- •Ақ«Казақстан Темір Жолы» еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық
- •«Казақстан Темір Жолы» ақ-ның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу
- •«Казақстан Темір Жолы» ақ-ның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
- •Кесте 1
- •«Қазақстан Темір Жолы» ақ-ның қаржы саясаты
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе |
|
I бөлім |
АҚ «Казақстан Темір Жолы» еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық |
II бөлім |
АҚ «Казақстан Темір Жолы» қызметін жоспарлау құжаттарымен танысу |
III бөлім |
АҚ «Казақстан Темір Жолы» қаржы қызметі жұмыстарымен танысу |
IV бөлім |
АҚ «Казақстан Темір Жолы» қаржылық саясаты |
V бөлім |
Қорытынды |
Пайдалынылған әдебиеттер Қосымша |
|
КІРІСПЕ
Қаржыгер – бұл әртүрлі экономикалық және қаржылық операцияларды орындайтын, қаржы заңдылықтары мен қағидаттарын жетік игерген,қаржы заңдылықтары мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алатын, болжау, жоспарлау және күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеу әдістемесін жетік игерген мамандар. Жас-бітірушілер мамандықтың теориялық білімдерін жетік білуімен қатар, кәсіби мәселелерді тәжірибеде шығармашылықпен шеше ала білуі қажет.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау объективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiрістiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор.
Кәсіпорынның қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады.
13-25.06.2016ж Нархоз Университетінің Экономикалық колледжінде танысу тәжірбиесінен өттім. Танысу тажірбиесінің негізіне «Казақстан Темір Жолы» алдым
Тәжірибедегі ең басты мақсат – коммуналдық «Казақстан Темір Жолы» мекемесінің құрылу мақсатын, міндеттері мен құқықтарын, ұйымдастырылуындағы қызметтердің орындалуын танып зерттеу.
Тәжірбие барысында:
Мен ұйымнын құрылымымен таныстым және де оның құрылтай құжаттарын, құрылымдық бөлімшелерінің құрамын және олардың өзара қатынасын қызметтерін басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін оқып білдім.
Ақ«Казақстан Темір Жолы» еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық
Қызметкерлердің ЕҚ туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі «Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі туралы» заңымен бекітілген, соған сәйкес кәсіпорын жұмысшылары ҚР бекітілген заңнамасы ретінде тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқармасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі ҚР министрліктері және ведомстволарында, сондай-ақ басқа да бірлестіктер мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау қызметінің құрылуы қарастырылған, сонымен қатар, мұндай қызметтердің міндетті түрде құрылуы заң бойынша бекітілген. Осы Кодекста 50 адамнан астам санды кәсіпорындарда ЕҚ қызметін құру қарастырылған. Одан аз қызметкерлердің саны бар кәсіпорындарда осындай қызметті немесе маман лауазымын енгізу туралы шешімді жұмыс беруші кәсіпорынының әрекетін ескере отырып қабылдайды.
ЕҚ қызметі жұмысшыларын үйлестіру және тиімді жұмыс жасау мақсатында жыл бойы өткізілетін жұмыстардың, солардың мерзімі мен қаржысын көрсететін тізімдемесі белгіленген жалпы жылдық жоспар құрастырылады, яғни кәсіпорын ұжымдық келісіммен немесе шарттармен белгіленген көлемде қажетті құралдарды жыл сайын бөлу қажет. ЕҚ қызметі өзінің мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі. Ғымдарын қарастырып, күнделікті өмірдегі кездесетін ең керекті баптарға тоқталсақ:
еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс – шаралар кешенімен қамтамасыз етілетін қызметкердің қорғалу жай – күйі;
еңбектің қауіпсіз жағдайлары – қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;
төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;
өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік - техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің нормативтік – техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
қауіпсіздік нормалары - қызметкердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық – гигиеналық биологиялық және өзгеде нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
еңбек жағдайларының нормативтері – еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін эргономикалық, санитарлық – гигиненалық және психофизиологиялық талаптары бар нормативтер;
еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор – ұйымның кәсіподақ органы қызметкерлердің жалпы жиналысын тағайындайтын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;
өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің нормативтік – техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
зиянды өндірістік фактор оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қаблеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
зиянды еңбек жағдайы – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қаблеттілігінің төменденуіне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
еңбек гигиенасы – қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай – күйін қадағалау жүйесі;
өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қаблеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері;
қауіпсіздік нормалары - қызметкердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық – гигиеналық биологиялық және өзгеде нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
қауіпті өндірістік фактор – қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына және де өліміне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кеннеттен нашарлауына немесе жарақаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
қызметкерлер өкілдері – қызметкерлері уәкелеттік берген кәсіптік одақтар органдары және олардың бірлестіктері, ал олар жоқ болғанда ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де өкілдер немесе ұйымдар;
өндірістік жабдық – машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;
қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кеннеттен нашарлауына немесе жарақаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
қызметкерлер өкілдері – қызметкерлері уәкелеттік берген кәсіптік одақтар органдары және олардың бірлестіктері, ал олар жоқ болғанда ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де өкілдер немесе ұйымдар;
өндірістік жабдық – машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;
ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамдарды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
ауыр қол еңбегі – ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстуруға байланысты қызмет түрлері не 360 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар;
