- •Ақ«Казақстан Темір Жолы» еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық
- •«Казақстан Темір Жолы» ақ-ның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу
- •«Казақстан Темір Жолы» ақ-ның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
- •Кесте 1
- •«Қазақстан Темір Жолы» ақ-ның қаржы саясаты
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
«Казақстан Темір Жолы» ақ-ның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
Қаржылық тұрақтылық бұл тұрақты төлем қабілеттілікті қамтамасыз ететін кәсіпорын шоттарының белгілі бір жағдайы. Белгілі бір шаруашылық операцияларының жүзеге асырылу нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы өзгермей қалуы немесе нашарлауы немесе жақсарылуы мүмкін.
Қаржылық тұрақтылықты талдаудың міндеті активтер мен пассивтердің құрылымы мен көлемін бағалау болып табылады. Бұл мынадай сұрақтарға жауап беру үшін қажет: қаншалықты ұйым қаржылық жағынан тәуелсіз, сонымен қатар бұл тәуелсіздік деңгейі төмендеп жатыр ма, әлде көтеріліп жатыр ма және оның активтері мен пассивтерінің жағдайы қаржылық – шаруашылық қызметтің мақсаттарына сай келе ме.
Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықты талдаудың әр түрлі әдістемелері қолданылады. Абсолюттік көрсеткіштер көмегімен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдайық. Қаржылық тұрақтылықты жинап көрсететін көрсеткіш болып құралдар көздерінің көлемі және қорлар мен шығындар көлемі арасындағы айырма түрінде анықталатын қорлар мен шығындардың құрылуы үшін қажет құралдар көздерінің артықшылығы немесе кемшілігі табылады.
Қорлар мен шығындардың құрылу көздерін сипаттау үшін әр түрлі көздер түрін көрсететін бірнеше көрсеткіштер қолданылады:
Жеке айналым құралдары;
Қорлар мен шығындардың құрылуының жеке және ұзақ мерзімдік қарыздық көздері немесе қызмет ететін капитал;
Құралдар мен шығындардың құрылу көздерінің жалпы көлемі.
Қаржылық ситуация түрінің үш компоненттік көрсеткіші Кесте 1-де көрсетілген.
«Казақстан Темір Жолы» АҚ-ның қаржылық ситуациясының үш компоненттік көрсеткіші 2011, 2012 және 2013 жылдары S=0 тең. Нәтижесінде есептік кезеңнің басы мен аяғындағы қаржылық тұрақтылықты дағдарыстық деп есептеуге болады.
Кесте 1
Кәсіпорын қаражаттарының тұрақтылығын бағалау
Көрсеткіштер |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|||
басы |
Соңы |
Басы |
соңы |
басы |
соңы |
|
1. Жалпы қорлар мен шығындар көлемі |
98425302 |
110560445 |
121060445 |
170391072 |
103191072 |
152919636 |
2. Жеке айналым құрал жабдықтары |
2686591 |
-19418755 |
-14618755 |
-86922015 |
-8622015 |
-71896196 |
3. Қызмет ететін капитал |
2636591 |
-17825755 |
-14118755 |
-86122015 |
-86122015 |
-78296196 |
4.Қорлар мен шығындардың құрылу көздерінің жалпы көлемі |
2366591 |
-14518755 |
-1448755 |
-8622015 |
-8622015 |
32254153 |
1. Қж=ЖЖШС-ҚШ |
-9158711 |
-12469200 |
-12479200 |
-19013087 |
-19013087 |
-23215832 |
2. Қт=ҚК-ҚШ |
-9158711 |
-12479200 |
-12479200 |
-19013087 |
-19013087 |
-23116932 |
3. Қн=ҚШҚК-ҚШ |
-9158712 |
-12599200 |
-12479500 |
-19025087 |
-19013287 |
-11795483 |
*Ақпарат көзі: «Казақстан Темір Жолы» АҚ-ның ресми сайты
Үш компоненттік көрсеткіш кері нәтиже бергеннен кейін қаржылық тұрақтылықты талдау үшін салыстырмалы көрсеткіштерді қолданған жөн.
Тәуелсіздік кооэффиценті (меншікті капитал / меншікті капитал және міндеттемелер жиынтығы) 2011 жылдың басында ұсынылған нормадан әлде қайда төмен яғни 0,26. Бұл коэффицент кәсіпорын құралдарының жалпы соммасы ішінен жеке құралдар үлесінің төмен екендігін, яғни оның қаржылық тәуелділігі бар екендігін білдіреді. Бұл коэффицент 2013 жылдың аяғынан бастап 2015 жылдың басына дейін 0,49 көтерілген. Мұндай көтеріліс ұсынылған нормаға жақын болып отыр, бірақ тәуелсіздік коэффиценті 2015 жылдың аяғында 69 пайызға төмендеп 0,2 құрап отыр. Бұл көрсеткіш ұсынылған нормадан әлде қайда төмен мұндай көрсеткіш жеке құралдарға қарағанда қарыздық құралдардың көптігін біліреді.
