- •Медициналық симуляция сценариі
- •«Пневмониямен науқастың диагностикасы жене учаскелік жағдайда жүргізу»
- •«Пневмониямен науқастың диагностикасы жене учаскелік жағдайда жүргізу». Клиникалық жағдайына жауап эталондары
- •Медициналық симуляциялық сценарииі
- •Бағалау парағы(check-list)
- •Клиникалық жағдай бойынша эталон жауаптары «Созылмалы панкреатитпен науқасты жүргізу әдісі және диагностикасы».
- •Медициналық симуляцияның сценарийі
- •Бағалау беті (check-list)
- •Лабораторлы-инструментальды зертеулер:
- •Клиникалық есептің жауаптарының эталоны
- •Медициналық симуляцияның сценарийі
- •«Балалардағы созылмалы пиелонефриттің диагностикасы» клиникалық жағдай бағалау беті (check-list)
- •«Балалардағы созылмалы пиелонефриттің диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны
- •Медициналық симуляцияның сценарийі
- •Бағалау беті (check-list) Клиникалық жағдай «Созылмалы гломерулонефрит»
- •Клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны
- •Медициналық симуляция сценариі
- •«Жанұялық амбулатория жағдайында простата аденомасы бар науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша бағалау парағы (check-list)
- •6. Қуықты және простата безін удз:
- •7. Бүйректерді удз.
- •«Жанұялық амбулатория жағдайында простата аденомасы бар науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны
- •Медициналық симуляция сценариі
- •«Жанұялық амбулатория жағдайында темір тапшылықты анемиямен ауыратыннауқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша бағалау парағы (check-list)
- •«Жанұялық амбулатория жағдайында темір тапшылықты анемиямен ауыратын науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны
- •Медициналық симуляция сценариі
- •«Жанұялық амбулатория жағдайында в12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы»
- •Клиникалық жағдай бойынша
- •Лабораторлы және аспаптық зерттеу нәтижелері:
- •Медициналық симуляциялық сценарииі
- •«Деформацияланған остеоартрозбен науқасты жүргізу әдісі».
- •Клиникалық жағдай бойынша эталон жауаптары «Деформацияланған остеоартрозбен науқасты жүргізу әдісі».
- •Медициналық симуляцияның сценариі
- •Клиникалық жағдайға байланысты бағалау беті (check-list)
- •Лабораторлы-инструментальды зерттеулер:
- •«Ювенильді ревматоидты артритпен науқастың диагностикасы мен жүргізу тактикасы» клиникалық есептің жауаптарының эталоны
- •«Бронхиальді демікпенің ұстама кезіңінің диагностикасы жене учаскелік жағдайда жүргізу» клиникалық жағдайы бойынша
- •Медициналық симуляция сценариі
- •Бағалау парағы (check-list)
- •«Жқж диагностикасы және емі»
- •Клиникалық жағдайға жауаптар «жқж диагностикасы мен емі»
- •Медициналық симуляцияның сценарийі
- •Бағалау парағы (check-list)
- •«Жүйелі склеродермияның диагностикасы»
- •ЭхоКг көрсеткіші:
- •Клиникалық жағдай бойынша эталон жауаптары «Жүйелі склеродермияның диагностикасы»
Медициналық симуляция сценариі
Клиникалық жағдай: «Пневмониямен науқастың диагностикасы жене учаскелік жағдайда жүргізу».
Ситуациялық жағдай: Сіз-жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызда 40 жастағы ер адам.
