Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_5_kurs_gotov.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206.46 Кб
Скачать

Вопрос 373.

Науқас қою түсті құсыққа, әлсіздікке, бас айналуға, көз алдындағы қараюға шағымданады. Анамнезінде: Асқазан жара ауруы. 2-3 сағат ішінде өзін-өзі сезінуі нашарлаған. Объективті: тері жабындылары боз, суық. Жүрек ұшында систолалық шу естіледі, АҚҚ-90/60 мм.с.б.б. Пульсі минутына 110 рет. Іші тартылған, тыныс алу актісіне қатысады, ауырсынусыз. Тік ішекті саусақпен тексеру кезінде қара май тәріздес нәжіс анықталды. Сіздің тактикаңыз?

(+) Хирургиялық бөлімге шұғыл жеткізу

( ) Антикоагулянттар салу

( ) Қан және зәр анализдерін алу үшін, емханаға жеткізу

( ) Гастроэнтерологиялық бөлімге шұғыл жатқызу

( ) Гемостатиктер қолдану

Вопрос 374.

42 жасар науқас кафеден қуырылған тауық еті, шоколадпен кофемен түстенген. 1,5-2 сағаттан соң науқас өзін нашар сезініп, жүрек айну, құсу, іштегі ауырсыну, іш өтуге шағымданып, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Бұл жағдайды қандай микроорганизм тудыруы мүмкін?

(+) Salmonella typhimurium

( ) Eschechia coli

( ) Proteus mirabilis

( ) Staphilococcus aureus

( ) Streptococcus faecalis

Вопрос 375.

Науқастың қатты басы ауырып, әлсіздікке шағымданады. Шақыртуға келген жедел жәрдем дәрігері қарағанда: склера тамырларының бір жағы қызарған. Пальпаторлы: жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайған. Бауыр мен көкбауырдың ұлғайғаны байқалады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Бадамша бездері нүкте және аралшалар түріндегі ақшыл болбыр жабынмен жабылып, ұлғайған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

(+) Аденовирусты инфекция орташа ауырлықта

( ) Риновирусты инфекция орташа ауырлықта

( ) Реовирусты инфекция орташа ауырлықта

( ) Парагриппозды инфекция орташа ауырлықта

( ) Микоплазмалы инфекция орташа ауырлықта

Вопрос 376.

Ашық пневмоторакс кезіндегі бірінші медициналық көмек:

(+) Оклюзиондық байлам салу

( ) Кеуде куысын тесу

( ) Таза байлам салу

( ) Жараны өндеу

( ) Қан құю

Вопрос 377.

Науқас 50 жаста, жұмысында болған стресстік жағдайдан кейін кенет ауырып қалды. Төс артында қатты қысып ауыру сезімі пайда болды, ол күні бойы сақталып тұрды. Кешке науқас жедел жәрдем бригадасын шақыртты. ЭКГ-да V1-V3 тіркемелерінде патологиялық Q сермесі, R сермесі жоғалып кеткен, ST сегменті 6 мм изосызықтан жоғары көтерілген. Сіздің болжам диагнозыңыз?

(+) ЖИA. Алдыңғы қабырға мен қарынша аралық перденің трансмуралды миокард инфаркты, жедел кезең

( ) ЖИA. Алғаш дамыған стенокардия

( ) ЖИA.Үдемелі стенокардия жедел кезең

( ) ЖИA. Bазоспастикалық стенокардия

( ) ЖИA. Артқы диафрагмалды аймақтың ірі ошақты миокард инфаркты, жедел кезең

Вопрос 378.

Науқас A, 50 жаста, жұмысында болған стресстік жағдайдан кейін кенет ауырып қалды. Төс артында қатты қысып ауыру сезімі пайда болды, ол күні бойы сақталып тұрды. Кешке науқас жедел жәрдем бригадасын шақыртты. ЭКГ-да V1-V3 тіркемелерінде патологиялық Q сермесі, R сермесі жоғалып кеткен, ST сегменті 6 мм жоғары көтерілген.Науқасқа қандай дәрі-дәрмек қолданасыз?

(+) Гепарин

( ) Изокет

( ) Викасол

( ) Метопролол

( ) Моносан

Вопрос 379.

Бұдан 2 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған 42 жастағы науқаста физикалық күштеме кезінде кенет жүрегі қағып, тынысы тарылған. Шақыртуға келген жедел жәрдем дәрігері түсірген ЭКГ-да қарынша үстілік пароксизмалды тахикардия тіркелді. Ұстаманы тоқтату үшін көктамырға қандай препарат енгізеді?

(+) Верапамил

( ) Мекситил

( ) Дибазол

( ) Лидокаин

( ) Атропин

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]