- •Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.
- •2. Исатай қозғалысы, Махамбет Өтемісұлы және оның шығармашылығы
- •3. Оқу процесін ұйымдастыру. Сабақ оның түрлері.
- •1. Фольклордың жанрлары.Фольклордың тарихилығы, поэтикасы.
- •2. Кенесары Қасымов қозғалысының әдебиеттегі көрінісі.
- •3. Әдебиетті оқыту әдістері.
- •1. Ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және тәрбиелік маңызы.
- •2. Шоқан Уәлиханов шығармашылығы. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.
- •3. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескерту.
- •1. Жиембет әрі батыр, әрі жырау.
- •2. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, аудармашы.Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
- •3. Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
- •1. Ақтамберді жыраудың мұрасы.
- •2. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Абай лирикасы.
- •3. Көркем мәтінді талдау жолдары.
- •1. Бұқар жырау –қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.
- •2. Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы. «Қарағанды», «Миллионер» романдары.
- •3. Жанр түрлерін таныту.Эпос.Лирика.Драма.
- •1. Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары.
- •2. Ғабит Мүсіреповтің патриоттық тақырыптағы төл туындысы – «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.
- •3. Эпикалық шығармаларды оқыту.
- •1. Ағартушылық - демократтық бағыттағы ақын – жазушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы
- •3. Батырлар жырын оқыту
- •1. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.
- •2. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш», романдары.
- •3. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары.
- •1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағаның хан Тұрсын» толғауы.
- •2. Мұқтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, әңгімелері,драмалары.
- •3. Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері.
- •1. Асан қайғы толғаулары және көркемдік ерекшеліктері.
- •2. Спандияр Көбеев ағартушылық, оқытушылық қызметі. «Қалың мал» романы.
- •3. Сабаққа қойылатын талаптар.
- •1. “Оғыз-наме” эпосы. “Оғыз-наме” эпосының зерттелуі, нұсқалары.
- •2. Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3. Драмалық шығармаларды оқыту.
- •1. Қазтуған жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауы.
- •2. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы «Қамар сұлу» романы
- •Шығармашылығының ерекшелігі
- •Поэма жанрына қосқан үлесі
- •3. Үй тапсырмасын беру, бала білімін есепке алу, бағалау жолдары
- •2.М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының идеялық-көркемдік жетістіктері.
- •3.Әдебиет сабағы.Әдебиет мұғалімі және пәннің маңызы мен міндеттері
- •1.Доспамбет – ерлік пен еркіндік жаршысы.
- •2.1930-1960 Жылдардағы әдебиет.Сәкен Сейфуллин шығармашылығы.
- •3.Поэма жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •1.Жыраулар әдебиетіндегі негізгі тақырып. Ел бірлігі мәселесі.
- •2.Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3.Оқулық.Оқулықпен жұмыс істеу түрлері.
- •2.Абай поэмалары, қара сөздері.
- •3.Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары.
- •1. “Қорқыт ата кітабы”.“Қорқыт ата кітабының” нұсқалары.
- •2. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы, сатиралық бағыттағы еңбектері.
- •3. Жазба жұмыстарының орындалу тәсілі.
- •2. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы дәуір шындығының суреті
- •3. Шығарма, оған қойылатын талаптар. Шығарманың негізгі түрлері.
- •2.Ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы, дастандары.
- •3.Лирика мен поэманы жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •3.Әдебиет сабағында қолданатын жаңа әдіс тәсілдер.
- •1.Ертегілер. Анықтамасы. Шығу тегі. Жануарлар туралы ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер.
- •2.С.Сейфуллин шығармашылығы, лирикасындағы азаттық идея.
- •3.Жыраулар поэзиясын оқыту. «Бұхар –Абылай-заман» тақырыбы.
- •1.Батырлар жырындағы көркемдік тәсілдер. Бас қаһарман бейнесінің сомдалуы
- •2. Ы.Алтынсариннін ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы
- •3.Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары.
- •1.Айтыс. Зерттелу тарихы. Жанрлық сипаттамсы. Айтыстың мазмұны мен тақырыбы.
- •2.Бейімбет Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.
- •3.Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жасау.
- •1. “Кодекс Куманикус”. Құрылысы, мазмұны, идеялық мәні.
- •2. Діни-ағартушылық демократтық бағыттың дамуы. Нұржан Наушабаев өмірі мен шығармашылығы.
- •3. Әдебиетті оқытудың принциптері мен әдістері.
1. Фольклордың жанрлары.Фольклордың тарихилығы, поэтикасы.
Миф, аңыздар.Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.
