Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_5_kurs_gotov.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206.46 Кб
Скачать

Вопрос 365.

39 жастағы әйел абайсыздықта кастрөлді қайнаған суымен үстіне төгіп, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Қарағанда: тұлғаның, жамбастың алдыңғы беткейіндегі терісі бірден қызарған, көпіршіктер пайда болған, кейбір жерлерде көпіршіктер ашылып, ақшыл терілер көрінеді. Тежелу байқалады. АҚҚ-70/50 мм.с.б.б., ЖСЖ минутына 80 соққы. Сіздің болжам диагнозыңыз?

( ) Термиялық күйік, II дәрежелі, күйіктік шок

(+) Термиялық күйік, III дәрежелі, күйіктік шок

( ) Термиялық күйік, III дәрежелі

( ) Термиялық күйік, IV дәрежелі

( ) Термиялық күйік, IV дәрежелі, күйіктік шок

Вопрос 366.

Төмендегі ауру үшін жүректегі ауырсынуды басу үшін, 1-5 минут ішінде пероралды нитроглицеринді қабылдау тән:

(+) Тұрақты стенокардияға

( ) Тұрақсыз стенокардияға

( ) Миокард инфарктісіне

( ) Қолқаның қабаттасқан аневризмасы

( ) Перикардит

Вопрос 367.

42 жастағы науқас эпигастрии мен төс артындағы қарқынды қысып ауырсынуға шағымданады. ЭКГ-де: II, III, AVF тіркемелерінде R тісшесінің төмен вольтажы, II, III, AVF тіркемелерінде ST интервалының депрессиясы. Диагнозды қоюда қандай диагностикалық тесттер көмектеседі?

( ) ЭКГ холтерлік монитерлеу

( ) Жалпы қан талдауы

( ) Қандағы холестерин, триглицеридтер

(+) Кардиоспецификалық ферменттер (тропонин немесе МВ-КФК)

( ) ЭхоКГ

Вопрос 368.

55 жастағы науқас түнде 15 минутқа созылатын, төстің жоғарғы бөлігіндегі өздігінен қайтатын ауырсынуға шағымданып, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Қарағанда: АҚҚ-120/80 мм.с.б.б., пульсі минутына 62 рет, ЭКГ-да кеуде тіркемелерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Бұл жағдайда препараттардың қайсысы қолданылады?

( ) Нифедипин

( ) Эналаприл

(+) Нитроглицерин

( ) Аспирин

( ) Атенолол

Вопрос 369.

Миокард инфарктісі, Принцметал стенокардиясы, перикардит, өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты клиникалық жағдайларда ЭКГ-да жалпы өзгеріс белгілері бар, бұлар анықтауды қиындатады. ЭКГ-да қандай белгілер бар?

( ) Q тісшесі

( ) QS тісшесі

( ) ST сегментінің депрессиясы

(+) ST сегментінің жоғарлауы

( ) Теріс Т тісшесі

Вопрос 370.

Стенокардиямен ауыратын 42 жастағы науқаста алғаш рет 30 минутқа созылатын, сол жақ жаққа берілетін, төс артындағы айқын ауырсынулар мазалайды. Тіл астына 5 минуттық үзіліспен нитроглицериннің 2 таблеткасын және аспириннің 1 таблеткасын қабылдады. Ауырсыну төзімсіз бола бастады. Жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ауырсыну ұстамасын басу үшін қандай емдік шаралар оптималды?

( ) Оксигенотерапия

(+) Нейролептаналгезия

( ) Тіл астына нитроглицериннің 1 таблеткасы

( ) К/т тамшылатып нитроглицерин енгізу

( ) Бета-блокаторлар

Вопрос 371.

60 жастағы науқасты іштегі ауырсыну, дискомфорт сезімі, «таңқурай желесі» түріндегі нәжіс мазалайды. Қан ас қорыту түтігінің қай деңгейінен кетіп жатыр:

(+) Тоқ ішектен

( ) Асқазаннан

( ) Ащы ішектік

( ) Тік ішектен

( ) Бәрі дұрыс емес

Вопрос 372.

Бауыры ауыратын науқастың жүрек айну, қанды құсыққа шағымданып, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Анамнезінен: көп жылдар бауыр циррозымен емделеді. Объективті: тері жабындылары сарғыш, бауыры пальпация кезінде тығыз, ауырсынады, кіндік маңы көктамырлары кеңейген. Сіздің ауруханаға дейінгі тактикаңыз:

( ) Блекмор зонды көмегімен қанның ағу көзін анықтау

(+) Блекмор зонды көмегімен уақытша қанды тоқтату

( ) Гемостатиктер салып, қанды тоқтату

( ) Мүмкін болатын асқынудың алдын алу

( ) Гемодинамиканы қалыптастыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]