- •Ситуациялық есеп:
- •Стандартталған актерге (пациентке) арналған мәтін сценарийі және оның рөлінің сипаттамасы
- •Қанның биохимиялық сынағы:
- •«Нәрестелередегі гемолитикалық ауруының диагностикасы және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайдыбағалау парағы (check-list)
- •Максимальді балл - 20
- •«Нәрестелередегі гемолитикалық ауруының диагностикасы және ем тактикасы»тақырыбы бойынша клиникалық жағдай жауабының эталоны
- •3 Беттің 3беті
2015-2016 оқу жылына «Педиатрия» дайындау бағытының «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқытылатын (2 саты – клиникалық дағдыларын бағалау), интерндерді Қорытынды аттестациялауға арналған медициналық симуляцияның сценарийі
Клиникалық жағдай: «Нәрестелередегі гемолитикалық ауруының диагностикасы және жүргізу тактикасы»
Ситуациялық есеп:
Сіз – кезекші неонатолог. Тері түсі сарғыш жетілген нәресте туылды.
Науқастың шағымдары мен анамнезін жинаңыз
Лабораторлызерттеу нәтижелерін талдаңыз
Диагноз қойыңыз
Науқасты жүргізутәсілін анықтаңыз
Соңғы нәтиже (outcomes):
Анасынан сұрақ-жауап алу және нәрестені физикалды зертеу
Аурудың клиникалық диагностикасы.
Аурудың дифференциальды диагностикасы.
ЖҚА және қанның б/х анализінің мәліметтерін интерпретациялау.
Нәрестелердегі гемолитикалық ауруы бар нәрестені жүргізудің тәсілі.
Бала анасымен тіл табыса білу және анасындағы үрей сезімін тарқата білу.
Стандартталған актерге (пациентке) арналған мәтін сценарийі және оның рөлінің сипаттамасы
Науқас: жаңа туылған нәрестеанасымен.
Жасы: жаңа туылған нәресте.
Тері түсі сарғыш нәресте туылды.
Сұрақтың мәні |
Актегер қоылатын сұрақтар |
Актердің жауабы (анасының) |
Анамнезді толықтыру
|
Бұған дейінгі балаларының жіне ожлдасының қан тобы мен резусын білесіз бе? |
Иә, бірінші баламның қан тобы бірінші, резусі теріс, екіншісінің қан тобы екінші, резусі оң, күйеуімнің қан тобы бірінші, резусі оң. |
Екінші рет босанғанда антирезустыгаммаглобулин салынды ма? |
Білмеймін |
|
Жүктілік кезінде қарсыденелер өсімі анықталды ма? |
Нақты, білмеймін. |
|
Акушер-гинеколог балаңызда гемолитикалық ауру даму қаупі барын ескертті ме? |
Иә, айтқан болатын |
Анамнезі:Нәресте 3 жүктіліктен, 3 туыт. Мерзімінде дүниеге келген. Жүктілік кезінде анемия болған, 28-30 аптасында жүктіліктің үзілу қауіпі болған. Резус факторға қарсы дене өсімі 1: 20– 28 аптада, ал 33 аптада – 1:100. Босану асқынусыз өткен. Баланың салмағы -3000 гр., бойы- 53 см.
Объективті:Баланың айқайы қатты, ауырсынған. Бас пішіні дұрыс, үлкен еңбегі кернелмеген, беті симметриялы. Шартсыз туа біткен рефлекстері жылдам өшеді. Соруы жақсы. Тері түсі сарғыш, таза, құрғақ. Тынысы тыңдағанда екі өкпенің барлық бөліктерінде жақсы естіледі, сырылдар жоқ. Жүрек үндері ырғақты, кереңделген. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен, көк бауыры ұлғаймаған.
Жалпы қан сынағының нәтижесі: кіндік қанында:Нв – 120 г\л, эритроциттер -3,5 млн, тромбоциттер 180мың, лейкоциттер 13 мың. (с\я – 65%, лимфоциттер – 22%, моноциттер – 13%); 6 сағаттан соң -Нв – 115 г\л.
Қанның биохимиялық сынағы:
- кіндік қанында: жалпы билирубин 75мкмоль/л тікелей емес түрінің есебінен, глюкоза – 2,7 ммоль/л.
- 6 сағаттан соң: жалпы билирубин 87 мкмоль\л тікелей емес түрінің есебінен.
Баланың қан тобы А (II) и қанының резус факторы - Rh (+); анасының қан тобыB (III), Rh (-).
«Нәрестелередегі гемолитикалық ауруының диагностикасы және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайдыбағалау парағы (check-list)
Емтихан тапсырушының коды ____________________ емтихан күні __________________________
Емтихан қабылдаушы ______________________________________________________________
№ |
Бағалау қадамдардың критерийлері
|
Баллмен бағалау |
||
Дұрыс орындады |
Ескертулермен орындады |
Орындамады |
||
1 |
Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
2,0 |
1,0 |
0 |
2 |
Физикалды зерттеу: тексеріп–қарау, пальпация, перкуссия |
1,0 |
0,5 |
0 |
3 |
Болжам диагноз қою (негзгі диагнозды қою, аурудың ауырлығын анықтады). |
1,0 |
0,5 |
0 |
4 |
Тексеру жоспарын негіздеу (барлық қажетті тексеру әдістерін көрсетті). |
1,0 |
0,5 |
0 |
5 |
Жалпы қан анализінің интерпретациясы. |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Қанның б/х сынағын талдады (алынған мәліметтер бойынша анасына ақпарат берді). |
2,0 |
1,0 |
0 |
7 |
Фототерапия көрсеткіштерін анықтау |
2,0 |
1,0 |
0 |
8 |
Билирубиннің сағаттық өсу деңгейі бойынша қанды алмастырып құю операциясын жүргізу үшін көрсеткіштерді анықтау |
1,0 |
0,5 |
0 |
9 |
Басқа да клиникалық-зертханалық зерттеулер бойынша қанды алмастырып құю операциясын жүргізу үшін көрсеткіштерді анықтау |
1,0 |
0,5 |
0 |
10 |
Билирубиннің сағаттық өсуін анқытау |
1,0 |
0,5 |
0 |
11 |
Қорытынды диганозды негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
12 |
Қанды алмастыра құю операциясын жүргізу үшін қанды таңдаудың ережелері мен көлемін анықтау |
1,0 |
0,5 |
0 |
13 |
Қанды алмастыра құю операциясының көрсеткіштерін анықтау |
2,0 |
1,0 |
0 |
14 |
Осы баланың денсаулық тобын анықтау |
1,0 |
0,5 |
0 |
15 |
Босанған анамен тиімді қарым – қатынас орнату және қорқыныш сезімін басу. |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
Барлық баллдар саны |
20 |
10 |
0 |
