- •Дипломдық жұмыс
- •5В070300- Ақпараттық жүйелер мамандығы
- •Дипломдық жұмыс
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •5.1 Компьютерлік кабинеттердегі өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы.........................................................51
- •1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
- •1.1 Ақпараттық жүйелер және олардың классификациясы
- •1.2 Delphi және автоматтандырылған ақпараттық жүйе
- •1.3 Delphi-дегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің құрылу тәсілдері
- •Delphi ортасының кіші кәсіпорындар жұмысын автоматтандырудағы мүмкіндіктері
- •2.1 Delphi ортасында мәліметтер қорын құру және басқару
- •Мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері және олардың ерекшеліктері
- •3 Есептеу техникасын жөндеу және сату бизнесін автоматтандыру жобасы
- •3.1 Жобаның структурасы.
- •3.2 Жобаның техникалық мінездемелері.
- •4 Жұмыстың экономикалық негізделуі.
- •4.1 Бағдарламалық қамтаманы өңдеудің еңбек сыйымдылығын анықтау.
- •4.2 Бағдарламалық қамтаманы өңдеуге кеткен шығындарды есептеу және оның тиімділігін анықтау
- •5 Еңбекті қорғау
- •5.1 Компьютерлік кабинеттердегі өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы
- •Бағдарламалаушының жұмыс орнына қойылатын талаптар.
- •5.2 Электр қауіпсіздігі
- •5.4 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша қорытынды
Бағдарламалаушының жұмыс орнына қойылатын талаптар.
Столдары 1200х800 мм-ден 1600х800 мм-ге дейін ұлкен болуы тиіс. Мұндай столда барлық техниканы орналастыруға болады. Барлық техника стол үстінде орналасуы керек, өйтені стол астында аяққа жетерліктей кеңістік болу және тіпті дисководқа диск салу үшін де столдың астына кіру айтарлықтай жалықтырып жібереді. Қазіргі таңда ұзақ уақыт компьютерге отырғанда аяққа жайлылық пен тыныштық беретін стол астында аяққа арналған 5-тен 15 градусқа дейінгі көлбеу тіреуішті столдар бар.
Сонымен қатар орындық та дөңгелекті, жерден отыру биіктігі 42-53 см, орындық биіктігі 72 см болуы керек. Компьютер алдына кеуде мен жамбас, кеуде мен білек арасындағы бұрыштары 90 градусқа тең болардай етіп отыру қажет. Монитор көзден 45 см-ден аз емес аралықта, оған қоса оны мониторды «көзбе-көз» қарайтындай емес, экранның үстінен оған бірнеше 5-тен 35 градусқа дейінгі бұрыш үстінен қарайтындай еңкейтіп қойған дұрыс. Пернетақтаның столға еңкейіс бұрышын 5-10 градус шамасында қою ұсынылады [25].
Дербес компьютерлермен жұмыс кезіндегі электр қауіпін тудыратын негізгі себептер:
электр құрылғыларының дұрыс орнатылмауы;
заземлениенің жоқтығы;
жалаңаш өткізгіштерді қолдану;
электр тогымен жұмыс кезіндегі техника-қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
Электр тогының организмге әсерінің нәти жесі бірнеше факторларға байланысты: электр тогының сипатына, организм жағдайына және сыртқы орта жағдайына. Адам өміріне ылғалды бөлмеде 24В қауіпті болып саналады, ал құрғақ бөлмеде – 36В.
Токтың әсері адам организмінің кейбір бөліктерінде күйіктер пайда болуына, қан тамырларының, жүйке жүйесінің, қанның және т.б. қызуына әкелуі мүмкін. Электр тогының әсері қанның және организмнің басқа да сұйықтарының жіктелуінен байқалады және олардың физико-химиялық құрамын бұзады. Биологиялық әсері организмнің кейбір бөліктерінің тітіркенуі мен қозуынан көрінеді және организм бұлшық еттерінің, жүректің және өкпенің тырысуына (судорог) әкеледі. Нәтижесінде түрлі бұзылулар туындап, тіптен қанайналым мен жүрек соғысының толық тоқтауына әкеледі.
