- •Дипломдық жұмыс
- •5В070300- Ақпараттық жүйелер мамандығы
- •Дипломдық жұмыс
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •5.1 Компьютерлік кабинеттердегі өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы.........................................................51
- •1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
- •1.1 Ақпараттық жүйелер және олардың классификациясы
- •1.2 Delphi және автоматтандырылған ақпараттық жүйе
- •1.3 Delphi-дегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің құрылу тәсілдері
- •Delphi ортасының кіші кәсіпорындар жұмысын автоматтандырудағы мүмкіндіктері
- •2.1 Delphi ортасында мәліметтер қорын құру және басқару
- •Мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері және олардың ерекшеліктері
- •3 Есептеу техникасын жөндеу және сату бизнесін автоматтандыру жобасы
- •3.1 Жобаның структурасы.
- •3.2 Жобаның техникалық мінездемелері.
- •4 Жұмыстың экономикалық негізделуі.
- •4.1 Бағдарламалық қамтаманы өңдеудің еңбек сыйымдылығын анықтау.
- •4.2 Бағдарламалық қамтаманы өңдеуге кеткен шығындарды есептеу және оның тиімділігін анықтау
- •5 Еңбекті қорғау
- •5.1 Компьютерлік кабинеттердегі өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы
- •Бағдарламалаушының жұмыс орнына қойылатын талаптар.
- •5.2 Электр қауіпсіздігі
- •5.4 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша қорытынды
4 Жұмыстың экономикалық негізделуі.
Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағындағы заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне қарай тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін ажыратуға болады:
жалпы табыс, бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейткенге тең;
орта табыс, жалпы табысты өнім мөлшеріне бөлу;
шекті табыс, бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі.
Экономикалық тиімділік – бұл өндіріске жұмсаған шығындар мен одан шыққан нәтижелер арасындағы байланыс, яғни шығын мен табыстың ара қатынасы. Ол біз өз қажеттілігімізді қанағаттандыру үшін шығынды қаншалықты тиімді пайдаланып, нәтиже ала алатынымызды көрсетеді.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийлеріне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Ол ұлттық табысты материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін адамдардың орташа санына бөлу арқылы анықтайды. Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіші ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы- материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады [23].
Материал сыйымдылығы - шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындардың көлемін өндірілген өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Капитал сыйымдылығы – нарық шаруашылығы капитал салымының көлемін шығарған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады.
Өнімнің қор сыйымдылығы - негізгі қордың орташа жылдық кұнын шығарылған өнімнің жалпы кұнына бөлу арқылы анықталады.
Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы есептеуге болады. Солардың ішінде ең маңыздысы пайда көрсеткіші. Осы пайда көрсеткішке қатысты тиімділікті сипаттайтын ең негізгі көрсеткіш рентабельділік болып табылады.
Сату рентабельділігі есеп беру негізінде пайданың өнім өткізуден түсетін түсіміне қатынасын 100% көбейткенге тең.
Актив рентабельділігі есеп беру кезіндегі таза пайданың есеп беру кезеңінін сонындағы активтерге қатынасын 100 % көбейткенге тең.
Негізгі капиталдың рентабельдігі есеп беру кезендегі таза пайданың есеп беру кезінің соңындағы корларға қатынасынан амортизацияны алып, 100 % көбейткенге тең.Меншік капиталының рентабельдігі есеп беру
уақытының соңындағы меншікті капиталды 100 % көбейткенде шығады.
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өнді-ріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Амортизациялық қор – тозған негізгі қордың орнына жаңасын сатып алу үшін қолданылады. Амортизацияны есептеу үшін шаруашылық тәжірибеде амортизациялық аударым және амортизациялық нормалар қолданылады.
Амортизациялық аударым – тасымалданған құнның ақшалай көрінісі және олар амортизацияның бекітілген нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына аударылады.
Амортизациялық нормалар – негізгі қордың нақты түрі бойынша уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде баланстық құнға пайызбен бекітілген амортизация мөлшері [23]:
Амортизациялық нормалар есебін келесі формуламен есептейміз:
Нам. = НҚбас.қ. - НҚлик. / Та * НҚбас.қ. * 100 , (4.1)
мұндағы, Нам. – амортизацияның жылдық нормасы, %;
НҚбас.қ. – негізгі қордың бастапқы құны, тг;
НҚлик. – негізгі қордың ликвидтік құны, тг;
Та – негізгі қордың қызмет ету нормасы (амортизациялық кезең), жыл.
Негізгі өндірістік қорды қолдану тиімділігі жалпы және жеке көрсеткіштердің көмегімен бағаланады. Жалпы көрсеткіштер негізгі қор жиынтығының қолдануының соңғы нәтижесін көрсетеді. Оларға келесі көрсеткіштер жатады:
1) қор қайтарымы – бұл жыл ішіндегі негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнының осы қорды қолданумен шығарылған өнім құнына қатынасы. Қор қайтарымы негізгі құралдардың бір теңгесіне немесе бір данасына келтірілген өнімнің көлемін көрсетеді.
Ққ = V / Қорт , (4.2)
мұндағы, V – жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен;
Қорт – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Қор қайтарымы – қорды пайдаланудың негізгі жалпылама көрсеткіші. Бұл көрсеткіштің мәні өндірістік ғимараттар, құрылғылар, жұмысшы және күш машиналары мен жабдықтардың, яғни негізі қордың барлық топтарының
қаншалықты тиімді пайдаланып жатқанын көрсетеді. Қор қайтарымын арттыру – кәсіпорынның негізгі міндеті.
2) қор сыйымдылығы – бұл қор қайтарымының кері көрсеткіші, яғни бұл өнімнің бір теңгесін өндіруге қанша негізгі құрал қолданылғанын білдіреді.
Қс = Қорт / V (4.3)
3) қор қарулануы – бұл кәсіпорын жұмыскерлер санының (N) негізгі қордың орташа жылдық құнына қатынасы. Бұл бір жұмысшыға қанша негізгі құралдан келетінін көрсетеді.
Ққар = Қорт / N (4.4)
