- •Дипломдық жұмыс
- •5В070300- Ақпараттық жүйелер мамандығы
- •Дипломдық жұмыс
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •5.1 Компьютерлік кабинеттердегі өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы.........................................................51
- •1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
- •1.1 Ақпараттық жүйелер және олардың классификациясы
- •1.2 Delphi және автоматтандырылған ақпараттық жүйе
- •1.3 Delphi-дегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің құрылу тәсілдері
- •Delphi ортасының кіші кәсіпорындар жұмысын автоматтандырудағы мүмкіндіктері
- •2.1 Delphi ортасында мәліметтер қорын құру және басқару
- •Мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері және олардың ерекшеліктері
- •3 Есептеу техникасын жөндеу және сату бизнесін автоматтандыру жобасы
- •3.1 Жобаның структурасы.
- •3.2 Жобаның техникалық мінездемелері.
- •4 Жұмыстың экономикалық негізделуі.
- •4.1 Бағдарламалық қамтаманы өңдеудің еңбек сыйымдылығын анықтау.
- •4.2 Бағдарламалық қамтаманы өңдеуге кеткен шығындарды есептеу және оның тиімділігін анықтау
- •5 Еңбекті қорғау
- •5.1 Компьютерлік кабинеттердегі өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы
- •Бағдарламалаушының жұмыс орнына қойылатын талаптар.
- •5.2 Электр қауіпсіздігі
- •5.4 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша қорытынды
1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе – ақпаратты сақтау, тасымалдау және өңдеумен байланысты қызметті автоматтандыруға арналған бағдарламалық - аппараттық құралдар жиынтығы.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) – ақпараттар жиынтығы болып табылады, басқаратын шешімдерді қабылдап алу және ақпараттарды өңдеу үшін арналған мамандар мен техникалық құралдардың, бағдарламалық, техникалық, экономика-математикалық үлгілер мен әдістердің ақпараттар жиынтығын ұсынады.
Автоматтандырылған жүйенің қолдану артықшылығы мәліметтерді өңдеуде қолмен өңдеуге қарағанда аз уақыт жұмсалады, қағаз түрінде де ақпарат үлкен кеңістік алады, дәл солай ақпараттарды сақтауда да азырақ орынға ие болады. Автоматтандырылған жүйе тез әрекетілігімен, өңдеу жылдамдығымен, көрнекті және ыңғайлы интерфейсімен ерекшеленеді.
ААЖ-нің мәліметтер қоры – жалпы принциптерді суреттеулері бар мәліметтерді манипуляциялау мен сақтау, сонымен қатар қолданбалы бағдарламадан олардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің нақты белгілері бойынша реттелген мәліметтердің, көрсеткіштердің, құжаттардың, файлдардың жиынтығы. Мәліметтер қорында ААЖ тек қана экономикалық емес, сонымен қатар құқықтық, техникалық, ғылыми және басқа да ақпараттарды көрсетуі мүмкін. Мәліметер қорын жіктеу негізінде әртүрлі бөлу негіздері бола алады. Көптеген жағдайда мәліметтер қорын жүйеге келтіру негізінің таңдау функционалдық және ақпараттық міндеттердің мінездемелерімен және кәсіпорын жұмысының нақты шарттарымен анықталады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе, бір жағынан, ақпараттық жүйенің (АЖ) бір түрі, екінші жағынан, автоматтандырылған жүйе (АЖ), осыдан келіп оларды көбінде ақпараттық жүйе немесе автоматтандырылған жүйе деп атайды.
1.1 Ақпараттық жүйелер және олардың классификациясы
Ақпараттық жүйе – бұл ұйымдық-реттелген өзара байланысқан құралдардың және ақпараттық технологиялардың әдістерінің жиынтығы, сонымен қатар алға қойылған мақсатқа жету барысында ақпараттарды өңдеу және шығару. Ақпараттық жүйенің мұндай түсінігі ЭВМ ақпараттарын қайта өңдеу құралдарының негізгі техникалық сапасын қолдану және кез келген облыстағы қажетті тапсырмалардың шешімін қабылдау, ақпараттарды шығару және ақпараттық үрдістерді орындау барысындағы байланыс құралдарын талап етеді.
Ақпараттық жүйе құрастырушы элементтер тұратын компьютер, компьютерлік желілер, бағдарламалық өнімдердер, мәліметтер қоры, әртүрлі бағдарламалық және техникалық құралдарымен байланысы бар адамдар ортасы және т.б болып табылады. Ақпараттық жүйенің құрылуы үшін адам рөлінің маңызы өте жоғары, яғни өндірілетін ақпараттың алынуы мен ұсынылуы адам арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйенің негізгі ойы және кейбір принциптері оларды ұйымдастыруы компьютерлер шыққаннан бұрын пайда болған, дегенмен компьютеризациялау оншақты және жүздеген рет ақпараттық жүйенің нәтижелілігін артырды және олардың қолдану сферасын кеңейтті.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде ақпараттарды сақтау үшін жауап береді:
физикалық деңгейде
- жады құрылғысы (RAM)
- сыртқы жинақтауыш
- дискілік массивтер
бағдарламалық деңгейде
- файлдық жүйе ОЖ
- МҚБЖ
- документтерді, мультимедиаларды және т.б. сақтау жүйелері (1-сурет).
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің классификациясы
1-сурет. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе классификациясы
Ақпараттық үрдістерді автоматтандыру дәрежесіне негізделе отырып ақпараттық жүйелер қолдан жасалған, автоматты және автоматтандырылған болып бөлінеді.