Компьютерленген жұмыс орны электр тогы қауіпсіздігі тұрғысынан 1 классқа жатады, яғни бұл бөлмеде қауіптілік жоғары (құрғақ, шаң-тозаңсыз, ауа температурасының тұрақтылығы, оқшауландырылған еденнен және азғана жерге жерсіндірілген құрылғылардан тұрады.
Жұмысшылардың жұмыс ортасында барлық құрылғылардың ішінен металдандырылған тек қана компьютердің жүйелік блок корпусы жатады, бірақ бұл жерде жүйелік блок қолданылады, олар IBM фирмасы жұмыс изоляциясынан басқа элементтерді, қор көзіне қосылған сымтетік жерсіндіреді. Сондықтан бөлме пункті 1 класс міндетіне (ПУЭ) жатады.
Жұмыс орындау барысында компьютер корпусында статикалық энергия жиналады. Электростатикалық өрістердің қысымы экраннан 5-10 см алшақ орналасқан кезде, ол 60-280 кВ/м құрайды, яғни өзінің нормасынан 20 кВ/м 10 есеге асады.
Қысымды азайту мақсатында нейтрализаторлар және ылғандырылған, антистатикалық еден төсеніші қолданылады.
5.2 Электр қауіпсіздігі
Электр қондырғылардың бірнеше түрі мен жұмыс істеген кезде ереже бұзып, немесе ток жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп, кеткен жағдайда адаммын өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Адам ағзасына ток тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жұмыс істемеуі және жүйке жүйелерінің бүлінуі мүмкін.
Бұдан басқа электр тогы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін және күюдің ауырлық жағдайы токтың шамасына байланысты болады.
Адам ағзасының өтіп жатқан тоққа кедергісі бірнеше факторларға байланысты, тұрақты токпа жоқ ауыспалы ток па? Адам шаршаған болса, қанша көлемде ток тартқан ауыспалы токтың соғуына теріс байланысты. Адам ағзасынан ток қанша көлемде өтсе, ток тарту сонша көлемде өтеді. Адамды ток тартқан кезде, 30 секундта денесі 25% төтеп береді, ал 90 секундта — 70% күйіп қалады. Адам ағзасы үшін тұрақты ток та ауыспалы ток та қауіпті, бірақ тұрақты токтың қауіпсіздігі 3-5 рет аз, ауыспалы тоқтан. Тұрақты ток 50МА-ге дейін, ал ауыспалы ток ІОМА-ге дейін қауіпті [25].
Ток күші 0,05А болса, адамға қауіпті, ал 0,1 А — адам өмірін қияды. Ток өткізудің екі түрі бар:
1) электрлік соғулар — олар адамның ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.
2) электрлік жарақаттар — олар адамның сыртқы терілерін жарақаттайды.
Электр кауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары жұмыс орнын ұйымдастыру.
Электр қауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары 3-ке бөлінеді. Бұларды орындайтын жұмысшылар электр қондырғыларын іске қосқанда өте білімді жауапты маман болуы тиіс.
1) оперативтік персонал — кезекші электротехникалық персонал — бүкіл қарамасындағы электр қондырғыларын қосып және соған жауап береді.
2) жөндейтін персонал— бұлар электр қондырғыларын жөндеу, реттеу, монтаждау сияқты жұмыстарға жауап береді.
3) оперативтік жөндеу персоналы — бұлар әрі жөндеу, реттеу, монтаждау мен қоса бүкіл, Электр қондырғыларын іске қосып, әрі жауап береді.
Электр қондырғыларын жөндейтін, әрі іске қосатын жұмысшылар, денсаулықтары мықты, ешқандай науқас емес жәые білікті, білімді болуы керек, әрбір жұмысшы электрлік жұмысқа барар кезде электр қауіпсіздігі туралы емтихан тапсырып, білімін тексереді. Электр қауіпсіздігі жөнінде курстық сабақтар өтіп, жұмыс орнында квалификациялық комиссиялар жұмысшыларды тексереді.
