|
|
Техникалық және кәсіптік білім беру Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ МКК «Медициналық колледж» |
|
Техническое и профессиональное образование ГКП на ПХВ медицинский колледж Управление здравоохранения г.Алматы |
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен ОӘК ЦӘК «Медбике ісі» |
||
Пән: «Медбикелік ісі негіздері» |
ЦӘК «Медбике ісі» |
№ 8 тәжірибелік сабақтың тақырыбы: «Артериальды қан қысымын бақылау». |
Мамандығы:«Медбикелік іс» |
ЦӘК «Медбике ісі» оқытушысы: |
Курс -1, семестр - 2 Курс -2, семестр - 4 |
Сабақ түрі: жаңа білімді жетілдіру сабағы
Сабақ типі: дәстүрлі сабақ
Өткізілу уақыты: 270 минут
Сабақ мақсаты:
Білімділік: теориялық білімдерін меңгерту, артериальды қан қысымын бақылау бойынша білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Мамандыққа деген жауапкершілікке тәрбиелеу, ауыр жағдайдағы науқастарға жақсы қарым-қатынаста болу.
Дамытушы мақсат: Науқаспен қарым-қатынасты дамыту, өзіндік бақылауды дамыту.
Пән аралық қатынас:
«Коммуникация негіздері» - «Қарым-қатынас дағдылары тақыры бойынша».
«Адам физиологиясы» - «Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы»
«Патологиялық физиология» - «Жүрек-қан тамыр ауырулары»
«Қалыпты анотомия»- «Артериальды және венозды тамырлар».
Пән ішіндегі қатынас:
Медбике ісі негіздері тақырыптар:
«Медбикелік қарым-қатынас»
«Медбикелік этика-деонтология»
«Пациенттің жеке бас гигиенасы»
«Жүрек- қантамыр ауруларындағы көмек».
САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ КЕЗЕҢІ
№ |
Сабақ кезеңі |
Оқытушының іс-әрекеті |
Студенттің іс-әрекеті |
Мақсат |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастырушы кезең |
Сабаққа қатысуын түгендеу, Сабақтан қалған студенттердің себебін анықтау. Сыртқы түрін бақылау |
Староста айтады. Студенттер оқытушының ескертуін ескереді |
Жұмысқа көңіл бөлу |
5 мин |
2 |
Түсініксіз сұрақтарды анықтау Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру |
Үй тапсырмасын орындау кезінде кімде қандай қиыншылықтар болғанын анықтау. Түсініксіз сұрақтарды талдау. Сұрастыру жүргізу |
Сұрақтар қояды |
Түсініксіз сұрақтарды анықтау |
45 мин |
3 |
Жаңа тақырыпты талдау. |
Жаңа тақырыпты талдау. Студенттерге керектігін және маңыздылығын айту |
Тыңдайды, жауап береді, бір-бірін толықтырады. |
Тақырыптың маңыздылығын айту |
5 мин |
4 |
Сабақтың мақсатын анықтау. |
Студенттерге сабақты ң мақсатын айтады.(нені білу керек, нені жасай алу керек) |
Білімдерінің жетістіктерін дәптерге жазып отыру |
Қорытындыны көрсету. |
5 мин |
5 |
Бірінші тақырыпшаны талдау:«Артериальды гипотензия», «артериальды гипертензия», «қауіпсіз қан қысымы» туралы түсіндіру.
|
Артериальды гипотензия,артериальды гипертензия,қауіпсіз қан қысымының негізгі принциптерін айту |
Тыңдайды сұрақ қояды |
Жаңа тақырыпты меңгеру |
20 мин |
6 |
Бекіту |
Жаңа тақырыптың теориялық материалын таратады. Әр түрлі ситуацияларды ұсынады |
Теориялық материалды оқиды, ситуацияларды шешеді, өзінің ситуацияларын ұсынады |
Түсіну,жаңа материалды меңгеру және бекіту |
|
7 |
Екінші тақырыпшаны талдау: «Систолалық және диастолалық артериальды қан қысымының қалыпты көрсеткішін айқындау».