Қолдан жасалған ақпараттық жүйелерде ақпараттарды өңдеуде пайдаланатын қазіргі заманғы техникалық құралдар қолданылмайды, яғни барлық операциялар қолмен орындалады.
Автоматты ақпараттық жүйелерде ақпараттарды өңдеу бойынша жасалған барлық ақпараттар адамның қатысуынсыз орындалады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде ақпараттарды өңдеу бойынша жасалатын барлық операцияларға адам да, техникалық құрал да қатысады.
Мәліметтерді өңдеу сипаты бойынша ақпараттық жүйелер ақпараттық-іздеуші және ақпараттық-шешуші болып бөлінеді.
Ақпараттық-іздеу жүйелері мәліметтерді ешқандай күрделі түрлендірулерсіз қолданушы сұранысы бойынша ақпараттар беруді, енгізуді, жүйелеуді, сақтауды жүзеге асырады. Мысалы, кітапханалық ақпараттық-іздеу жүйелері, транспорттық билеттерді сату, алдын ала тапсырыс беру ақпараттық-іздеу жүйелері және т.б.
Ақпараттық-шешуші жүйелер ақпаратты өңдеу және түрлендіру операцияларын нақты анықталған алгоритмдер бойынша жүзеге асырады. Осының ішінде өңделген ақпараттың шешім қабылдау үрдісіне әсер ету сипаты бойынша екі класқа бөлінеді: басшылық ететін және кеңес беретін.
Басшылық ететін ақпараттық жүйелер негізінде адам шешім қабылдайтын ақпаратты өңдейді. Мұндай жүйелер үшін үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу және есептеу сәйкес келеді. Мысалы, өндірістік және тапсырыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есеп және тағы басқа да ақпараттық жүйелер.
Кеңес беретін ақпараттық жүйелер басшылық шешімдермен қалыптасу барысында ескерілетін мағлұматтарға қатысты адамдармен қабылданатын шешімдерді (ақпараттарды) өңдейді, бірақ нақты әрекеттер қолданбайды. Мысалы, эксперттік жүйелер.
Қолдану сферасы бойынша ақпараттық жүйелер классификациясы.
Ұйымдастырылған басқару ақпараттық жүйелері басқарушылық ететін персоналдар функциясын автоматтандыру үшін арналған. Мұндай жүйенің негізгі функциялары: оперативті бақылау және реттеу, оперативті есепке алу және талдау, перспективті және оперативті жоспарлау сияқты тағы да басқа экономикалық және ұйымдастырушылық есептер кіреді.
Технологиялық үрдістерді басқару ақпараттық жүйелері өндірістік операцияларды басқару және бақылау бойынша өндірістік персоналдар функциясын автоматтандыруға арналған.
Автоматтандырылған жобалау ақпараттық жүйелері жаңа технологиялар мен техникаларды құру барысында инженер жобалаушылар, құрастырушылар, архитекторлар, дизайнерлер функцияларын автоматтандыруға арналған.
Интегралданған (корпоративті) ақпараттық жүйелер ұйымның барлық функцияларын автоматтандыру үшін қолданылады және жобалаудан өнімнің өтуіне дейінгі жұмыстың барлық циклін қамтиды.
Сонымен, автоматтандырылған ақпараттық жүйе дегеніміз әртүрлі ұйымдардағы басқару шешімдерін қабылдауға қажетті қолданушылардың сұранысы бойынша мәліметтерді сақтау, іздеу және өңдеуге арналған техникалық, бағдарламалық және тілдік құралдардың ақпараттық массивтер жиынтығы.
Өндірісті автоматтандыру деп тек компьютерді сатып алу және корпоративті желілерді құруды ғана емес, компьютерден, желіден, бағдарламалық қамтамасыз етуден тұратын, ең бастысы ақпараттық ағымдарды ұйымдастыратын ақпараттық жүйелерді құруды түсінуге болады. Көптеген өнеркәсіптерде ендірілген ақпараттық жүйелерге (АЖ) талдау жасай отырып, қандай да бір өнімді АЖ базасына интеграциялау уақыт өте келе аяғына дейін ендірілмегеніне немесе оның компаниямен қолданылмайтынына көз жеткізуге болады.
Тәжірибе арқылы АЖ ендіру нәтижесінде клиенттің өз жүйесін толығымен игерген және оның қалай жұмыс істейтінін түсінген жобалардың сәтті екенін көруге болады.
Дәстүрлі тәсілдер барысында өндіріс басшылығы жобаға айрықша көңіл аударғанда, оның барлық қорларын меңгергенде, өндірістегі барлық бизнес-үрдістерді ұйымдастыра білгенде өте қиын қолжеткізуге болатын нәтижелер алуға болады. Кері жағдайда басшы жүйе ұсынатын цифрлардың қайдан, қалай шыққанын және оған кім жауапты екенін білмейді.
Қазіргі заманда ақпараттық жүйелерді құрудың жаңа тәсілдері қажет. Жаңалық базада қандай да бір интегралданған өнімге жүйе құрумен ғана шектелмейді, жүйені тыңғылықты жобалауды және одан кейін адекватты бағдарламалық құралдың көмегімен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет.
Тапсырыс берушіге де, тасымалдаушыға да ақпараттық жүйе құру үшін қандай да бір бағдарламалық жоба таңдағанға дейін, алдымен талдау жасап, содан кейін ғана жобалауды бастауы қажет. Басқаша айтқанда, тек жоба алдындағы мұқият тексерулер және нақты мекемені басқару құрылымдарының барлық ерекшеліктері қарастырылған жобалаулар ғана ақпараттық жүйені автоматтандыруды ендіру барысында нағыз нәтижелерге қол жеткізуге болады.
