- •Ақ«Қазақстан Темір Жолы» еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық
- •«Қазақстан Темір Жолы»ақ-ның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу
- •«Қазақстан Темір Жолы»ақ-ның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
- •1. Общие положения
- •2. Должностные обязанности
- •3. Права
- •4. Ответственность
- •«Қазақстан Темір Жолы»ақ-ның қаржы саясаты
- •Бизнес-жоспар[
«Қазақстан Темір Жолы»ақ-ның қаржы саясаты
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ қаржы саясатын жүзеге асыру үшін:
құрылған ұйымдар мен кәсіпорындар активтері мен міндеттемелері меншік иелері, қатысушылар мен инвесторлар, басқа да ұйымдардың активтері мен міндеттемелері тізімі жеке көрсетіледі. Ресми тіркелген ұйымның шаруашылық қызмет ешкімге де тәуелді емес және дербес жүргізілетіндігін түсінген жөн.
Ұйымдар өз жұмысын ары қарай құрақты бағытта жалғастыра береді, бұлар ұйымды жоймайды, немесе өз қызметін қысқартпайды
Таңдап алынып жасалған есеп саясатын бір жылдан бастап келесі жылдарда сабақтастық түрде қолдана береді.
Есеп саясатын мына төмендегі талаптарды қанағаттандыруы қажет;
Ұйымдардың шаруашылық өміріндегі орын алған барлық фактілерді бухгалтерлік есепке толығымен тіркеу.
Табыстар мен активтерге қарағанда пассивтерді көбейту жолдарын қадағалау және орынсыз шығындарды болдырмау жолдарын қадағалау(сақтық принципі)
әрбір айдың бірінші жұлдызына жасалынатын синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша айнылыс пен қалдық сомалардың сай келушілігін, сондай-ақө бухгалтерлік қорытынды есеп көрсеткіштерінің синтетикалық бас шоттардағы қалдық пен бірдей болуышылығын қадағалау(сәйкестік принципі)
Қаржы саясатын нақтылы іске асырып, мұның өзін тәжірибеде басшылыққа алу үшін осы ұйымның орналасқан мекен-жайы бойынша қызмет атқаратын салық органымен мүмкін болатын айырмашылықтарда, есеп жүйесіндегі аздаған өзгерістерді және бұларды реттеудің жолдарын келістіруі қажет.
Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастыру үшін мына төмендегідей кезеңдік шараларды орындау қажеттігін туындайды.(кезеңдік принципі)
есеп саясатының мақсатын,міндетін,қажеттілігін, шешімін және аналитикалық көрсеткіштер тізімін, бухгалтерлік есеп көрсету,есеп саясаты өрісінде шешім қабылдауға қажетті құжаттарды дайындау т.б.шараларды белгілеп іске асыру үшін арнайы комиссия құрылады. Комиссияның құрамына тек бухгалтерлік қызмет атқарушылар ғана емес, өндірістің технологиясын жақсы білетін, қаржыландыру мен қаржы қызметін атқарушы тәжірибелі,мамандар құқықтық қызмет бөлімі және басқада бөлімдердің кәсіби деңгейі жоғары мамандары қатынастырылады.
Есеп саясаты жөніндегі мәліметтер мен ақпарат негізінен қаржы есебінің маңыздылығын түсіну үшін «Қазақстан Темір Жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қажет. Ұймдардағы есеп саясатын қалыптастыру үрдісінің негізгі мақсаты қаржы есебінің элементтері мен әдістерінің негізін ашып көрсету және салық есебі мен басқарушы есеп көрсеткіштерінің қаржылық қорытындыға әсер етушілігін тұжырымдау болып табылады. Іс-тәжірибеде бухгалтерлік есеп жүргізу өрісінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының негізгі элементтері төмендегі объектілер қалыптасады:
Қазақстанныңбухгалтерлікесепстандарттарындажәнеолбойыншажасалғанәдістемелікұсыныстарындабасқарушылықпенқаржылықесебінжүргізудіңқоғамдықтұрғысынантанылғантәсілдеріменәдістері, ережелеріменқағидаларыбелгіленген, ондаәрбірсеріктестіктердіңтехникалықбазасына, олардыңшешетінміндеттемелерініңкүрделілігіне, басқарушықызметкерлердіңбіліктілігінеқарапнақтыланған .
Қосымша №1 талдауы «Қазпочта» АҚ кәсіпорнының абсолюттік өтімділік коэффиценті 2011 жылдың басында 0,00035 құрап 2013 жылдың аяғына дейін 0,0015-ке дейін жеткенін көрсетеді. Ұсынылған нормасы 0,2-0,7 нормасы бойынша бұл коэффицент әлдеқайда төмен болып отыр, яғни қажетті 20 % түгіл, ақша қаражаттары есебінен қысқа мерзімдік міндеттемелердің 1%-ында өтей алмаймыз.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезінде баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстың құнын құру барысында жүргізіледі. /9, 220 б/
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың құрылымына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кестелер құрылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2007. – 448 бет.
