Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomdyk_zhumys_IE.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.77 Кб
Скачать

3.1 Жобаның структурасы.

Есептеу техникасын жөндеу және сату бизнесін автоматтандыру жобасының структурасына тоқталатын болсақ, бұл жерде қоймадағы тауарларды көріп, қажетті тауарды іздеу жұмыстары, қоймада белгілі бір құрылғы түрлері таусылып қалған жағдайда тауар қабылдау, тауарларды белгілі бір түрі, маркасы бойынша құнын есептеп, кепілдік беру және жеткізіп салуға тапсырыс алу, кепілдік және жөндеу жұмыстары бойынша клиентке арнайы кепілдік талоны мен квитанция беру жұмыстары қарастырылған, сонымен қатар жөндеу жұмыс түрлері мен жөндеу жұмыстарын қабылдау және оларға кеткен шығынды есептеу, сатылған құрылғылар бойынша жалпылай және әр құрылғылар бойынша есептер жасалған. Жобаның құрылымына жеке тоқталатын болсақ:

Негізгі форма – жоба деп аталады. Бұл формада жобаның тақырыбы мен авторлары таныстырылады және жобада басты мәзірлер көмегімен қажетті формаға көшіп, атқарылатын қызметтерді көруге болады. Мысалы, мәзірдің Қойма қатпарын таңдау арқылы ішкі мәзірлерінен қоймадағы барлық тауарларды және жаңа тауар қабылдау мүмкіншіліктерін көруге болады. Келесі Тауар қатпарынан тауарларды сату деген бөлімді таңдап, тауарларды сатып алу формасына көшуге болады. Жөндеу жұмыстары қатпарының ішінен жөндеу жұмыстарын қабылдау арқылы жөндеу жұмыстарының түрлерін көріп және тапсырыс беруге болады.

3.2 Жобаның техникалық мінездемелері.

Жоғарыда көрсетілген жобаға техникалық мінездеме берейік. Форманы өзіміздің қалауымызша жасау үшін визуалды және визуалды емес компоненттер қажет. Компонентттер дегеніміз жұмыс істейтін программада құрылатын, көрінетін бейнелер, тұрғызылатын элементтер болып табылады. Әр формаға Delphi ортасындағы компонентердің ішінен өзімізге қажеттісін таңдап орнатамыз. Жоба формаларында Borland Delphi 7 компоненттер палитрасындағы әр түрлі қатпарларындағы компонеттер қолданылды.

Жобадағы құрылғыларды орындауға шығару кезінде формаға көрсету үшін топтадық. Сол кезде әрбір құрылғыны мәліметтер қоры кестесімен байланыстыруда әрбіреуіне DataSource және Table компоненттерін қою керек болады. Формаға барлығын қойған кезде көрнекті болу үшін TDataModule контейнерін құрамыз. Қосымша компоненттерінің және МҚ кестелері және қолданылатын компоненттердің өзара байланыс қасиеттерін келесі бейнемен көрсетуге болады (32-сурет).

32-сурет. Қолданылатын компоненттердің өзара байланыс қасиеттері

Экранды формамен МҚ байланысы арнайы компаненттермен қамтамасыздандырылады, олар визуальды емес компанент деп аталады. Бұл элементтер конструкциялау режимінде ғана көрінеді, ал жүйенің жұмыс режимі экранында көрінбейді.

Егер МҚБЖ бір экрандық формадан тұрса, онда визуальды емес компаненттерді сақтау үшін контейнер түріндегі арнайы қойма қажет емес. Бұл жағдайда визуальды емес компаненттерді сол жалғыз экрандық формаға орналастыруға болады.

Әр формадағы топталған құрылғылар үшін МҚ-на қатынауды ұйымдастыруды қайталамауды ұсынады. Барлық экрандық формалары үшін арнайы TDataModule компонент арқылы бірдей қатынауды ұйымдастыруға да болады. TDataModule типті компанент ішіне визуальды емес компоненттері TTable, DataSource бар контейнер ұсынады. Онда МҚ-на қатынау керек формалар қатынауды TdataModule компоненті арқылы алады. Сондықтан МҚБЖ құруда әр экрандық TdataModule типті компанентімен байланыс орнату мүмкіндігі бар (33-сурет).

33-сурет. TdataModule компоненті

Негізгі формада (Жоба) жобаның жұмысын жеңілдету мәзір жасалған, сонымен қатар ол алғашқы форма болғандықтан сурет қойылған.

Мәзір жасау үшін MainMenu компоненті қою қажет. Формаға компонентті орналастырғаннан кейін, оның опциясын жасау керек. Ол үшін компонентке тышқанның сол батырмасын екі рет шертіп, Caption қасиетіне тексті енгізіп, Enter пернесін басамыз (34-сурет). Басты мәзірдің әрбір опциясында ішкі опциялар тізімдері орналасады. Ол үшін қатардың астына тышқан сілтемесін бір рет басып, қасиетін өзгерту қажет.

Осылайша барлық формаларға ең қажетті деген комоненттер қойылған. Оларға кеңірек тоқталатын болсақ, олар көбінде жиі қолданатын Standard, DataControls, DataAccess, BDE қатпарларындағы компоненттер.

