Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomdyk_zhumys_IE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.77 Кб
Скачать

5 Еңбекті қорғау

Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатына(старын Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады [24].

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Кодекс аса маңызды жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге, республика халқының денсаулығын жақсартуға, оның өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін жетілдіруге бағдарланған.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашада № 414-V Кодексі бойынша Қазақстан Республикасының әр азаматының, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың қауіпсіз еңбек етуге мүмкіндігі бар.

5.1 Компьютерлік кабинеттердегі өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы

Қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін бір қызметкерге 15 м3 көлемнен кем емес орын тағайындалады және бұл санитарлы нормаға сәйкес көрсеткіш. Қабырғалармен немесе тұйық қоршаулармен оқшауланған бөлме ауданы 4,5 м2 кем болмауы тиіс.

Жұмыс бөлмелері мен кабинеттері табиғи жарықпен жарықталынуы керек. Алайда жұмыс орнындағы компьютерлер мен басқа да аппараттық құрылғыларға күннің сәулесі тіке түспеуі керек. Табиғи жарық жеткіліксіз болған жағдайларда коминирленген жарықтану қолданылу керек.

Бөлмелердің түсі адамның жүйке жүйесіне, оның көңіл-күйіне, ақыр соңында еңбек өнімділігіне әсер етеді. Негізгі өндірістік орындарын онда орналасқан техникалық құрылғылар түсімен боялғаны дұрыс. Бөлмелер мен құрылғылар түсі жұмсақ, әрі жылтырсыз болғаны дұрыс.

Жұмыс бөлмелеріндегі микроклиматтық жағдайды нормаға сай қалыпта ұстау үшін жылу және желдеткіш жүйелері орнатылады.

Компьютерлер орнатылған жұмыс бөлмелеріндегі температура нормасы:

  • өндіріс орындары үшін − 16ºС;

  • әкімшілік-конторлық жұмыс бөлмелері үшін − 18ºС.

Қызметкерлер жұмыс бөлмелердегі кондиционерлерді қолдану және эксплуатациялау ережелерімен таныс болу керек.

Үзілетін фильтрді әр 2 аптадан кейін шаңсорғышпен көмегімен тазарту, қатты лайланған жағдайда ыстық сумен жуып, кептіру керек.

Жоғарыдағы айтылған талаптарды компьютерленген кабинеттің жауапты қызметкері орындау керек.

Енді оператордың жұмыс орнының жарықтану талаптары мен жарықтану түрлеріне тоқталып өтелік. Өндірістік және әкімшілікті-қоғамдық жұмыс алаңдарында, жұмыстың көпшілігі құжаттармен болғанда, жарықтанудың күрделі жүйесін қолдану рұқсат етілген (жалпы жарықтануға қосымша жергілікті шам жарықтағыштары орнатылады, олар құжаттар орналасқан зонаны жарықтандыруға арналған).

Жұмыс құжаты орналасқан зонада үстелдің үстіндегі жарықтану 300-500 лк болуы тиіс, сонымен қатар құжаттарға жарық түсіріп тұру үшін жергілікті жарықтандырғыш шамдар қолдануға болады, бірақ оны мынадай етіп ұйымдастыру керек, ол экран бетінде шағылуды бермеуі керек және экран бетінің жарықтануы 300 лк аспауы керек. Сәйкесінше көру алаңында орналасқан жанып тұратын беттердің жарықтығы (терезелер, шамдар және т.б.) 200 кд/м2 аспауы тиіс, ал шағылған жарықта дербес компьютер экранында 40 кд/м2 аспауы тиіс және потолок жарықтығы бейнелі жарық жүйесін қолдану кезінде 200 кд/м2 аспауы тиіс [24].

Жасанды жарықталу табиғи жарықталу жеткіліксіз бөлмелерде немесе тәуліктің табиғи жарықталуы жоқ сағаттарында қолданылады. Жасанды жарықталу жалпы (барлық өндірістік бөлмелер бір типті лампалармен жарықталады) және комбинирленген (жалпы жарықталуға қоса жергілікті әр прибор, аппарат, т.б. жанында орналасқан лампалар) болуы мүмкін. Тек жергілікті жарықталуды қолдануға болмайды, себебі жарық түспеген аймақтар мен жарық түсіп тұрған аймақтар арасындағы қатты контрастность көзді тез шаршатады және жұмыс жылдамдығын тежейді.

Күндізгі уақытта терезелерден түскен табиғи жарықталу қолданылады. Бірақ ол компьютер мониторына тікелей түсіп, шағылыспауы керек. Компьютер мониторлары терезеге жанынан қаратылып орналасуы керек. Олай болмаған жағдайда, күн сәулесі монитордан шағылысып, жұмысшыға кедергі келтірмес үшін, перделер қолданылады. Бұл жерде монитордың өзінің жарықталуын ескерген өте маңызды. Монитордың жарықталуы сыртқы жарықталудан көп болмауы керек (қараңғы бөлмелерде), себебі адам шаршағанда автоматты түрде көзін монитордан сыртқы жаққа алмастырады. Жарық жерден қараңғы жерге бірден қарау, көзге қатты әсер етеді. Ал бұл қимылды бірнеше рет қайталаса, адамның көру аппатын бұзуы мүмкін.

Жұмыс орнындағы қатты шу мен діріл адам организміне зиянды әсер етеді. Шудың ұзақ уақытты әсерінен организмнің жүрек және жүйке жүйелерінің, ас қорыту органдарының қалыпты жұмысы бұзылады. Діріл орталық жүйке жүйесіне, асқазан мен ішек жолына әсер етеді, бас айналу мен буындар ауруына әкеледі.

Жұмысшы отыратын компьютер жалпы шудың минималды сатысына желдеткіш құрылғылар, кондиционнерлер және ДК–нің қосымша құрылғылары жатады.

Егер бұл шу ұзақ уақыт бойы созылса, онда ол жұмсышының эмоционалды күйіне әсер етеді.

МЕСТ 12.1.003-76 ЕҚСЖ тұрғызғандай дыбыс сатысының эквивалентті 50 дБА аспау керек. Бұл талапты орындау үшін арнайы дыбыс жұтатын қабырғаға төсеніш қолданылады. Шудың дыбысын бәсеңдету мақсатында келесіні қолдануға болады:

  • еденді облицовкалау және қабырғаларды дыбыс жұтатын материалдарды пайдалану (ол шуды 6-8 дб дейін азайтады);

  • жұмыс орнын диафрагменттеу;

  • шуды минималды шығаратын компьютерлік бөлмелерге құрылғыларды орнату;

  • бөлмелерді рационалды жоспарлау.

Шуды бәсеңдету мақсатында МЕСТ 12.1.003-76 стандартын қолдану керек, ал дыбыс изоляция СНмЕ 11-12-77 талабына сәйкес «Шудан қорғану. Жоспарлау нормасы» бойынша анықтау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]