Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-tauhid_detyam_kniga_1.kaz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

II ____________________________________________________ мұғалімге арналған ескертпелер: ____________________________________________________

 Оқушылар Аллаһтың жаратылыстарының ұлықтығын саналы түрде түсінулері үшін, оларға мұның түрлі қырларын ашып көрсетіңіз;  Оқушыларға Аллаһтың белгілері туралы ой қозғау мұсылманның иманын, Раббысы туралы білімін, Оған деген махаббатын және Оны құрметтеуін арттыратынын түсіндіріңіз;

 Оқытушы оқушыларға Аллаһ Тағаланың оларды қоршаған жаратылыстарының адамға және басқа да жаратылыстарға әкелер пайдаларын түсіндіре отырып, оларды осы жаратылыстар туралы ой қозғауға ынталандыруы қажет.

Бұл сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Аллаһтың жаратылыстарының ұлықтығының түрлі қырларын түсіндіру;

  2. Оқушыларды Аллаһтың белгілері мен Оның Жаратылыстары туралы ой қозғауға ынталандыру.

    АЛТЫНШЫ САБАҚ  I ____________________________________________________ ТАҚЫРЫП: АЛЛАҺ – РИЗЫҚ БЕРУШІ ____________________________________________________

Аллаһ аспаннан жаңбыр жаудырады. Аллаһ бізге тамақ пен сусын береді. Аллаһ бізге көру мен есту қабілетін берді.

II ____________________________________________________ талқылауға арналған тақырып ____________________________________________________

1) Сұрақ: Кім бізге тағам мен сусын берді? 2) Келесі сөйлемдерді толықтырыңдар: 1- Мен ....................... Нығметінің арқасында көру қабілетімді пайдалана аламын.

2- Мен ....................... нығметінің арқасында арқасында есту қабілетімді пайдалана аламын.

III ____________________________________________________ мұғалімге арналған ескертпелер: ____________________________________________________

Оқушыларға жаңбырдың пайдасы туралы айтып берініз;  Балалардың назарын суды ысырап етпей пайдалану қажет екендігіне аударыңыз;

Балалардың назарын тамақтың қалдықтарын арнайы орынға қою керектігіне бұрыңыз, өйткені бұл - Аллаһтың нығметтеріне шүкіршілік танытудың белгісі. Ал Аллаһтың нығметтері үшін шүкірлік ету олардың көбеюіне себеп болады, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Егер шүкіршілік етсеңдер, Мен сендерге бұдан да көбін сыйлаймын» («Ибраһим» сүресі, 7-аят); Оқушыларға көру мен есту қабілеттерінен келетін ұлы пайдаларды көрсетіңіз;

Оқушылардың назарын Аллаһ бізге тамақ, сусын, есту және көру қабілеттері сияқты ұлы нығметтерді, Оған құлшылық етуге деген күш-қуатымыздың болуы үшін нәсіп еткеніне аударыңыз.

Бұл сабақтың мақсаты: 1- Оқушылардың естеріне Аллаһтың кейбір нығметтерін салу;

2- Оқушыларды Аллаһқа Оның берген нығметтері үшін шүкіршілік етуге ынталандыру. 

Аллаһ – ризық беруші

Аллаһ бізге денсаулық пен қауіпсіздік берді. 

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Шүбәсіз, Ол Аллаһ – Ризықтандырушы, Күш-қуат Иесі, Мықты» ( «әз-Зәрият» сүресі, 58-аят).

Сондықтан да мен маған барлық нәрсені берген Аллаһқа шүкіршілік етуім қажет!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]