- •Рентген суреттердің сипаттамасы Рентген сурет 1.
- •Рентген сурет 2.
- •Рентген сурет 3.
- •Рентген сурет 4.
- •Рентген сурет 5.
- •Рентген сурет 6.
- •Рентген сурет7.
- •Рентген сурет 8.
- •Рентген сурет 9.
- •Рентген сурет 10.
- •Рентген сурет 11.
- •Рентген сурет 12
- •Рентген сурет 13
- •Рентген сурет 14
- •Рентген сурет 15
- •Рентген сурет 16
- •Рентген сурет 17
- •Рентген сурет 18
- •Рентген сурет 19
- •Рентген сурет 20
- •Рентген сурет 21
- •Рентген сурет 22
- •Рентген сурет 23
- •Рентген сурет 24
- •Рентген сурет 25
|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ОҚКЕ 2 КЕЗЕҢ |
||
Рентген суреттердің сипаттамасы Рентген сурет 1.
Ауыз іші арқылы тіске тікелей жасалған рентген сурет. Ортаңғы күрек тістің жанасу беттері пломбыланған,периодонтта өзгеріс байқалмайды. Бүйір күрек тіс асқынған тісжегімен емделген, медиальді бетінде пломба сақталған. Түбір өзек ұшына дейін толтырылмаған.Түбір ұшы дистальді бағытта қисайған. Түбір ұшында периодонт саңылауы кеңейген. Сүйір тіс жасанды сауытпен қапталған, периодонтта өзгеріс жоқ.
Диагноз: периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы, жоғарғы жақтың бүйір тісінде
Рентген сурет 2.
Ауыз іші арқылы төменгі үлкен азу тістерге тікелей жасалған рентген сурет.Екінші үлкен азу тіс асқынған тісжегімен емделген. Пломба шайнау бетін түгел қамтиды.Тістің медиальді түбір өзегі 2/3 бөлікке дейін толтырылған. Түбір ұшы аймағындасүйек тінінде дөңгелек пішінді, шекарасы айқын сорылу ошағы бар. Дистальді түбір өзектің сағасында пломбалық материалдың ізі бар, түбір ұшында периодонтальді саңылауы кеңейген. Түбір бифуркация аймағында сүйек тінінің деструкциясы бар. Үшінші үлкен азу тістің шайнау бетінде пломбасы бар, периодонт саңылауы өзгеріссіз.
Диагноз: төменгі жақ екінші үлкен азу тісіндегі периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы.
Рентген сурет 3.
Ауыз іші арқылы төменгі үлкен азу тістерге тікелей жасалған рентген сурет. Төменгі бірінші үлкен азу тістің диагностикалық рентген суреті, эндодонтиялық емдеу сатысында. Түбір өзектерінде эндодонттық аспаптар бар. Эндодонттық аспаптар дистальді түбір сыртына шығып тұр, түбір сыртында шекарасы айқын, пішіні сопақша сорылу ошағы бар. Медиальді түбірдің периодонтальді саңылауы кеңейген. Түбір бифуркация аймағында сүйек тінінің ыдырауы анықталды.
Екінші үлкен азу тіс пен екінші кіші азу интактілі.
Алтыншы және жетінші тістер арасында тіс аралық қалқан сүйектің кортикальді пластинкасы сақталмаған, қалқан сүйектің деструкциясы байқалады.
Диагноз: төменгі үлкен азу тісте периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы.
Рентген сурет 4.
Ауыз іші арқылы жоғарғы күрек тістерге тікелей жасалған рентген сурет. Ортаңғы күрек тістің латеральді жанасу бетінде тіс қуысымен байланыспаған тісжегі бар. Бүйір күрек тістің медиальді жанасу бетінде IV класс бойынша, тіс қуысымен байланысқан тісжегі бар. Бүйір күрек тістің түбір ұшында сүйек тіні ыдыраған. Көлемі 0,6х0,7 см біркелкі жоғары интенсивті ошақ. Тістің түбір ұшы резобцияға ұшыраған. Түбір өзек пломбыланбаған.
Диагноз: кистагранулема жоғарғы бүйір күрек тісте
Рентген сурет 5.
Ауыз іші арқылы төменгі үлкен азу тіске тікелей жасалған рентген сурет. Бұрын асқынған тісжегімен емделген. Шайнау бетінде пломба жартылай бұзылған. Түбір өзектерінде пломбалық материалдың ізі бар. Түбір айналасындағы сүйек тінінде дөңгелек пішінді сорылу ошағы бар, жиектері тегіс, көлемі 0,5 х 0,6 см, медиальді түбір ұшы аймағында жиектері тегіс емес сүйек тінінің деструкциясы анықталды.
Диагноз: төменгі жақ үлкен азу тісіндегі периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы.
