- •Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.
- •2. Исатай қозғалысы, Махамбет Өтемісұлы және оның шығармашылығы
- •3. Оқу процесін ұйымдастыру. Сабақ оның түрлері.
- •1. Фольклордың жанрлары.Фольклордың тарихилығы, поэтикасы.
- •2. Кенесары Қасымов қозғалысының әдебиеттегі көрінісі.
- •3. Әдебиетті оқыту әдістері.
- •1. Ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және тәрбиелік маңызы.
- •2. Шоқан Уәлиханов шығармашылығы. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.
- •3. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескерту.
- •1. Жиембет әрі батыр, әрі жырау.
- •2. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, аудармашы.Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
- •3. Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
- •1. Ақтамберді жыраудың мұрасы.
- •2. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Абай лирикасы.
- •3. Көркем мәтінді талдау жолдары.
- •1. Бұқар жырау –қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.
- •2. Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы. «Қарағанды», «Миллионер» романдары.
- •3. Жанр түрлерін таныту.Эпос.Лирика.Драма.
- •1. Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары.
- •2. Ғабит Мүсіреповтің патриоттық тақырыптағы төл туындысы – «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.
- •3. Эпикалық шығармаларды оқыту.
- •1. Ағартушылық - демократтық бағыттағы ақын – жазушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы
- •3. Батырлар жырын оқыту
- •1. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.
- •2. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш», романдары.
- •3. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары.
- •1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағаның хан Тұрсын» толғауы.
- •2. Мұқтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, әңгімелері,драмалары.
- •3. Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері.
- •1. Асан қайғы толғаулары және көркемдік ерекшеліктері.
- •2. Спандияр Көбеев ағартушылық, оқытушылық қызметі. «Қалың мал» романы.
- •3. Сабаққа қойылатын талаптар.
- •1. “Оғыз-наме” эпосы. “Оғыз-наме” эпосының зерттелуі, нұсқалары.
- •2. Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3. Драмалық шығармаларды оқыту.
- •1. Қазтуған жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауы.
- •2. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы «Қамар сұлу» романы
- •Шығармашылығының ерекшелігі
- •Поэма жанрына қосқан үлесі
- •3. Үй тапсырмасын беру, бала білімін есепке алу, бағалау жолдары
- •2.М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының идеялық-көркемдік жетістіктері.
- •3.Әдебиет сабағы.Әдебиет мұғалімі және пәннің маңызы мен міндеттері
- •1.Доспамбет – ерлік пен еркіндік жаршысы.
- •2.1930-1960 Жылдардағы әдебиет.Сәкен Сейфуллин шығармашылығы.
- •3.Поэма жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •1.Жыраулар әдебиетіндегі негізгі тақырып. Ел бірлігі мәселесі.
- •2.Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3.Оқулық.Оқулықпен жұмыс істеу түрлері.
- •2.Абай поэмалары, қара сөздері.
- •3.Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары.
- •1. “Қорқыт ата кітабы”.“Қорқыт ата кітабының” нұсқалары.
- •2. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы, сатиралық бағыттағы еңбектері.
- •3. Жазба жұмыстарының орындалу тәсілі.
- •2. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы дәуір шындығының суреті
- •3. Шығарма, оған қойылатын талаптар. Шығарманың негізгі түрлері.
- •2.Ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы, дастандары.
- •3.Лирика мен поэманы жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •3.Әдебиет сабағында қолданатын жаңа әдіс тәсілдер.
- •1.Ертегілер. Анықтамасы. Шығу тегі. Жануарлар туралы ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер.
- •2.С.Сейфуллин шығармашылығы, лирикасындағы азаттық идея.
- •3.Жыраулар поэзиясын оқыту. «Бұхар –Абылай-заман» тақырыбы.
- •1.Батырлар жырындағы көркемдік тәсілдер. Бас қаһарман бейнесінің сомдалуы
- •2. Ы.Алтынсариннін ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы
- •3.Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары.
- •1.Айтыс. Зерттелу тарихы. Жанрлық сипаттамсы. Айтыстың мазмұны мен тақырыбы.
- •2.Бейімбет Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.
- •3.Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жасау.
- •1. “Кодекс Куманикус”. Құрылысы, мазмұны, идеялық мәні.
- •2. Діни-ағартушылық демократтық бағыттың дамуы. Нұржан Наушабаев өмірі мен шығармашылығы.
- •3. Әдебиетті оқытудың принциптері мен әдістері.
№1 БИЛЕТ
Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.
Қазақ фольклортану ғылымы – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.
V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі.
«Қорқыт ата кітабы» (VIII–IX ғасырлар),
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» (XI ғасыр),
Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (XI ғасыр),
Рабғузидің «Қиссасу-л Әнбие» (XIII ғасыр),
«Кодекс куманикус» (XIV ғасыр), т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштерде қазақ фольклорының үлгілері жинақталған.
Дегенмен, қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырданбасталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк, И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады.
Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.
Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ ағартушылары мен оқығандары:Ш.Уәлиханов,Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев,С.Бабажанов, Т.Сейдалин,С.Жантөрин,Б.Дауылбаев, сондай-ақ ресейлік зерттеушілер: В.В.Радлов,Г.Н.Потанин,А.А.Алекторов,В.В.Григорьев,А.В.Васильев,И.Н.Березин,Н.И.Ильминский,П.М.Мелиоранский,А.П.Харузин үлкен үлес қосты.
Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған.
Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов,М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,Қ.Өскенбайұлы,X.Досмұхамедов, т.б. зиялылар шоғыры қазақ фальклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді.
Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926),
Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927),
Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде, 1928) – қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады. Кеңестік қазақ фальклортану ғылымының даму өрісін шартты түрде 20–30-жылдары, 30–50-жылдары, 50–90-жылдары деп бірнеше белестерге бөліп қарастыруға болады. Ұлт зиялылары 20-жылдардың соңына дейін халық мұрасын жинап, жариялау, зерттеу ісін біршама дамытты. Алайда кеңестік идеология 20-жылдардың соңы мен 30-жылдары қазақ фальклортану ғылымына үлкен зардабын тигізді.
«Алашшыл» ғалым-қайраткерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Әйтсе де С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин тәрізді зиялылар зерттеулерін одан әрі жалғастырды. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1931) атты зерттеу еңбегі жарияланды. Диваев сияқты фольклортанушылар соны ғылыми ізденістер жасады. Бірақ 30-жылдардың соңына қарай бұл буын да саяси зұлмат құрбаны болды. «Жеке басқа табыну» мансұқталғаннан кейін Әуезов, С.Мұқанов,Ғ.Мүсірепов қазақ фальклортану ғылымының жандануына барынша күш салды.
40-жылдардың ортасына қарай Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, кейіндеу М.Ғабдуллин, т.б. әдебиеттанушы-фольклортанушы ғалымдардың жаңа шоғыры қалыптасты. Бұл кезеңде халық мұрасын жинау қайта жанданды, елдің түкпір-түкпіріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Ә.Қоңыратбаев бастаған фольклорлық экспедиция Орта Азиядағы Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, академия қорына мыңдаған қолжазбалар өткізді. 1946-1948 жылдары "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты екі томдық академиялық зерттеу жоспарлап, бірінші томын қазақ фольклорына, екінші томын көне түркі әдебиетіне ("Құтты білік", "Диуани лұғат ит-түрік", "Диуани хикмет", "Бақырған", т.б.) арнады. 1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан ВКП(б) Орталық комитеті "Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси-өрескел қателіктер" ("Социалды Қазақстан", 1 ақпан 1947 ж.) атты қаулы қабылдаған соң, аталған қостомдықтың бірінші томы жарық көріп, екінші томы тоқтатылды. Артынша қаулыда аттары аталған ғалымдар - Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметовалар қызметтен шығарылып, жер аударылды.
Баспа ісі жетіліп, халық әдебиетінің үлгілері жүйелі түрде жариялана бастады. Бұл дәуірде, әсіресе халық ақындары шығармашылығына ерекше назар аударылды. Республикада халық ақындарының дәстүрлі айтыстары жанданды, жер-жерде халық театрлары жұмыс істеп, халық өнерпаздарына қолдау көрсетілді. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертттеу институттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары да қалыпты ырғаққа түсіп, халық мұрасын жинауғастуденттер мен аспиранттар да араласты, қазақ фольклоры жанрлық сала-салаға жіктеліп, диссертациялық тұрғыдан зерттеле бастады. Екі кітабы фольклор тарихына арналған «Қазақ әдебиеті тарихының» (1960–1964) алты томдық зерттеуі жазылды. Қазақ фальклортану ғылымы теориялық әдістемелік жағынан айтарлықтай өсіп, Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, А.Сейдімбек, Ш.Ибраев, Б.Әбілқасымов, т.б. ғалымдардың фольклордың әр саласын тереңдей зерделеген жаңа еңбектерімен толықты. Қазақ фольклоры қолжазбаларының 6 томдық ғылыми сипаттамасы мен көп томдық жинақтары жарияланды. Осы кезеңде фольклордың қандай саясат болса да өзінің табиғи болмысын өзгертпейтін құндылық, халық шығармашылығының қайнары екендігі дәлелденді.
Тәуелсіздік жылдары қазақ фольклортану ғылымына жаңа серпін әкелді. Қазақ фольклорының түрлі жанрларын зерттеуге Бақытжан Әзібаева, Едіге Тұрсынов, Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов, т.б. атсалысты. Бұрын жарияланбай келген шығармалар, әсіресе, тарихи жырлар, діни дастандар ғылыми айналымға түсті. Шет елдегі қазақтар фольклорымен, ғалымдарының еңбектерімен етене танысуға мүмкіндік туды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты қазақ фольклорының 100 томдық басылымын шығаруды қолға алды.
