Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС Әдебиет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353.4 Кб
Скачать

3. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары.

Оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттырудапікірталас, айтыс сабақтары, баспасөз конференциялары, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше.Ал, жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар-сабақтарының орны ерекше. Мысалы, 8 сыныпта М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасын» оқып болған соң, қорытынды ретінде «Билер соты» сабағын өткізуге болады. Сот бас қылмыстылар-  Сәлмен мен Жарасбайға жүргізіледі. Ақтаушы, айыптаушы, куәлер, билер, төбе билер сайланады. Олардың сөздері мақал-мәтелдерге, термелеп айтатын сөздерге құрылады. Сондай-ақ, кімнің сөзі болса да, шығармадан алынады, соны негіз етеді.Мысалы, куә Бақтығұл:

«Қайран, тектім-ай, алпамсадай арысым едің...Кескен теректей құладың ғой, қу жоқшылық бір құлатты, кегің кетті, соққы мазағына ұшыратты, дертке шалдықтыртты, керек десе лақ құрлы қалжа да бермеді ғой. Жылқының шетінде інім Тектіғұл өтті, әйелім Қатила саралаетек күң болып, отыңмен кіріп, күліңмен шықты..»

Мұндағы оқушыға таныс емес қалжа, саралаетек,күң деген сөздерге түсінік беруге болады.

    Ізденгіш мұғалім тіл дамытуды оқушыға жеңіл, қызықты әдіс-тәсілдермен өткізеді.Тіл дамыту жұмыстары көбіне мәтінмен жұмыс түрінде жүргізіледі. Сабақ барысында меңгерілмей қалған кейбір мәселелерді осы сәтте талддауға болады. Мысалы, майлы бояумен салынған көркем суретті көрнекілік ретінде қолданып, күз туралы өлеңмен салыстыра сабақ жүргізуге болады. Бұл сабақ- сабақ-гармония деп аталады. Мұғалім күз суреті бойынша оқушыларға бірнеше тапсырмалар берді:

       а) Сурет  бойынша күз көріністеріне суреттеме беру.Мына сөздерді пайдалану: алтындай жарқырап, сары нұрға бөленіп.  

       ә) Сурет пен өлеңді салыстыру.

       б) Сурет бояуы мен өлеңдегі көркемдегіш, бейнелі сөздердің ұқсастығы бар ма?

Осы сабақ арқылы оқушылардың тіл байлығын дамытуға болады. Олар дың әрқайсысы өз ойларын көркемдеп жеткізуге тырысады. Ақын суреттеген күз бейнесінен де өзгеше теңеулер табуға тырысады.  

 Ал, І.Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» поэмаларын өткенде музыка пәнінің мұғалімімен бірлесіп, тіл дамыту жүргізу тиімді. Поэмада аты атлып, сөзбен кестеленген күйлерді күйтабақтан тыңдап, әрі ақын суреттемесін оқып, мынадай жұмыстар жүргізуге болады:

  •  Осы күйден не ұқтың, қандай әсер алдың ? Сол туралы шағын пікір-толғау айт немесе шағын эссе жаз.

  •  Ілияс музыка тілін көркем сөзбен жеткізе білген бе ? Ойыңды поэмадан үзінді алып, дәлелде.

  •  Поэмадан күйді сипаттайтын образды, көркем сөздерді тауып,, олардың күй тілін жеткізудегі орны, маңызы туралы қысқаша тұжырымда.

Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ биология, тарих, т.б сабақтармен байланыстырып жүргізуге болады.

№ 10 БИЛЕТ

1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағаның хан Тұрсын» толғауы.

Марғасқа Жырау(т.-ө.ж.б.) – ақын. Қазақ поэзиясында жауынгерлік рухты жырлап, көне дәстүрді жалғастырған жыраудың өмірі мен өлеңдерінің туындауы туралы нақты деректер сақталмаған. Ол Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Ташкент өңірін билеп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан (1627). Марғасқа Жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. “Ей, Қатағанның хан Тұрсыны” атты өлеңінде Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз жандарды қырып-жойғанын бетіне басады. Марғасқа жырау Қазанғап Байболұлының құрастырып жазып шыққан "Еңсегей бойлы ер есім" атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар. Бірақ оның "Ей қатағанның Тұрсын ханы" деген 13 жолдан тұратын жыры ғана ауызша сақталған. Басқа жазбалары кездеспейді. Қазанғап Байболов "Еңсегей бойлы ер есім" атты дастанын Бекасыл әулиенің "Жаныс шежіресі" тарихи-шежіре кітабының желісі бойынша жазылғанын ескерте кетейік. Қазанғап жырау одан басқа Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шойбек датқа, Астай имам, Арғынбай Баймағанбетұлы, Ботбай Тұрта, қара молда Еркебек, сияқты авторлардың жазбасын пайдаланғаны жөнінде сілтеме жасаған. 1940 жылы жазбаларының ұрлануына байланысты Қазанғап жырау 1941 жылы көктемде Ұлттық ғылыми кітапханасы тарихи қолжазбалар қорына "Еңсегей бойлы ер есім" және "Төле бидің тарихы" деген екі дастанын тапсырған. Авторлық құқығы бекітілген. Есім хан ордасы қазіргі Төле би ауданы, Кеңесарық ауылының жанындағы "Төрткүлтөбе" деген жерде болған. "Қатаған қырғыны" атты Есім хан мен Тұрсын ханның соғысы осы аудандағы Саңлақ, Дабырашылы, деген жерде өткен. Саңлақ - Майбұлақ, Қазақстан ауылының арасындағы Сайрамсу мен Балдыбірек өзендерінің оң жағасындағы тастақты жердің атауы.