Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomdyk_zhumys_IE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.77 Кб
Скачать
  1. Delphi ортасының кіші кәсіпорындар жұмысын автоматтандырудағы мүмкіндіктері

Қазіргі таңда заманымыздың өркендеп, дамып келе жатқан кезінде барлық кіші кәсіпорындарда, тіпті айта кететін болсақ шағын шеберханалардың өзінде кәсіпкерлер қажетті бағдарламаны қолданып, өз жұмыстарын автоматтандыруда. Заман ағымына қарай Visual Basic, Pascal, Delphi сияқты көптеген бағдарламалар да даму үстінде. Осы тілдердің мүмкіндіктерін әр кәсіпкер қажетіне жаратып, көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік алуда.

Жұмыс орнын автоматтандыруда кәсіпкерлерге өте тиімді. Қажетті мәліметтерді беру, сақтау, өңдеу жұмыстары және т.б жұмыстар автоматты түрде орындалып отырғаны өте тиімді болып отыр. Зерттелген компьютерлер құрылғыларын сату және оларды жөндеу шеберханасының мәселелерін Delphi бағдарламалау тілінің көмегімен шешуге болатыны көрсетілген.

2.1 Delphi ортасында мәліметтер қорын құру және басқару

Delphi ортасында мәліметтер қорын құру және басқару әдістерін қарастырмас бұрын, ең алдымен мәліметтер қорына және оның басқару жүйесіне анықтама берсек.

“Мәліметтер қоры” ұғымының пайда болуы программалық жабдықтау саласында ең құнды жетістіктердің бірі болып табылады. Мәліметтер қорын ұйымдастыру және пайдалану бағдарламалау технологиясын байытып, бағдарламалау өнеріне деген қызығушылықтың артуына әсерін тигізді. Мәліметтер қорынсыз қазіргі барлық қаржылық, өнеркәсіптік, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, басқару мүмкін емес десе де болады. Сондықтан әрбір ұйымның, мекеменің жұмысын компьютер көмегімен басқару үшін мәліметтер қорын пайдаланатын қолданбалы программалар - автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жазылады.

Мәліметтер қоры дегеніміз – белгілі бір салаға байланысты құрылымы дәл анықталған сәйкес ережеге жүйелі түрде келтірілген ақпараттық массив. Қолданушылар көзқарасы бойынша, мәліметтер қоры дегеніміз – ақпараттармен жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін бағдарлама. Ондай бағдарламаны іске қосқанда, әлбетте экран бетіне кесте шығады, бағдарламаларды қарастыра отырып қолданушы, өзін қызықтыратын ескермелерді тауып алуына болады. Егер жүйе мүмкіндік берсе, қолданушы мәліметтер қорына келесі өзгерістерді енгізе алады: жаңа ақпарат енгізу, немесе керексіз ақпараттарды жою т. с. с.

Бағдарламашының көзқарасы бойынша, мәліметтер қоры – ақпараттардан құралған файлдaр жиыны. Бағдарламашы мәліметтер қорын қолданушыға жеңіл етіп өңдей отыра, файлдaрмен жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін бағдарлама жасайды. Қазіpгі уақытта, локальдік және қашықтатылған мәліметтер қорын қолданатын, және де оны құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жүйелердің аса көп мөлшері бар. Олар, локальдік (dBASE, FoxPro, Acces, Paradox) және қашықтатылған (Interbase, Oracle, Sysbase, Infomix, Microsoft SQL Server). Delphi-дің құрамына, түрлі жүйелерде құрылған мәлметтердің файлдарымен жұмыс атқаратын, бағдарламалар құруға мүмкіндік беретін МҚБЖ-лері кіреді, олар: dBASE–дан бастап Informix пен Oracle–ге дейінгілер. Сондай-ақ Delphi, бағдарламашыға Borland Database Desktop утилитін қолдана отырып, мәліметтер қорын әртүрлі пішімде құруға мүмкіндік береді.

Адамдардың қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсіндіріледі.

Мәліметтер қорының артықшылықтары:

- Глобальді қателердің пайда болуынан қауіптенбей-ақ ақпаратты жаңартуды кез-келген уақытта орындауға болады.

- Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қолданбалы пакеттерді модернизациялау (ауыстырып қолдану) мүмкіндігі туды.

- Мәліметтер қорын қолданбалы программалардан бөлу мүмкіндігі туды.