Көшпелілердің көне мифтік көзқарастары жыр-аңыздарда көрініс тапқан. Түркі көшпелілерінің ең көне аңыздарына Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жатады. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелердің негізгі сюжеті — өмір мен өлім, адамның ажал алдындағы дәрменсіздігі.
Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер мен қаңлылардың аңыз-әңгімелеріне, жырларына "Ер Төстік", "Еділ — Жайық" эпостық жырлары жатады. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл ғажайып мифтер Қазақстанның көп жерінде сақталып келген, әсіресе Еділ мен Жайық өзендері аралығында көп таралған. "Еділ" аңызындағыбатыр жалғыз көзді дәумен кездесіп, оның көзін қыздырған темірмен ағызып түсіріп жеңеді.
Бөрілі байрақ — ұраным.Ғұндар мен көне түркілердің өздерінің шығу тегі жөніндегі аңыздарының да тарихи мәні бар. Ол аңыздың бір нұсқасы бойынша, ғұндар (түркілер) өзінің күншығыстағы көрші елінен қатты жеңіліс тауып, тегіс қырылады. Жау әскері бір жас баланы өлтірмей, тастап кетеді. "Содан тараған жұрт ғұндар мен түркілер еді" дейді көне аңыз. Көне түркілер қасқырды ата тегіміз деп біледі. Түркі халқын бірінші басқарған Ашына өзінің осы тектік ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басының суреті бар ту байлаған. Бұл аңыздың бұлыңғыр сілемі кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Қазақта бөріні "тәңір серісі" деп құрметтеген.
Мал түліктеріне байланысты аңыздар.Қазақтың көне аңыз- әңгімелерінде мал түліктерінің жебеушісі, пірі бар. Мысалы, қойдың иесі — Шопан ата, жылқының иесі — Қамбар ата, түйенің иесі — Ойсыл қара, сиырдың қолдаушысы — Зеңгі баба деп түсінген. Қазақ "Ойсыл қара, оңдай гөр", "Қамбар ата, қолдай гөр", "Шопан ата байыта гөр"," Зеңгі баба, жарылқай гөр", — деп, малдың жебеушілерінен көмек сұраған.
XIV ғасырда Әмір Темір қасиетті Әзірет сұлтанның күмбезін жаңадан тұрғызуға кіріскенде, Қаратау,Сырдария маңы қазақтары жиналып келіп, қирап жатқан күмбезді қоршап алады. Әмір Темірдің кісілеріне былай дейді: "Сақып қыранға барып айтыңдар, алдымен Зеңгі бабаның басына күмбез тұрғызсын, ол Әзірет сұлтаннан (Қожа Ахмет Йасауи) көп заман бұрын өткен данышпан, өзі бақташы, сиырды табынымен шоңайтып, халыққа байлық сыйлаған кісі". "Темір халық ұйғарымын қабылдап, Зеңгі бабаның басына күмбез тұрғызған" дейді ескі аңыз. Зеңгі баба күмбезі Қазығұрт тауының оңтүстігінде, Ташкентке таяу жерде салынған.
Түйенің алыбы Ойсыл қараның туған өлкесі — Жетісу, Қазығұрт, Қаратау. Оның бейнесін тас оюшылар осы өлкелерде тасқа ойып түсіріп кеткен.
Шопан ата жатқан жер Маңғыстау түбегінде, кейін оның маңайы әулиелі үлкен қорымға айналған.
Эпостық жырлар.Фольклорлық шығармалар тарихымызды зерттеудегі құнды деректің бірі. Жалпы, қандай да болсын, фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарихіздеу қиын. Дегенмен де көне мифтік аңыз-әңгімелерден халықтың дүниетанымын, кейбір көне әдет-ғұрыптарының іздерін көруге болады. Ал түркі дәуірінен бергі фольклорлық шығармалардан сол замандағытарихи-этнографиялық болмыстың елесін, жаңғырығын таба аламыз. Ал ноғайлы дәуірінен бергі замандағы фольклорлық шығармалардың ішінен тарихта болған оқиғаларға арналған, тарихи тұлғаларға арналған жырларды фольклоршылар жеке жанрға — тарихи жырлар деп бөліп қарастырады.
Батырлар жыры.Қазақ халқының көне эпостық жырларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме-дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс-тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды. Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне "Алпамыс батыр","Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Қамбар батыр" жатады.
Әлеуметтік-тұрмыс эпосы.Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі — әлеуметтік-тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жеке бастың мүддесі —махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар архаикалық, қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар.
Соңғы кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Айман—Шолпан" секілді санаулы жырлар ғана ауызға ілініп келген.
Тарихи жырлар.Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғаларжазба тарих сарынына сәйкес баяндалса, екінші бір тұста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.