Экономика: Учебник. Под ред. А.С.Булатова. - М.: БЕК, 2007.
Экономический рост предприятии РК. Сборник научных трудов. – Алматы: «Экономика», 2000.
Ворст И., Ревентлоу П. Экономика фирмы: Учебник - М.: Высшая школа, 2012.
Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2006 г.
Экономика предприятия: Учебник / Под редакцией проф. С.Ф. Покропывного. - К.: Из-во "Хвиля-Пресс", 2007г.
Движение основного капитала предприятии через амортизационный механизм // Финансы Казахстана – 2012 - №2 с.78-95.
Жуйриков К.К. Финансы предприятии в условиях рынка // Банки Казахстана – 2013, № 7, с.34-40.
Шокаманов Ю.К. Движение основных средств (фондов) // Финансы Казахстана – 2013 - №1-2 – с.75-86.
Экономика предприятия: Учебник / Под общей редакцией проф., д.э.н. А.И. Руденко. - Минск, 2011г.
Сагидуллаева А.А. Повышение эффективности использования основных фондов в условиях рыночной экономики – 08.00.09.// Автореферат дисс. к.э.н. – Алматы, 2012 г.
Баканов М.И. «Теория экономического анализа»: Учебник.: -М.: Финансы и статистика. 2012 г.
В.В.Бочаров Корпоративные финансы. – СПб: Питер, 2006. – 544 с.
«Экономика и статистика фирм» Под ред. Ильенковой С.Д. - М.: 2001.
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. - Минск; ООО «Новое знание», 2006 г.
Фишер С., Дорнбуш Р., Экономика: - М.: «Дело ЛТД», 2001. 864 с.
Кошкарбаев К. Принципы управления финансовыми ресурсами предприятия // Финансы Казахстана – 2013, №36 - c.37-41.
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның ресми сайты
Қорытынды
Танысу тәжірибесін өту кезінде көптеген өзім үшін жаңа ақпарат алдым; теориялық және тәжірибелік білім жүгін толтыру, келешек мамандық бойынша дағдылану, ұжымда қызмет ету бойынша машықтану, қазіргі кезде өзекті болып табылатын экономикада шағын бизнесті дамыту, ондағы бөлшек сауданың маңыздылығы мен ерекшеліктерін талдау, дүкендердің сату және халыққа қызмет көрсету құрылымымен танысу, аталған дүкеннің қаржы шаруашылық және экономикалық қызметін жан-жақты талдау, ондағы өнімдерді сату және оған байланысты орын алатын қызметтерді талдау – алдыма қойылған бар мақсаттарға қол жеткізе білдім.
Танысу тәжірибесінен өту барысында келесі қорытындылар жасалды.. Дәл осында ұлттық табыс қалыптасады.
Осы мәселелерді қарастыру үшін АҚ«Қазақстан Темір Жолы» талданды.
Жалпы «Қазақстан Темір жолы» АҚ-ның төлем қабілеттілігі туралы қорытындыны өтімділіктің жалпы көрсетікіші арқылы беруге болады. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші кәсіпорындағы қаржылық ситуацияның өзгеруін бағалауды жүргізеді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші 2011 жылы 0,39-дан 0,49-ға дейін өскен, ал 2012 жылы болса бұл көрсеткіш бойынша төмендеу байқалып отыр, яғни оның нәтижесі 0,31- ге тең.
Қорытындылай келе «Қазақстан Темір Жолы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлі де болса еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін сақтау және қызметкерлердің құқығын қорғау, қызметті ұйымдастыруды дамыту қажет, бұл – тек басқармаға ғана емес, сонымен бірге Қазақстан жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға, халыққа қажет. Өйткені мұндай мемлекеттік ұйымдар ел дамуының негізгі қозғаушы күші деп санаймын. осы ретте мемлекеттік қызметшінің еңбегін мотивациялау тетігін жетілдірудің экономикалық нәтижелілігін бағалау үшін мынадай шаралар іске асырылуына ұсынамыз: жұмыс уақытына тиімді пайдалану мен еңбек тәртібін жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру; жұмыс жүктемесін оңтайландыру арқылы қызметкерлер санын ықшамдау; қосымша төлемдер мен сыйақыларды тиімді пайдалану жүйесін енгізу арқылы еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру; еңбекке ынтасы және еңбек жағдайына қанағаттануды арттыру арқылы кадрлардың жиі ауысуын болдырмау;ұйымдағы келіспеушіліктер себебінен басқару мәдениетінің төмендеуіне жол бермеу.
Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының жарғысы
1-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ 1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам») «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына сәйкес құрылған. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қоғамның атауы: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы» «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» болып өзгертілді. 2. Қоғам: 1) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (қайта тіркеу туралы 2001 жылғы 06 сәуірдегі № 7140-1901-МК куәлігі); 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Инфрақұрылым» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 23 қарашадағы № 10893-1901-МК куәлігі); 3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Локомотив» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 23 қарашадағы № 10885-1901-МК куәлігі); 4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Вагон паркін басқару жөніндегі бірінші мемлекеттік компания" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 01 қарашадағы № 10756-1901-МК куәлігі); 5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Вагон паркін басқару жөніндегі екінші мемлекеттік компания" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 14 қарашадағы № 10817-1901-МК куәлігі); 6) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Вагон паркін басқару жөніндегі үшінші мемлекеттік компания" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 14 қарашадағы № 10816-1901-МК куәлігі); 7) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Жүк тасымалдары" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 23 қарашадағы № 10888-1901-МК куәлігі); 8) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Хромтау – Алтынсарин темір жол желісін салу және уақытша пайдалану жөніндегі дирекция" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 11252-1901-МК куәлігі) құқық иеленушісі болып табылады. 3. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының заңнамасы), сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі – Жарғы) және Қоғамның Корпоративтік басқару кодексімен және Қоғамның басқа құжаттарымен сәйкес жүзеге асырады. 4. Қоғам Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға мәртебесін алады. 5. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. 6. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік, соның ішінде валюталық шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі, тауар белгісі және үлгілері белгіленген тәртіппен бекітілетін және тіркелетін символикасы болуы мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде мөртабандары, фирмалық бланктері және басқа да деректемелері бар.
2-БАП. ҚОҒАМНЫҢ АТАУЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ 7. Қоғамның атауы: 1) мемлекеттік тілде: толық атауы – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; қысқаша атауы - "ҚТЖ" ҰК" АҚ; 2) орыс тілінде: толық атауы – Акционерное общество «Национальная компания «Қазақстан темір жолы»; қысқаша атауы – АО "НК "ҚТЖ"; 3) ағылшын тілінде: толық атауы - Joint Stock Company "National Company "Kazakhstan Temir Zholy»; қысқаша – JSC «NC «KTZ» . 8. Қоғам Басқармасының орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 98. 9. Қоғамның қызмет ету мерзімі – шектелмеген.
3-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
10. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қоғамның құрылтайшысы болып табылады. 11. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.
4-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ
12. Жарғы Қоғамның құрылтай құжаты болып табылады. 13. Барлық мүдделі тұлғалалар Жарғымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танысуға құқылы.
5-БАП. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
14. Қоғам қызметінің мақсаттары: 1) таза табыс алу; 2) экономиканың және халықтың багажды, жүк-багажды, жүктерді, почталық жөнелтілімдерді темір жол көлігімен тасымалдаудағы қажеттіліктерін толассыз және сапалы қамтамасыз ету; 3) поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын багаждың, жүк-багаждың, жүктердің, почталық жөнелтілімдердің сақталуын қамтамасыз ету; 4) магистральдық желінің инфрақұрылымын жоспарлы түрде және кешенді дамыту; 5) ғимараттарды, құрылғыларды және техникалық құралдарды ақаусыз күйде күтіп ұстау; 6) сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету; 7) темір жол көлігінің жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, құпия және қызметтік мәліметтерді жария болудан қорғау жөнінде кешенді шаралар жүргізу болып табылады. 15. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қоғам мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісін салуды, күтіп ұстауды және жетілдіруді жүзеге асыру; 2) тасымалдау процесін басқару; 3) магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсету; 4) темір жол көлігімен жүк, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру; 5) темір жолдың жылжымалы құрамын, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауда қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу; 6) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың тасымалдаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың тағайындалу пункттеріне уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету; 7) маркетингтік қызмет; 8) көліктің әр түрін қатыстыра отырып тікелей және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру; 9) Қазақстан Республикасының тасымалдау әлуетін барынша толық пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру; 10) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен келісе отырып, темір жол транзиттік-көлік дәліздерін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысу; 11) сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтасуды дамыту; 12) өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді экспорттау (импорттау); 13) ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалатын техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, құрастыруды, реттеуді, қолдануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғандағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызмет; 14) Қоғамның қызметі туралы материалдарды әзірлеу және жинақтап қорыту, Қоғамның жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, анықтамалықтар, фотоальбомдар, бейнефильмдер шығару; 15) темір жол көлігі саласында ақпараттық қызметтер көрсету; 15-1) темір жол көлігінің қажеттіліктері үшін импорт алмастырушы өндірісті дамытуға қатысу; 16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтер. 16. Лицензия немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша алынуы қажет басқа түрдегі рұқсатты талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензиялар немесе басқа түрдегі рұқсаттар алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