|
Систолалық және диастолалық артериальды қан қысымының қалыпты көрсеткіштерінің негізгі принциптерін айту
|
Тыңдайды, есте сақтайды, систолалық және диастолалық артериальды қан қысымының қалыпты көрсеткіштері бойынша сұрақтар қояды |
Түсіну, жаңа тақырыпты меңгеру |
30-35 мин |
8 |
Студенттердің өзіндік жұмысы
|
Қиыншылықтар болған жағдайда кеңес беру, техникасын дұрыс көрсету |
Систолалық және диастолалық артериальды қан қысымының қалыпты көрсеткіштерін анықтайды
|
Материалды бекіту |
60 мин |
9 |
Үшінші тақырыпшаны талдау:«Артериальды қан қысымының өзгерісін сан түрінде параққа жазу және температуралық параққа графикалық түрде жазу».
|
Артериальды қан қысымының өзгерісін сан түрінде параққа жазу және температуралық параққа графикалық түрде жазуды айту және көрсету |
Тыңдайды, есте сақтайды, температуралық парақты толтыру бойынша сұрақтар қояды |
Түсіну, жаңа тақырыпты бекіту |
45 |
10 |
Артериялық қан қысымын температуралық парақта және журналда жазып көрсету |
Қиыншылықтар болған жағдайда кеңес беру, техникасын дұрыс көрсету. |
Температуралық парақты толтырып көрсету |
Тренажерларда техниканы көрсету |
60 мин |
11 |
Тақырыпты қорытындылау |
Топтың іс-әрекетін бағалау |
Тыңдайды, Талқылайды |
Іс-әрекет стимуляциясы |
10 |
12 |
Үй тапсырмасы |
Үй тапсырмасын айту |
Тапсырманы жазып алу |
|
5 |
АҚПАРАТ БЛОГЫ
Артериялық қысым, оны өлшеу тәсілі.
Артериялық қысым – жүректің жиырылып, босаған кездеріндегі қан тамырлары қабырғасындағы қан қысымы.
Қан қысымы 3-ке бөлінеді:
Систолдық ең жоғарғы;
Диастолдық ең төмендегі;
Пульстік ортаңғы.
Систолдық қысым – ол жүрек қанды қолқаға айдап жиырылған сәтте қан қысымының жоғарылауы.
Диастолдық қысым – ол жүрек босаңсыған кезде қан қысымының төмендеуі.
Пульстік қысым – ол систолдық және диастолдық қысымның айырмасы.
Қысымның қалыпты жағдайы жасқа байланысты, үлкен адамдарда қысым 140/90 - 100/70 мм с.б. дейін болады.
Қан қысымының төмендеуі, гипотония деп аталады.
Қан қысымының көтерілуі гипертония деп аталынады.
АҚ жүректің кан шығару мөлшеріне, жалпы перифериялық тамыр кедергісіне, жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. АҚ - ды өлшеу сау адамдардың, сондай-ақ науқастардың гемодинамикасының жағдайын бақылаудағы манызды тәсіл болып табылады. АҚ-ды өлшеуді тіке және тіке емес тәсілдермен жүргізуге болады. Тіке тәсіл - бұл манометрдің датчигін қан тамыр жүйесіне енгізу. Бұл тәсіл ірі тамырлардағы немесе жүректің қуыстарындағы қысымды анықтау мақсатында катетрлеу кезінде қолданылады. Әдеттегі тәжірибеде АҚ-ды 1905 жылы орыс хирургы Н.С. Коротковпен ұсынылған тіке емес аускультативті тәсілмен сфигмоманометрді (тонометрді) қолдану арқылы өлшейді. Сфигмоманометр манжетпен және алмұрт тәріздес резеңке баллонмен біріктірілген сынаптық немесе көбінесе серіппелі манометрден тұрады. Ауанын манжетке енуі манжеттегі қысымды сақтап және жайлап түсіруге мүмкіндік беретін арнайы тетікпен реттелінеді. АҚ миллиметрлік бөлімдері бар циферблатгың қозғалатын тіліне берілетін серіппенің кедергі күшімен өлшенеді. АҚ-ның мөлшерін Медбике температуралық паракқа қызыл түсті бағаналар түрінде АҚ шкаласына сәйкес белгілейді.АҚ-ды әдіспен өлшеуге болады. Бұл әдіс АҚ көрсеткіштерінен басқа тамыр қабырғасының жағдайын, тамырдың серпілгіштігін, қан айналымының жылдамдығын бағалауға мүмкіндік береді. Сигналды компьютерлік өңдегенде жүректің жиырылу көлемі (ЖК), минөттік көлемі (МК), жалпы перифериялық тамыр кедергісінің (ЖПТК) мөлшері және олардың бір-біріне сәйкестігі есептелінеді.