Комиссия жұмысшылардың біліміне қарай оқу дәрежесін жоғарылатады, сөйтіп білімін және дәрежесін көрсететін куэлік беріледі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру электротехникалық жабдықтарды қолданарда техникалық қауіпсіздікті сақтау екі түрге бөлінеді [25]:
1) оперативтік электр қондырғыларды іске қосып тексеру, жеңіл жұмыстар істеу, қорғаныс жабдықтарын ереже бойынша қарап шығу, қауіпсіздігін қарау, еңбекті қорғау;
2) электр қондырғыларында өндірістік жұмыс істеу дегеніміз — жөндеу, монтаждау, құрылыс жұмыстарын және т.б. жұмыстарды орындау - электр қондырғыларында.
Пайдалынылатын электр қондырғыларын еңбек қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз ету.
Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:
1) ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;
2) изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау);
3) қорғаныстық жерге қосқыш;
4) қорғаныстық нөлдік сым;
5) автоматтық ажыратқыш;
Қорғаныстық жерге қосқыштың 2 түрі бар: кәдімгі және жасанды.
Кәдімгідей қорғаныстық жерге қосқышқа кез-келген металл құрылмалы ғимараттар жер астындағы металл труба еткізгіштер, кран жолдары жатады.
Ал, жасанды қорғаныстық жерге қосқышқа металл стержендер немесе трубалар 25-50мм, үзындығы 2-Зм, бүрыштық болат 50х50х5мм және металл ленталар 40х4мм өлшемдегі.
Автоматтық ажыратқыш — аппаратын ішіне орналасқан, ол электр күбырлардың немесе электр қондырғылардың (1000 В-қ) ішіне орналастырады қауіпті жағдайда ол өздері токтан ажыратады.
Пайдаланушылар үшін еңбекті қорғаудын және техникалық қауіпсіздігін, қорғану құралдары
Қорғану құралдары 2 түрге бөлінеді:
1) Негізгі құралдар: изоляцияланған өлшем штанглері, ток өлшейтін қысқыштар, кернеу көрсеткіштері изоляцияланған күрылғылар, сатылар монтерлық құрал-жабдықтар изоляцияланған үстатқыштары бар траптар, алаңдар.
2) Қосымша қорғаныс құралдарына 1000 В кернеулік электр құрылғыларда: диэлектрикалық қолғаптар, дорожкалар және де изоляцияланған подставкалар, резина фартуктар.
Қоршаулы қорғаныстарға: щиттар уақытына қорғаныстық жерге қосқыш, уақытша алып жүретін жерге қосқыштар, сосын қорғаныс плакаттары.
Қорғаныс құралдары жұмысшыларға қорғаныс көзілдірігі арнайы қолғаптар жанбайтын матадан жасалған қорғайтын монтерлық белдіктер, қорғаныс халаттары және т.б.
Жоғарыдан түсу үшін монтерлық белдіктер, тырнақшалар, ременьмен телескоптық қондырғылар, сатылар.
Белдіктер 225кг салмақты, ал тырнақшалар — 135кг салмақты 5 минуттай үстап түра алады. Қорғаныс плакаттары 4-ке бөлінеді:
1) қорғану плакаттары: «тиіспе қауіпті», «жоғары кернеу», «өміріңе қауіпті» және т.б.
2) өткізбейтін: «адамдар жұмыс істеп жатыр — қосуға болмайды», «желілерде жұмыс жүріп жатыр — қосуға болмайды».
3) рұқсат беру: «осы арада жұмыс істеу», «осы араға міну», «жұмыс істеуге нұсқау».
4) ескерту; қолданылған шаралар туралы ескерту. Резеңке колғаптар, қорғаныс құралдары жабық шкафтарда және жәшіктерде құрал- саймандардан бөлек, майдан, бензиннен, және басқа заттардан аулақ, ал қолдану алдында қағып, тазалап алу керек.