Мәліметтер қорын компьютерде жинақтап, сақтап, оны әрі қарай өңдеуге көмектесетін программаларды мәліметтер қорын басқару жүйелері деп аталады. Олардың негізгі қызметтері- мәліметтерді анықтау, өңдеу, басқару. Мәліметтер қорын басқару жүйесі келесі компоненттерден тұрады:

1) Толық функционалды МҚБЖ

2) Мәліметтер қоры серверлері

  1. Мәліметтер қоры клиенттері

  2. Мәліметтер қоры жұмыс істеуге арналған құралдар

Толық функционалды МҚБЖ-не мыналар жатады: Cearion, DataBase, Access, FoxPro, Paradox. Бұл мәліметтер қорын өңдеу уақытында жетілдірілген интерфейсін жасауға, оны әрі қарай жетілдіруге мүмкін беретін программалар тобы. Олар мәліметтер қорына қолданатын барлық функцияларды жеңіл орындауды және программалау мүмкіндігіне рұқсаты бар.

Мәліметтер қоры серверлері желідегі деректерді орталықтандырып сақталатын программалар. Оған мыналар жатады: Nate Ware Sql, Sql Server, InterBase, Sql Base Server. Мәліметтер қоры клиенттері – толық функцияларды МҚБЖ-рі, электрондық кестелер, электрондық пошталар, мәтіндік редакторлар бола алады.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған құралдар: Clipper, Delphi, Visual Basic, Silverun. Олар клиенттік программаларды мәліметтер қоры серверлерін қолданушылық қосымшаларды құруға мүмкіндік береді.

Delphi ортасында мәліметтер қорын құруды әртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады. Delphi-де мәліметтер қорын өзіміз құруға да болады, сонымен қатар Visual FoxPro, Access сияқты бағдарламалары мен ADO технологиясының көмегімен және стандартты МҚБЖ-н қолданбай-ақ BDE және Delphi бірлесе отырып, DataBase Desktop бағдарламасын ұсынады.

Мәліметтер қорын құру барысының аса маңызды мезеті – жазба өрістерінің арасындағы ақпараттардың бөлінуі болып табылады. Осыдан көрініп тұрғандай, өрістер арасында ақпарат - әртүрлі болып бөлінуі мүмкін.

Келесі мәліметтер қорын қолдану кезінде кейбір крийтерилер бойынша ақпараттарды таңдау орындалатын болса, онда осы таңдауларды қамтамасыз ететін ақпаратты жеке бір өріске орналастыру керек. Жазбаның өрістері толық анықталып болған соң, өрістердің кестелерге бөлінуін орындау қажет. Қарапайым мәліметтер қорында барлық өрістерді бір кестеге орналастыруға болады. Күрделі мәліметтер қоры өрістерді бірнеше кестелерге бөледі, және кейбір қосымша (әрбір жазбаның рөлін атқаратын) ақпараттарды енгізеді. Жәнеде, кестелер арасында байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Мәліметтер қорының құрамын анықтап алғаннан кейін кесте құруға көшеміз. Кесте, Delphi–дің құрамына кіретін Database Desktop утилитінің көмегімен құрылады. Көп жағдайда DataBase Desktop Delphi-дің басты менюіндегі Tools бөлімінде енгізілген. Егер онда жоқ болса, оны Tools – Configure Tools командасы арқылы енгізуге болады.

Paradox 7 МҚБЖ кестесін DataBase Desktop-тің көмегімен жасайық. Paradox 7-де МҚ дегеніміз - .db кеңейткіші бар кестелер жататын каталог. Сондықтан да ең алдымен сәйкес каталог құрып алған жөн. Мысалы, «Проводник» арқылы. Содан кейін DataBase Desktop-та File – New командасын орындаймыз. Сонда келесі меню ашылады:

- QBE Query – сұраныстың визуальды құрауышы және де сол сұраныстың файлдағы жазбасы;

- SQL File – SQL-де сұраныстардың құрылуы және файлға жазылуы;

- Table – жаңа таблицаны құру.

Осыдан Table-ді таңдаймыз. Сонда сұхбат терезесі ашылады. Тізімнен Paradox 7-ні таңдаймыз. Сол кезде кесте құрылымын жөндейтін терезе ашылады. Бұл терезеден құрылатын кестенің құрылысын (өрістер, олардың типтері), екілік индексті өрістерге диапазонын енгіземіз.

