Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС Әдебиет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353.4 Кб
Скачать

2. Шоқан Уәлиханов шығармашылығы. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия1835,Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865,Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушытарихшыфольклоршыэтнограф,географағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский:

«Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.

Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.

Шоқан – қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол – публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері: «Қазақ шежіресі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері», т.б.

Шоқанның қазақ ақындары Бұқар, Шал, Шөже, Жанақ, Түбек, Орынбай, т.б. туралы, суырып салмалық (импровизация) өнері, Абылай ханға және қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары.

Шоқанның қырғыздың тарихы мен фольклорына байланысты зерттеулері. «Манас» эпосына тұңғыш рет тарихи, әдеби талдаулар жасауы «Көкетай ханның өлімі және асы» деген үзіндісін орыс тіліне аударуы.

Ғылыми очерктері мен күнделтеріндегі жазушылық-публистік суреткерлік шеберлік белгілері. Табиғат суреттері, адамның кескін-келбеті, мінез-құлқы, тұрмыс суреттері туралы бейнелі кестелері: «Құлжа күнделіктері», «Алты шаһар» немесе «Қашқария туралы», «Іле өлкесінің географиялық очеркі», т.б.

Шоқанның өз ата-анасына, Ф.М.Достаевскийге, А.Н.Майковке, К.К.Гудковскийге, Г.А.Колпаковскийге, т.б. жазған хаттары және ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған.

3. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескерту.

Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап – даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оқу еңбегін оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарда нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.

1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.

2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-дегі жасөспірімдер.

3. Үлкен жастағыларға 9-11- сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды. Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.

        Кіші жастағылар психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял – ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаулары алғыр болып келеді. Дегенмен, алаңғасырлық, тез қабылдап, тез ұмыту да осыларда жиі кездеседі. Мектепте көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-12 жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қарасөзбен жазған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Әсіресе, оларды соғыс, шпиондар, қылмыскерлер жайындағы шығармалар ерекше қызықтырады. Оқыған шығармаларының мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл күйді бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, делсалдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі. Жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен кітапты көп оқитындар да, ондағы бас кейіпкерлерге, әсіресе, барлаушыларға, батырларға еліктеушілер де осы жастағылар. Олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді, дегенмен, «шіркін, ол неге былай істеледі екен, әттең, олай істегенде” деген сияқты өз қиял – ойларына да ерік беріп, толғанып жүреді, бірақ ол толғаныстары уақытша болады, тез ұмытады, себебі келесі кітапты оқығанда, ол басқаша толғанысқа тап болады. Әрине, 10-12 жастағылар оқығандарының барлығын, одан алған әсерлерін  2– 3 айдан кейін қайта сұрағанда, олар басыңқы дауыспен, байыпты баяндай бастайды. Кейіпкерлер тағдырына да мойынсұнушылық қарауды сезуге болады. Бұның барлығы, яғни, сондай «тұрақсыздық” – баланың жас ерекшелігі, психологиясынан туып отырған дүниелер. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары” деген шығармасынан 6-сыныпта үзінді беріледі. Осы әңгімеде, әсіресе, оқушылардың эмоциясына әсер ететін екі үлкен жағдаят бар.Бірінші, Ертай мен Нұртайдың бір-бірін жібермей, бөлек кеткісі келмегендері (балаларды үй-үйге бөліп жатқанда), сонан соң ата – аналарын іздеп, үсіп өлулері. «Ертай мен Нартайды бірге асырап алу керек еді, бөлмеу керек еді, солай болғанда, олар өлмес еді” деп, балалар бір ауыздан осындый пікір айтып, шуласып жатады. Балалар өліміне келіскісі келмейді. «Жазушы болсам, өзің қалай аяқтар едің әңгімені” деген сұраққа олар түгелдей қатысып, бір-ақ шешімге келеді. Яғни тірі қалдыру. Біреуі өз қиялына ерік беріп, оларды ауыл адамдары құтқарып қалады десе, екіншілері үлкендер сезіп қап, оларды жолға шығармай қояды дегендей, өз аңсауларынан туған «солай болса екен” деген пікірлерін айтып жатады. Олар осы кезде сезімге беріліп, балалар өліміне шынында да кім кінәлы екенін ажырата алмайды, әңгіме негізіндегі идеяны да, авторлық шешімді де аңғара алмайды. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Тек оқиғасын қызықтап оқу, соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп қабылдау, барлығына күйіну, қуану бұл балаларда да болғанымен, ол басқадай сипат алады. Көркем туынды оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді. Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығына бірдей қуана да, қайғыра да бермейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, «дұрыс емес, былай болу керек қой” деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді. 

Міне, осындай жастағылармен мұғалім қандай жұмыс жүргізуі керек?

1. Әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.

2. «Сенің пікірің, ойың қате” деп, кесіп айтудан сақтану, керісінше , талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, ділелді түрде, шындыққа жетелеу.

3. Әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.

4. Бұл жастағы оқушыларға «алдындағы бала” деп қарамай, оқырман ретінде қарым-қатынас жасау, тең дәрежеде әңгімелесу, өз пікірін, не оқулық пікірін тықпаламау. Өздеріне қорытынды жасауға жағдай туғызу. Ол үшін қосымша материалдардағы жазылған дүниелерді, ғалымдар пікірін, оқулықтағы мәселелерді ортаға салу. Осылар арқылы шындықтың, құбылыстың бетін ашуға еңбектендіру.

5. Өнерге, сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру үшін, әр мұғалімнің өзі жоғары мәдениеті, әдебиеті терең білетін, әдістемесі шебер, білімі жан-жақты, әр баланың шынайы досы, пікірлесі болуы керек.

№4 БИЛЕТ