5.3 Өрт қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасының өртқауіпсіздігі облысындағы заң Қазақстан Республикасының Конституциясынан, өртқауіпсіздігі туралы заңнан және басқа да заң нормативтері мен актілерінен тұрады.
Ғимараттағы дәліздерде, кіре беріс жерлерде өрт крандары орнатылады. Өндірістік орындарда өртті сөндіру үшін көпіршіктер немесе ұнтақтар қолданылуы керек, себебі су қолданған жағдайда, электр тогымен зақымдану қаупі бар.
Өрттің бастапқы кезеңдерінде өртсөндіргіш құралдар кеңінен пайдаланылады. Олар мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
Көпіршекті өртсөндіргіштер жанып жатқан сұйықтарды, түрлі материалдарды, конструктивті элементтер мен құрылғыларды (кернеудегі электр құрылғыларынан басқа) өшіру үшін қолданылады.
Газды өртсөндіргіштер жанып жатқан сұйықтар мен түрлі материалдарды, сонымен қатар кернеудегі электр құрылғыларын өшіруге қолданылады [25].
Өртке қарсы қорғаныс мыналармен қамтамасыз етіледі:
объекттің өртке төзімділік деңгейін және конструкциялардың өртке төзімді шегін таңдау;
өрт пайда болған жағдайда оның таралуын шектеу;
түтінге қарсы жүйені қолдану;
адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету;
өртке қарсы құралдарды және сигнализацияларды қолдану.
Өрттің пайда болу себептері болуы мүмкін:
электроөткізгіштердің қысқыш және қосқыштардың жөнделмеуі немесе дұрыс істемеуі қысқаша тұйықталу (короткое замыкание) немесе изоляциядағы соққының т.б. тұғыздырады;
зақымдалған электр құрылғыларды қолдану;
бөлмеде электр жылытатын құрылғыларды қолдану;
мекемеге найзағайдың соққысынан туындайтын өрттің әсері;
сырқы әсерлердің салдарынан мекеменің өрттенуі;
отты дұрыс пайдаланбау және өрт қауіпсіздік ережелерін дұрыс ұстамау жағдайы.
Қауіпті құрылыс конструкциясының бөлме мекемесі К1 категорияға жатады (өрт қауіпсіздігі аз). Себебі мұнда жанатын (кітаптар, құжаттар, мебельдер, оргтехника және т.б.) және қиын жанатын заттар (сейфтер, әр түрлі құрылғылар және т.б.) бұлар отпен әсерлескенде жарылыс тұғызбай жанады. Мекеменің конструкциясы бойынша оны жасанды немесе табиғи тас материялдарынан, бетоннан немесе темір бетоннан тұратын конструкцияға жатқызуға болады. Компьютерлік бөлмелерде өрт қауіпсіздігін қорғау шарасы ретінде көмір қышқыл ОУ-5, ОУ-8 маркалы өрт сөндіргіштерді қолдану міндітті болып табылады.
Компьютер бөлмесiнiң өрт қауiпсiздiгi.
Құралдардың бұзылуынан, отты дұрыс емес немесе байқаусыз пайдалану немесе қауiпсiздiк ережелерiн дұрыс пайдаланбаудан өрт шығуы мүмкiн.
Өрт қаупiн болдырмау үшiн барлық құралдардың электр алуын бiр ортақ щит арқылы жүргiзу керек. Аппаратурада пайдаланатын қорғағыш номиналдарды оған қойылған техникалық талаптарға сәйкес орнатылған болу керек. Электр құралдарының жоғарғы бағасын, жұмыста пайдаланатын материалдардың тез жанғыштығын ескере отырып барлық бөлмелер өртке төзiмдiлiктiң 1 енемес 2 деңгейiне сәйкес жобаланған. Бөлмелер ғимаратқа кiру мен шығу уақытын үнемдеу мақсатымен орналастырылған.
Бөлмеден қызметкерлердi эвакуациялауда екi шығу қарастырылған, оның бiреуi орталық кiре берiске апарса, екiншiсi өрт кезiндегi шығуға апарады. Қарастырылған бөлмеге басқа бөлмелерден эвакуация жолдары өтпеу керек.