DataBase Desktop көмегімен кестені толтыру және структурасын өзгерту. Таблицаны құрып болғаннан кейін, оны File – Open командасының көмегімен ашамыз. Table – Info Structure командасы таблицаның структурасы туралы ақпаратты көрсетеді. Table – Restructure командасы таблицаның структурасын және қандай да бір сипаттамаларын өзгертуге мүмкіндік береді.

Кестенің әрбір өрісі үшін, оның атауын, түрін және қажет болса өрістің көлемін беру қажет. Өрістің аты, мәліметтермен қатынас құру үшін қолданылады

«Клиент-сервер» архитектурасы

Қашықты мәліметтер қоры желінің компьютер-серверінде орналасады, ал осы мәліметтер қорымен жұмыс атқаратын қосымша қолданушы компьютерінде орналасады.

Егер ақпараттық жүйе сервер мен мәліметтер қорының клиенті бола тұрып бірыңғай емес бөліктерге бөлінетін болса, онда «клиент-сервер» архитектурасын қолданамыз (14-сурет). Компьютер-сервер клиенттен бөлек орналасқандықтан, оны қашықты сервер деп те айтады.

Клиент мәліметтерді алу үшін мәліметтер қоры орналасқан қашықты серверге сұраныстар жібереді және қалыптастырады. Сұраныс мәліметтердің реляциялық моделдерін қолдануда серверге қатынаудың стандартты құралы болып табылатын SQL тілінде қалыптасады.

Сұраныс алынғаннан кейін қашықты сервер оны қашықты мәліметтер қорын басқаратын, сұраныстың орындалуын және оның нәтижесін клиентке беруді қамтамасыз ететін арнайы бағдарламаға – SQL-серверге (мәліметтер қоры серверіне) жібереді.

Барлық сұраныстарды өңдеу үрдістері қашықты серверде орындалады. Осындай архитектура келесі ерекшеліктерге ие:

- желіде тек керекті ақпараттар айналымы жүргендіктен, желіде жүктеме баяулайды;

- серверде орналасқан барлық клиенттердің сұраныстарының өңделуі бір бағдарламаның орындалуымен байланысты ақпараттардың қауіпсіздігі артады. Сервер барлық қолданушыларға ортақ мәліметтер қорын қолданудың ережелерін орнатады, т.б.

14-сурет. «Клиент-сервер» архитектурасы

«Клиент-сервер» архитектурасын жүзеге асыру үшін әдетте, көпқолданушы мәліметтер қорын басқару жүйесі қолданылады, мысалы, Oracle, Microsoft SQL Server. Көптеген қолданушылардан тұратын кәсіпорындар мен ұйымдар ақпараттық жүйелерін құруға мүмкіндік беретін кейбір МҚБЖ-ін өнеркәсіптік деп те айтады.

Мәліметтер қорына қатынас құру. Мәліметтер қорына қатынас құруды – BDE құраушыларының палитрасы және белгілері Data Access вкладкасында орналасқан Database, Table, Query және Data Source құраушылары қамтамасыз етеді. Database құраушысы, мәліметтер қорын бір тұтас, яғни кестелер жиынына біріктіреді. Ал Table құраушысы, мәліметтер қоры кестелерінің бірін көрсетеді. Data Source (мәліметтер көзі) құраушысы – мәліметтерді көрсету-түзету байланыс құраушыларын және кесте болып табылатын мәліметтер қоры, немесе кестеге қойылған SQL–сұрауларының орындалу қорытындысымен қамтамасыз етеді. Data Source құраушысы – мәліметтер көзін үнемді таңдауға, бір құраушыны ғана пайдалануға мүмкіндік береді. Мәліметтер қоры, жалғыз бір кестеден, қарапайым жағдайда, мәліметтер қорымен жұмыс атқару – бір Table құраушысымен бір Data Source құраушысынан тұруы қажет.

Қазіргі уақыттағы ақпараттық жүйені дамыту үшін қосымша жаңа күрделі зерттеу есептерінің мәнін ашу, мәліметтер қорын басқару жүйелерінің қолданылуымен байланысты, яғни мультимедиялық объектілерді қолдау, бөлімшеленген ақпараттарды сақтау, мәліметтер қорын басқару қарапайымдылығы және олардың қолданылуы сияқты тапсырмалар топтамасына шолу жасау. Мәліметтер қоры деп – бір немесе бірнеше компьютерлер арқылы қатынас құрылатын ақпараттардың электронды қоймаларын айтады.

Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеудің бірнеше әдістерін қолдануға болатынын көріп отырмыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]