2013 жылы жеке және қарыздық құралдар қатынасының коэффиценті ((ұзақ мерзімдік міндеттемелер + ағымдағы міндеттемелер) / меншікті капитал) сегіз есе өсіп 22,5 құрап отыр, бұл дегеніміз кәсіпорынның жеке құралдар активтеріне салынған 1 теңгеге 22 теңге 50 тиын қарыздық құралдарды тартқанын көрсетеді. Ал 2012 жылы 15 пайызға төмендеп 19 теңге 20 тиынды құрап отыр. 2012 жылы бұл коэффиценттің құны 51 теңге 10 тиынға жетті, яғни бұл коэффицент ұсынылған нормадан 51 есе үлкен. Бұл көрсеткіштің мұндай қарқыны ағымдағы міндеттемелердің өсу себебінен болып отыр. Қарыздық құралдар өсуінің осындай тенденциясы «ALIYA» ЖШС кәсіпорнының тартылған құралдарға деген тәуелділігі бар екендігін білдіреді.
Жеке құралдар мен қамтамасыз ету коэффиценті (меншікті капитал – ұзақ мерзімдік активтер) / ағымдағы активтер) 2011 жылдың басында 0,016 тең болып, үш жылда – 0,14 дейін төмендеген, ұсынылған 0,1 нормасы бойынша бұл коэффицент төмен болып отыр. Бұл коэффиценттің нәтижесі жеке құралдар есебінен алынған жеке айналым құралдар үлесінің төмен екендігін және кәсіпорынның тәуелсіз қызмет етуіне кедергі болатындығын көрсетеді.
Енді кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалауға көшелік. Кәсіпорын өтімділігі дегеніміз бұл қарызға алынған қаражаттарды уақытылы қайтара алу мүмкіндігі немесе айналым құралдардың қалыпты қаржылық шаруашылық қызметіне қажет қолма-қол ақшаға айнала алу қабілеті.
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ кәсіпорының бухгалтериясына тоқталмас бұрын, бірінші оның Жарғысына сәйкес құрылымын көрсетіп өтейін:
Бас директор
Қаржы директоры Атқарушы директор Менеджерлер
Бухгалтерия:
Бас бухгалтер
Кассир Кассир
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма құзырына кіреді:
Қоғамның бір акционері мен Директорлар кеңесінің шешімін жүзеге асырады;
Директорлар кеңесіне Қоғамның 5 жылға арналған стратегиялық даму бағдарламасын, Қоғамның даму жоспарын (орта мерзімдік бизнес жоспарын) Қоғам бюджетін (1 жылға арналған бизнес жоспарын) жасап, ұсынады.
Даму жоспары (орта мерзімдік бизнес жоспары) , Қоғам бюджеті (1 жылға арналған бизнес жоспары) жасап және оның орындалуына жауап береді;
Қоғамның ішкі басқару тәуекелділігі мен ішкі бақылау үдерісін жасап, қолдану:
Қоғамның жұмысын басқарудағы кемшіліктер туралы Директорлар кеңесін тиісті мерзімінде құлақтандырады;
Қоғамның штаттық кестесін және құрылымын бекітеді, Директорлар кеңесі бекіткен есепке сай (жалпы құрамы) орталық аппарат қызмкерлері құрамы және Қоғамның өкілдіктерінің құрамын бекітеді;
Қоғамның жұмысын ұйымдастырудағы Директорлар кеңесі бекітуге жатпайтын басқа да құжаттарға орай шешім қабылдайды;
Бір акционердің еншілес және құрылымдық мекмелеріне қатысты қызметін атқарады;
Қоғамның жұмыс кестесін анықтайды;
Қоғамның орталық аппаратты басқару құрылымын бекітеді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма мүшелерінің құрамы:
Асқар Ұзақбайұлы Мамин –«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті-Басқарма Төрағасы
Орынбасаров Бауыржан Пазылбекұлы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның вице-президенті
Алпысбаев Қанат Қалиұлы –"ҚТЖ"ҰК" АҚ вице-президенті
Қабашев Мақсат Рахымжанұлы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті
Қамалиев Берік Сайлауұлы - «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті
Жағыпаров Ақболат Ландышұлы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директор – Аппарат басшысы
Хасенов Рүстем Қойбағарұлы – «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры
Жусанбаев Еркін Семетайұлы – «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның Корпоративтік даму жөніндегі басқарушысы
Осы шаруашылық жүргізуші субъектіде директорға барлық бөлімшелер бағынышыты болады. Менеджерлер складқа, сатушыларға, кассирлерге, завскладқа басшылық етеді. Кассирелер ақшаны қабылдайды және оларды негізгі кассаға жібереді. Сатушылар тауарды сатады және тауарға тапсырыс жинайды да оны менеджерлерге жеткізеді. Менеджерлер сонымен қоса жабдықтаушылармен келіссөз жасайды. Сосын аптасына бір реттен кем емес бухгалтермен есептеседі. Бухгалтер салықтық есепті, бухгалтерлік есепті жасап есептеп, қорытынды нәтиже шығарып, сауда жайлы ақпараттарды жинап отырады.