Үлкен адамның систолалық АҚ - ның қалыпты деңгейі 100-ден 139 мм.с.б. дейін тербеледі, диастолалық- 60-тан 89 мм.с.б. дейін.
140/90 мм.с.б. деңгейінен бастап және одан жоғары АҚ жоғары (артериялық гипертензия немесе артериялык гипотония), 100/60 мм.с.б. аз АҚ төмен деп саналады (артериялық гипотензия). АҚ-ның күрт көтерілуі гипертониялық криз деп аталады. АҚ-ның тез көтерілуінен басқа ол қатты бас ауруымен, бас айналуымен, лоқсумен және құсумен көрінеді.
18 жастан жоғары адамдардағы АҚ деңгейінің жіктелуі (артериялық гипертензия бойынша ВОЗ, МОАГ, ЛЧС VI және Ресейдің ұлттық ұсыныстарына сәйкес, 2001) мына кестеде берілген.
АҚ деңгейлерінің жіктелуі:
АҚ категориясы САҚ ДАҚ
мм с. Б. мм с.б.
Қалыпты АҚ категориялары
Оптимальды <120 <80
Қалыпты <130 <85
Жоғары қалыпты 130-139 85-89
Жоғары А) категориялары
Артериялык гипертензия
1 дәреже 140-159 90-99
2 дәреже 160-179 100-109
3 дәреже >180 >110
—_Жекеленген систолалық гипертензия > 140 <90
Егер САҚ мен ДАҚ мәндері әртүрлі категорияға жатса, онда неғұрлым жоғары категория белгіленеді.
Артериялық гипертензиясы бар науқастың күтімі кезінде науқастардың емдік-қорғау тәртіптің талаптарын сақтауына қатал көңіл бөлу керек, өйткені теріс эмоциялар, жүйке- психикалық күш түсулер, нашар ұйқы ауру ағымын нашарлатуы мумкін.
Гипертониялық криз дәрігердің шұғыл араласуын және гипотензивтік дәрілердің енгізілуін қажет етеді, өйткені ол бас миы (инсульт) мен жүрек қан айналымының бұзылуымен (инфаркт) асқынуы мүмкін. Дәрігер келгенше науқасты тыныштандыру, таза ауа ағынын арттыру қажет, аяққа ыстық ванна және қолға жылы ванналар жасауға болады. (судың температурасы 37 - 40°С).
Артериялық гипотензия сау адамдарда да, әсіресе астениктерде кездесуі мүмкін, бірақ жүректің қан шығару көлемінің, тамыр серпілгіштігінің төмендеуімен, айналымдағы қан көлемінің азаюымен өтетін қауіпті аурулардың белгісі де болуы мүмкін (миокард инфаркты, қан кету, шок, коллапс). Артериялық гипотензия жедел дамыған науқастың бас миына қанның келуін жақсарту үшін оны жатқызу керек, аяқ жағын сәл көтеру қажет, дәрігердің тағайындауы бойынша сәйкес дәрілік заттарды енгізу керек
