Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
novy_shpor_kaz_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
986.62 Кб
Скачать

  1. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.

Тарих (араб сөзі - зерттеу, оқиғалар) заманалар туралы шежіре шертеді.Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Қазақстан тарихының негізі адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам — табиғат — қоғам). Ол адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен қазіргі кезге дейінгі кезеңдерімен таныстырады. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды, Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар - осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді -өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:

  • ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;

  • пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;

  • тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

  1. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.

Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д.800-140мың жыл) кезеңіне жатады. 1958жыл-археолог Х.Алпысбаев Қаратау жотасынан (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты. Қазақстан бойынша көне дәуірлердің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап, олардың аты-жөні, заты туралы хабар беріліп отырған, Түркістан әуесқой археологтар қоғамының атқарған ісі зор болған. Бұл қоғам академик В.В.Бартольдтың инициативасы б-ша 1895 жылы құрылған. Үйірменің көрнекті қайраткерлері Н.С.Лыкошин, И.А.Кастенье,Ф.И.Педашенко, И.С.Назаровтар Қазақстанның әр жерінен табылған тас құралдары туралы есепті хабар беріп, алғашқы қауымдық құрылыстың Қазақстанда болғандығы жайлы баяндайды.

Ал, тас дәуірі ескерткіштерін ғылыми түрде зерттеу 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін басталды. 30 жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты тас дәуірінің қоныстарын М.Грязнов пен И.Синицин тапқан.

А)Ерте палеолит дәуірі.Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды. Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611тас құрал табылды.Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:

Оңтүстік Қазақстан: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Ш.Уәлиханов,атындағы тұрақ, Арыстанды, Қарасу;

Б)Орта палеолит Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды.1938ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерьталдық баланың қаңқасы табылды. (антрополог Герасимов)

В)Кейінгі палеолит дәуірі Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Тас құралдарын жасау тәсілі - ретушьтік. Осы кезеңде еңбек құралдарының 20- ға тарта түрі болған.Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас;Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор;Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек;Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай;

В) Мезолит дәуірі Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек(20 шақты тұрақтар).Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң – құстар пайда болды, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Ф.Энгельс «садақ және жебе-өте күрделі құрал, оны жасау үшін ұзақ мерзім мен қабілеттілік керек » деген. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды.Мезолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері: Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка. Г) Неолит дәуірі Бұл кезеңде экономиялық және қоғамдық өрлеу бастады: Жабайы жануарларды қолға үйрету;Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу; Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру;Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» дап аталды. Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.Бұл кезең – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. 1926ж Грязнов пен Комаров Қазақстанның солтүстік аудандарының алғашқы неолиттік қоныстарын зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолиттік кезеңнің ескерткіштерін тауып, оларға ғылыми зерттеу жүргізуде археолог ғалым С.Черниковтың еңбегі зор. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында Қызылорда облысының жерінде неолит кезеңінің қоныстарын зерттеуде «Хорезм» археологиялық экспедициясының меңгерушісі С.П.Толстовтың еңбегі айтарлықтай. Жасыбай көлінің жағасынан адамдар тұрағы болған апанды тауып, оның Жаңатас дәуіріне жататындығын дәлелдеп сипаттама берген П.Драверт болды. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдаряшма мен кварциттен жасалған. Бетпақдалада В.А.Селвин, Жезқазғанда А.Валукинский, Арал теңізінің солтүстік жағасында жер қыртыстарын тексеретін ғалым Ғ.А.Яншин және археолог А.А.Формазовтардың жаңа тас дәуірін зерттеудегі еңбектері зор. Сондай – ақ жаңа тас дәуірінің соңғы кезеңіндегі қоныстарын тауып, Қазақстан археологиясына жаңалық қосып отырған археолог Л.А.Чалаяның еңбегін атап өткен жөн.Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

Бұлақ бойындағы тұрақтар;Өзен жағасындағы тұрақтар;Көл жиегіндегі тұрақтар;Үңгірдегі тұрақтар.Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің – ашық үлгідегі тұрақтар. Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Шығыс Қазақстан: Нарым, Қызылсу, Сатшықыз. Солтүстік Қазақстан: Қаратомар, Иман-Бүрлік, Дамсы, Ботай. Батыс Қазақстан: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс

Д)Энеолит дәуірі. Ерекшеліктері: тастан жасалған еңбек құралдарының ығыстырылуы, мыс еңбек құралдарының жасалуы, клаиматтың ылғалды болуы.Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы энеолит (мыстытас) дәуірінен басталады. Академик Ә.Марғұлан жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігіненбірнеше тас дәуірінің қоныстарын тапқан, әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан. Ботай мәдениеті Ақмола облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталғанг. Бұл мәдениет Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды. (б.з.б. III-II мың ж. аралығы). Ботай мәдениетін археолог В.В.Зайберт ашты.

  1. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері. Б.з.б. II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы-қола (мыс пен қалайының қорытпасы). Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдары ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мың ж.)Қола дәуірінің кезеңдері:1. Ерте қола дәуірі (федоров кезеңі)- б.з.б. XVIII-XV ғасырлар; 2. Орта қола дәуірі (алакөл кезеңі)- б.з.б. XV-XIII ғасырлар; 3. Кейінгі қола дәуірі (замараев кезеңі)- б.з.б. XIII-VIIIғ

Ерекшеліктері:Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілу(қола металургиясы); Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі – бақташылық мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады. Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі – Кеңес өкіметінің кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылды. 1933 ж СССР Ғылым академиясының материалдық мәдени институтының Орталық Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырған «Нұра» экспедициясының көрнекті мүшелері П.Рыков, М.Артамонов, М.Грязнов, К.Арзютов, И.Синицин сияқты ғалымдардың сіңірген еңбегі зор. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономиялық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті.Бұл дәуірде Қазақстан даласын, ОңтСібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған ОңтСібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- андронов мәдениеті деген атау болды(1914ж. археолог Б.В. Андриновтың қазба жұмысы (А.Я.Тугаринов). 1927ж. -археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштері Батыс Қаз-нан тапты. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар – Ә.Х. Марғұлан, К.А.Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, А.М.Оразбаев. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы- Орт.Қаз. Бұл өңірдің 30- дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді. Солтүстік және Бат.Қаз-да 150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым табылды. Ең ежелгі қала- Арқайым қаласы(Қостанай мен Челябі облыстарының шекарасы).Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған.Олар негізінен бидай, қарабидай және тары өсірді. Андроновтықтардың баспанасы – жертөле және жартылай жер бетіндегі үйлер. Беғазы Дәндібай мекенін зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик,оқымысты, тарихшы, этнограф Ә.Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Б - Д мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды.

Ә.Марғұланныңанықтауынша, Б - Д мәд-ң ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]