-Анамнез жинаңыз және науқасқа жалпы қарау жүргізіңіз
-Лабораторлы-аспаптық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз
-диагноз қойыңыз
-Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз
Қорытынды нәтиже (outcomes):
- Өкпе патологиясымен науқасты сұрастыру және физикальді зерттеу жүргізу
- Пневмония және оның асқынуларының клиникалық диагностикасы
-Жалпы қан анализі, зәр анализі, қақырық анализі, Грам бойынша боялған қақырық бактериоскопиясы, кеуде ағзаларының рентгенограммасы мәліметтеріне интерпретация жүргізу
- Пневмониямен науқасты жүргізу тактикасы, функциональдық жағдайының мониторингі
- амбулаторлық ем тағайындау
Бағалау парағы (check-list)
«Пневмониямен науқастың диагностикасы жене учаскелік жағдайда жүргізу»
№ |
Қадамдарды бағалау критериі
|
Балл бойынша бағалау |
||
Дұрыс орындады |
Ескертумен орындады |
Орындамады |
||
1 |
Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
1,0 |
0,5 |
0 |
2 |
Пневмонияның ауырлық дәрежесінің критериі анықталды ма. |
1,0 |
0,5 |
0 |
3 |
Физикальді зерттеу жүргізудің дұрыстығы- жалпы қарау. |
1,0 |
0,5 |
0 |
4 |
Физикальді зерттеу жүргізудің дұрыстығы- тыныс алу жүйесі |
2,0 |
1,0 |
0 |
5 |
Болжама диагноз қою |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Зерттеу жоспарын тағайындау |
1,0 |
0,5 |
0 |
7 |
Дифференциальді диагностика жоспары |
1,0 |
0,5 |
0 |
8 |
жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі мәліметтеріне интерпретация жүргізу. |
2,0 |
1,0 |
0 |
9 |
Қақырық зерттеуіне интерпретация |
2,0 |
1,0 |
0 |
10 |
Өкпе рентгенографиясын интерпретация |
2,0 |
1,0 |
0 |
11 |
Емдеу тактикасын анықтады |
1,0 |
0,5 |
0 |
12 |
Ем тағайындады |
2,0 |
1,0 |
0 |
13 |
Ем нәтижелілігін бағалау |
1,0 |
0,5 |
0 |
14 |
Уақытша еңбекке жарамсыздық экспертизасы |
1,0 |
0,5 |
0 |
15 |
Науқаспен дұрыс қарым-қатынас орната білді, қорқыныш сезімін басты. Науқасты ауруын жеңуіне сендіре білді. |
1,0 |
0,5 |
0 |
Барлығы |
20 |
10 |
0 |
|
Стандартталған актерға (науқасқа) арналған сценарии тесті және оның ролі:
Науқас 40 жаста Шағымы: шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене температурасының 38,6°С дейін жоғарылауы, физикалық жүктеме кезінде ентігу, әлсіздік, бас ауруы.
Сұрақ мазмұны |
Актерға арналған сұрақтар |
Жауабы |
Ауруы немен байланысты |
Кашан ауырды |
Суық тиген, 3 күн бүрын |
Жөтел сипаты |
Жөтел сипаты қандай? |
Қақырықпен |
Қақырық сипаты |
Қақырық түсі қандай? |
Шырышты-іріңді, аз мөлшерде |
Температура сипаты |
Қашан бірінші рет температура пайда болды? |
2 күн бұрын |
|
Дене температурасы қаншаға дейін көтерілді? |
39°Сқа дейін |
|
Қай кезде сізде температура болды? |
Күні бойы |
Интоксикация симптомдары |
Сізде әлсіздік, шаршау, бас ауруы болды ма? |
Иа, растаймын |
Анамнезінде: 3 күн бұрын суық тигеннен кейін өзін әлсіз сезінген, құрғақ, ауырсынумен жөтел пайда болған, дене температурасы 39°Сқа дейін жоғарылаған. 1 таблетка парацетамол қабылдағаннан кейін температурасыаздап төмендеген. Бүгін жөтелі ылғалды сипатты болған.
20 жылдан аса темекі шегеді
Объективті статусы:
Жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта Төсектегі қалпы активті. Тері түсі бозғылт, таза. Ісінулер жоқ. ТАЖ 28 рет мин.Температурасы 390С, оң жақ кеуде клеткасы тыныс алу актісінен қалыңқы, өң жақ өкпенің төменгі бөлімінде дауыс дірілі күшейген (сегм. 9-10). Cалыстырмалы перкуссияда – оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде перкуторлық дыбыс қысқарған. Аускультацияда – әлсіреген везикулярлы тыныс фонында майда көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖСЖ 100 рет мин. Іші дұрыс формалы, тыныс алу актісіне қатысады, беткей пальпация кезінде ауру сезімсіз. Ішастардың тітіркену симптомы теріс. Курлов бойынша бауыр өлшемі –9х8х7 см, қыры доғал, беті тегіс, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауру сезімінсіз. Ұрғылау симптомы екі жақты теріс. Үлкен және кіші дәреті қалыпты.
Науқастың лабораторлы-аспаптық зерттеу нәтижелері:
Жалпы қан анализі
Гемоглобин 140 г/л
Эритроциттер 4,1 х 1012/л
Түстік көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 10 х 109/л
Нейтрофилдер:
Таяқша ядролы 8%
Сегмент ядролы 65%
Эозинофилдер 1%
базофилдер 1%
лимфоциттер 18%
моноциттер 7%
ЭТЖ 20 мм/сағ
Жалпы зәр анализі
Реакция: қышқыл
Салыстырмалы тығыздығы-1020
Лейкоциттер-1-2 к/а
Оксалаттар+
Шырыш+
Қақырық анализі
Көлемі - 8,0 мл
Түсі: жасыл
Иісі: жоқ
Реакция: нейтральды
Сипаты- шырышты-іріңді
эпителий клеткалары ++
нейтрофильді лейкоциттер 10-12 к/а
эритроциттер-1-2 к/а
Грам бойынша қақырық жағындысының бактериоскопиясы :
Анықталды: пневмококктар
Өкпенің шолу рентгеногрммасы