Қызмет көрсетушi персонал алдын ала өрт қауiпсiздiк ережелерiн сақтау шаралары жайлы ескертiлген, ғимараттын өрт эвакуация жоспарымен танысқан және өрт кезiнде сақтайтын еределер жайлы бiлулерi қажет.
Бөлме хабарландырғышты пайдалану арқылы өрттiң пайда болуын лезде хабарлайтын оптико-электронды сигнализациямен жасақталған болу керек. Ең алғашқы өрт сөндiру құралдары ретiнде ғимараттың кiре берiсiнде орналасқан ОУ-5 көмiрқшқыл өрт сөндiргiштер пайдаланады.
Өрт қауiпсiздiгi мен профилактика жұмыстарын өрт-техника комиссиясы бақылайды, ол акт ретiнде өңделедi және белгiленген мерзiмде орындалуы тиiс. өндiрiстi негiзгi өртқауiпсiздiгiнен қорғау стандартпен анықталады.
Негiзгi талаптар кабель коммуникациясын құру мен орналастыруға қойылады. Трансформаторлы подстанциялардан генератор агрегат двигательдерге дейiнгi кабельдiң барлық түрлерi металл газ құбырларында орналастыратын щиттардан беру бағандарына дейiн орналастырылады. Машина залдарында кабель желiлер алынатын өрттөзiмдiлiк шегi 0,5 сағ кем емес жанбайтын немесе жанбайтын материалдардан жасалынған едендер астында орналасады [25].
Алынатын едендер астындағы еден астылық кеңiстiк өрттөзiмдiлiкке шегi 0,75 сағ кем емес жанбайтын бөлiндiлер арқылы ауданы 250 м2, отсектерге бөлiнген, олар арқылы коммуникация жанбайтын тығыз материалдарды қолданатын аранайы желiлерден өткiзiледi.
Биiк ғимараттарда, үлкен жұмыс штатты компьютер залдарын құрған кезде адамдарды өрт кезiнде эвакуациялау мәселелерiне үлкен көңiл бөлiнедi.
Ғимараттан эвакуациялық шығу саны бiр этаж үшiн бөлмеден шығу саны екi болу керек. Бiр эвакуациялық шығу жолын жобалауға рұқсат берiледi, егер ең түпкi жұмыс орнына осы шығу жерiне дейiнгi арақашықтық 25 м аспаса, ал ауысымда жұмыс iстейтiндер саны 50 адамға дейiн болса сыртқы баспалдаққа екiншi шығу жолын қарастыруға болады.
Эвакуациялық шығу (есiктер) енiн одан шығатын адамдар санына байланысты 0,8 м кем емес орнатады.
Эвакуация жолдарындағы өткелдердiң биiктiгi 2 м кем емес, ал жарықтағы енi 1 м кем болмау керек. Эвакуация жолдарындағы есiктер ғимараттан шығу бағытында ашылу керек.
Эвакуация жолдарындағы едендерде 45 см жоғары құлаулар болмау керек, биiк құлаулар жерiнде баспалдақтар саны 3 кем емес баспалдақ немесе иiлу 1:6 көп емес пандустарды қарастыру керек.
Баспалдақтарда сенiмдi қоршаулар болу керек. Баспалдақтан түсетiн кезде қолмен ұстайтын бөлiктiоң жақтан, ал марш енi 1,5 м көп болса екi жақтан да орналастырған дұрыс.
Машина залына кiрудi тамбур–шлюздер арқылы жасайды, яғни өздiгiнен жабылатын екi қабаттиы арнайы тығыздалған есiктермен жабдықталады. Тамбур-шлюз есiктерi артық ауа қысымында болған машина залына қарай ашылуы керек. Есiктердiң енi 1,5 м кем емес, ұзындығы 2 м кем емес, ал коридорлар енi 1,8 м кем болмауы керек. Ауданы 250 м2 машина залында екi шығу жолы қарастырылады.
