- •Рентген суреттердің сипаттамасы Рентген сурет 1.
- •Рентген сурет 2.
- •Рентген сурет 3.
- •Рентген сурет 4.
- •Рентген сурет 5.
- •Рентген сурет 6.
- •Рентген сурет7.
- •Рентген сурет 8.
- •Рентген сурет 9.
- •Рентген сурет 10.
- •Рентген сурет 11.
- •Рентген сурет 12
- •Рентген сурет 13
- •Рентген сурет 14
- •Рентген сурет 15
- •Рентген сурет 16
- •Рентген сурет 17
- •Рентген сурет 18
- •Рентген сурет 19
- •Рентген сурет 20
- •Рентген сурет 21
- •Рентген сурет 22
- •Рентген сурет 23
- •Рентген сурет 24
- •Рентген сурет 25
Рентген сурет 6.
Ауыз іші арқылы жоғарғы жақ тістеріне тікелей жасалған рентген сурет. Диагностикалық рентген сурет. Сүйір тіс асқынған тісжегімен емделген. Түбір өзек жартысына дейін пломбыланған. Түбір ұшы аймағында жиектері тегіс емес деструкция ошағы бар.
Бірінші кіші азу тіс эндодонтиялық емдеу сатысында. Эндодонттық аспаптар түбір сыртына шығып тұр. Түбір ұшында периодонт саңылауы кеңейген.
Екінші кіші азу тіс эндодонтиялық емдеу сатысында. Эндодонттық аспаптар түбір ішінде. Түбір ұшында периодонт саңылауы кеңейген.
Диагноз: сүйір тісте периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы, бірінші және екінші кіші азу тісте периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы.
Рентген сурет7.
Ауыз іші арқылы төменгі үлкен азу тіске тікелей жасалған рентген сурет. Үлкен азу тіс плобыланған, асқынған тісжегімен емделген. Түбір өзектері түбір ұшына дейін обтурацияланған. Дистальді түбір ұшында периодонтальді саңылауы біркелкі кеңейген. Медиальді түбір ұшындағы периодонтальді саңылау өзгеріссіз.
Диагноз: төменгі үлкен азу тісте периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы.
Рентген сурет 8.
Ауыз іші арқылы төменгі жақ шайнау тістеріне тікелей жасалған рентген сурет. Бірінші үлкен азу тісті ерте жұлып тастағандықтан екінші кіші азу тіс дистальді бағытқа қисайған, ал екінші үлкен азу тіс медиальді бағытта қисайған. Екінші үлкен азу тіс интактілі, периодонт саңылауы өзгеріссіз. Екінші кіші азу тістің медиальді бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан. Түбір ұшында сүйек тінінің дөңгелек пішінді шекарасы айқын ыдыррауы байқалады.
Диагноз: екінші кіші азу тісте периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы.
Рентген сурет 9.
Ауыз іші арқылы жоғарғы жақ тістеріне тікелей жасалған рентген сурет. Бірінші үлкен азу тіс интактілі.
Екінші кіші азу тіс асқынған тісжегімен емделген. Түбір өзегі түбір ұшына дейін пломбыланған, периодонт өзгеріссіз. Пломба мен қуыстың жиегі арасында саңылау бар, пломба салбыраңқы.
Бірінші кіші азу тіс сауыты қызыл иек деңгейінде бұзылған. Түбір өзегі түбір ұшына дейін пломбыланған, түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы кеңейген.
Диагноз: жоғарғы бірінші кіші азу тісте периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы.
Рентген сурет 10.
Ауыз іші арқылы төменгі алдыңғы тістеріне тікелей жасалған рентген сурет. Ортаңғы күрек тістің түбір ұшында дөңгелек пішінді шекарасы айқын сорылу ошағы бар, көлемі 0,8х0,6 см. Эндодонттық өңдеу барысында түбір өзегінің латеральді қабырғасы перфорациаланған, нәтижесінде сапасыз пломбыланған. Гуттаперча штифті тісаралық саңылауға шығарылған.
Көрші тістер интактілі.
Диагноз: орталық күрек тісте периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы, тіс түбірі қабырғасының перфорациясы.
Рентген сурет 11.
Ауыз іші арқылы төменгі жақ тістеріне тікелей жасалған рентген сурет. Бірінші үлкен азу тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан. Медиальді түбір ұшы проекциясында шекарасы айқын емес сүйек тінінің сорылуы ошығы бар.
Көрші тістер интактілі.
Тіс аралық қалқан сүйектің кортикальді пластинкасы сорылған, тіс аралық қалқан сүйек тінінің деструкциясы түбірдің 1/3 деңгейінде. Бірінші үлкен азу тістің бифуркация аймағында сүйек тінінің деструкциясы анықталды.
Диагноз: бірінші үлкен азу тісте периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы, пародонттың созылмалы қабынуының жеңіл дәрежесі.
