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспиймаңындағы далаға көшетін болды. Әл-Бируни оғыздардың қара күзде Хорезм шекараларына таяу көшіп келетінін жазады және олардың енді бір топтарының қимақтар елінде Манқұр көліне таяу жерде151 (Ұлытау баурайы) кәшіп жүретінін айтады. Ибн Фадлан мен Гардизи X ғасырда оғыздар мен қимақтардың жер қайыстырған қалың жылқы өсіргенін жазады. Оғыздардың күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болды. IX ғасырда әл-Йакуби көшпелі түріктер «көбіне жабайы аң-құстың етін жейді» деп жазды. Оғыздарда уй кәсіптері мен қолөнерінің ең дамыған түрі мал өнімдері мен шикізаттарын өндеу және қайта өндеу болды.
