Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomdyk_zhumys_IE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.77 Кб
Скачать

5.1 Компьютерлік кабинеттердегі өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы.........................................................51

5.2 Электр қауіпсіздігі......................54

5.3 Өрт қауіпсіздігі..........56

5.4 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша қорытынды...........58

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................60

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТIЗIМI.............................61

ҚОСЫМША............................................................................................................63

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыста кіші кәсіпорындар жұмысын автоматтандырудағы Delphi бағдарламалау тілінің маңыздылығы зерттеледі.

Дипломдық жұмыста мақсаты: есептеу техникасын жөндеу және сату, оларды жөндеу шеберханаларына келген клиенттерге қызмет көрсету жұмыстарын автоматтандыру болып табылады.

Өзектілігі: Өзіміз байқап жүргендей: көптеген компьютер сату және жөндеу жұмыстарымен айналысатын кішігірім мекемелерде толық автоматтандырылған ақпараттық жүйе жоқ деп айтуға болады. Себебі, клиенттерге олар өз қоймаларындағы заттардың прайс-беттерін ұсынады және клиенттерді компьютердегі базаға тіркемейді. Сонымен қатар клиенттерге кепілдік қағаздарын бланкке қолмен толтырып береді. Өздеріне қажетті деректерді мәтіндік редакторда, электрондық кестелерде шашыратып сақтайды. Есеп тапсыру кезінде де осы әдісті қолданады. Бұл әлі де болса, жұмыстардың толық автоматтандырылмағандығын көрсетеді. Дипломдық жұмыста осы мәселені шешу талқыланды.

Қазіргі таңда заманымыздың өркендеп, дамып келе жатқан кезінде, әрбір үйде компьютер болуы таңданарлық құбылыс емес. Барлық кіші кәсіпорындарда, тіпті айта кететін болсақ шағын шаштараз, тігін шеберханаларының өзінде кәсіпкерлер қажетті бағдарламаны қолданып, өз жұмыстарын автоматтандыруда. Заман ағымына қарай Visual Basic, Pascal, Delphi сияқты көптеген бағдарламалар да даму үстінде. Осы тілдердің мүмкіндіктерін әр кәсіпкер қажетіне жарата алса, заманымызға сай тұрғыда көптеген мәселелер шешіледі деп есептеймін. Біз зерттеген компьютерлер құрылғыларын сату және оларды жөндеу шеберханасының мәселелерін Delphi программалау тілінің көмегімен шешуге келетініне көз жеткіздік.

Дипломдық жұмыстың мазмұнында негізгі үш бөлім қарастырылды. Бірінші бөлімде автоматтандырылған ақпараттық жүйе жайлы, оның Delphi бағдарламасында құрылу тәсілдері қарастырылды. Екінші бөлімде Delphi ортасының кіші кәсіпорындар жұмысын автоматтандырудағы мүмкіндіктері туралы қарастырылады, яғни Delphi ортасында мәліметтер қоры қалай құрылатыны және басқарылатыны, мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері және олардың ерекшеліктері жайлы айтылады. Үшінші бөлімде дипломдық жұмыста құрылған жобаның структурасы, жобаға қатысты мәліметтер қорын құрастыру жолдары, жобаның техникалық мінездемелері, әртүрлі есептер және осы жобаның қолданыстағы ұтымдылығы қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]