6-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
17. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық құқықтарды иеленеді және міндеттерді атқарады. 18. Қоғам өз Акционерінің мүлкінен оқшауланған мүлікке иелік етеді және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өзінің міндеттемелері бойынша өз мүлкінің шегінде жауапты болады. 19. Акционер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді жєне Қоғамның қызметіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде шығындар қатерін тартады. 20. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет те Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 21. Қоғам магистральдық темір жол желісіне иелік етуді және пайдалануды жүзеге асырады. 22. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен темір жол әкімшілігін халықаралық ұйымдарда өзінің өкілеттігі шегінде білдіреді. 23. Қоғам Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерінің (темір жолдарының) Тарифтік келісіміне қатысушы болып табылады, халықаралық қатынаста жүк тасымалдарына арналған тарифтік саясатты әзірлейді. 24. Қоғам өз атынан мәмілелер (шарттар, контрактілер) жасай алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелер ала алады, сотта талапкер және жауап беруші бола алады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының зањнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыра алады. 25. Қоғам қорғалатын құжаттарды, технологияларды, «ноу-хау» жєне басқа ақпараттарды иелену және пайдалану құқығын ала және бере алады. 26. Қоғам бағалы қағаздарды шығара және оларды тарата алады, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды сатып ала алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зањнамасында кµзделген тєртіппен өзінің қаржылық қатерлерін туынды қаржылық құралдар арқылы сақтандыра алады. 27. Қоғам Қазақстан Республикасында және шетелде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құра алады, оларға негізгі құралдар мен ағымдағы активтерді бере алады және Қазақстан Республикасының зањнамасына сәйкес олардың қызмет тәртібін белгілей алады. Филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі Қоғамның теңгерімінде есепке алынады. 28. Қоғам филиалдардың және өкілдіктердің Қоғам тағайындайтын лауазымдар номенклатурасын, сондай-ақ жылдық еңбекақы қорының көлемін бекітеді. Филиалдыњ басшысы және өкілдіктің басшысы Қоғам берген сенімхаттар негізінде әрекет етеді. 29. Қоғам өндірістік қызметті жоспарлауға, қызметкерлердің еңбегіне төлем жасауға, материалдық-техникалық жабдықтауға, әлеуметтік дамытуға, кадрларды іріктеуге, орналастыруға, қайта даярлауға және біліктігін арттыруға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді. 30. Қоғам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасыныњ аумағында жєне одан тыс жерлерде орналасқан банктер мен басқа қаржылық мекемелерде ұлттық жєне шетелдік валютада шоттар ашады. 31. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілгер болуға, қазақстандық, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан теңгемен де, шетелдік валютамен де қарыздар алуға және кредиттер пайдалануға құқығы бар. 32. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттарға сәйкес Қоғамның барлық бөлімшелерінің орындаулары үшін міндетті нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді жєне бекітеді. 32-1. Қоғам қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты білетін қоғам қызметкерлері тізімінің міндетті түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді. 33. Қоғам өз қызметінің барысында Қазақстан Республикасының зањнамасына сәйкес бағалар мен тарифтердің мемлекеттік тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. 34. Қоғам белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға қаржылық, салықтық және статистикалық есептер тапсырады. 35. Қоғам қоршаған ортаны Қоғамның қызметі салдарынан пайда болатын ластанудан және басқа да зиянды әсерлерден қорғауға жауапты болады. 36. Қоғам қызметкерлердің еңбегін қорғауға, материалдық құралдардың және ақшаның, багаждың, жүк-багаждың, жүктердің және почта жөнелтілімдерінің жол бойында және станцияларда сақталуына, темір жол көлігі объектілерінің өрт қауіпсіздігіне жауапты болады. 37. Қоғам материалдардың, отынның, жағар майдың, электр энергиясының және қосалқы бөлшектердің шығыс нормаларын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жасайды 38. Қоғам еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. 39. Қоғам пайдалану қызметіне оперативтік басшылық етуді, поездар қозғалысының кестесін, жылжымалы құрамды пайдалану нормаларын және магистральдық темір жол желісі арқылы жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, жүк және почталық жөнелтілімдерді тасымалдаудың жоспарын әзірлеуді жүзеге асырады. 40. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен азаматтық пиротехникалық құралдарды және оларға қолданылатын бұйымдарды өндірістік мақсаттар үшін сатып ала алады. 41. Қоғам Қазақстан Республикасының зањнамасымен және Жарғымен көзделген басқа да құқықтарды иеленуі және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.
|