Standard қатпарынан формаларға қойылған компонентер GroupBox, Label, Edit, MainMenu, CheckBox, Button және RadioButton (35-сурет).

Label CheckBox GroupBox

MainMenu Edit Button RadioButton

35-сурет. Standard қатпарындағы қажетті компоненттер

Standard қатпарында келесі визуалды компоненттер орналасқан:

  • Label – форманың бетіне мәтін шығаруға арналған;

  • CheckBox – жеткізу мен дисконтты картаны таңдаудағы ауыстырып қосқыш батырманы сипаттайды;

  • GroupBox – мәліметтерді топтап қою үшін қажет;

  • Button – командалық батырма;

  • RadioButton – таңдау кезіндегі тәуелді батырма.

  • Edit – мәлімет енгізіп отыру үшін қажет;

  • MainMenu – мәзір жасауға арналған.

DataControls қатпарынан DBEdit, DBGrid, DBNavigator және DBLookupComboBox компоненттерін қолданамыз. Осы компоненттер әрбір құрылғының бағасы мен тізімін топтап жазу, клиенттермен жұмыс істеу, яғни оларға кепілдік беру және үйіне жеткізу, жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ету үшін қажет.

DBGrid DBEdit

DBNavigator DBLookupComboBox

36-сурет. DataControls қатпарындағы қажетті компоненттер

DataControls қатпарында келесі визуалды компоненттер орналасқан (36-сурет):

  • DBGrid – тор (кесте) экранда толтырылған мәліметтерді немесе кестелік мәліметтерді формаға шығару ;

  • DBNavigator – навигациялы интерфейс;

  • DBEdit – МҚ-дағы мәліметтерді шығару;

  • DBLookupComboBox – қиыстырылған тізім.

Additional қатпарындағы компоненттер жобада көрнекілік үшін қолданылды (37-сурет). Олар Image және BitBtn компоненттері. Image компоненті формаға сурет қоюға мүмкіндік береді. Бұл компонет алғашқы формада қолданылған. BitBtn компоненті батырма, осы батырмаға арнайы белгі немесе сурет қойып әдемілеп жасауға болады.

BitBtn Image

37-сурет. Additional қатпарындағы қажетті компоненттер

Сонымен қатар жоба ішінде күнтізбе компоненттері қолданылған. Ол компоненттер сатылған тауардың уақытын, жөндеу жұмысына тапсырыс берілген күнді және кепілдік берудегі уақыттарды анықтап тұрады.

Ttable компоненті (басқада компоненттер сияқты, мысалы, TQuery, TDataSource) мәліметтерге қатынау және сақтау үшін қолданады (38-сурет), сондықтан визуальды емес компанент деп аталады, ал визуализациялау мақсатына визуалды компаненттер қолданылады. (TDBGrid, TEdit және т.б).

Таblе

38-сурет. Delphi компоненттері палитрасындағы BDE қатпары

TTable компонентін орналастырғанан кейін енді оның қасиетін орнатайық. Ол үшін форманың сол жағында болатын объекті инспекторын пайдананамыз (Object Inspector). Объектов инспекторы тышқан көмегімен бөлінген компоненттердің қасиетін орнатуға мүмкіндік береді.

DatabaseName (МҚ псевдонимі) қасиетінің мәнін DBDEMOS-ке тізім көмегімен немесе оны қолмен енгізіп орнатамыз TableName (МҚ кестесінің аты) қасиетінің мәнін түскен тізім көмегімен Койма.db-ға орнатамыз. Осылардан кейін True-ға Active қасиеті мәнін орнатамыз. Осыдан кейін TTable компонентінің (үнсіздік бойынша аты Table1) Қойма.DB шынайы кестемен шынайы байланысы болады.

DataAccess қатпарынан TDataSource компонентін орнатайық (39-сурет). Ол формаға кейінірек қосатын визуалды және визуалды емес (осы жағдайды Table1) компоненттер арасын байланыстыратын звено қызметін атқарады. Сондықтан TDataSource компонентін жиі мәліметтер қоры деп атайды. TDataSource компанентінің DataSet (мәліметтер жиыны аты) қасиетін түскен тізімді таңдау жолымен орнатайық.

DataSource

39-сурет. Delphi компоненттері палитрасындағы DataAccess қатпары

TTable мен DataSource компоненттерін осылай байланыстырып, осы компоненттер арқылы шақырылатын арнайы кестелік, тізімдік сияқты компонентер қолданылады. Осылай барлық кестелерді байланыстырып, орындауға жібереміз. DBGrid, DBNavigator, DBEdit компоненттеріне DataSource қасиеттерін орнатып, DBLookupComboBox-тың ListSource және KeyField қасиеттерін орнатамыз. Сонда кестедегі мәліметтерді шығарып береді.

Батырмаларға қажетінше іздеу, сүзгілеу, формаларды ашып-жабу сияқты бағдарлама кодтарын жазылып, OnClick оқиғасы арқылы орындалады.

Формаларға компоненттері орналасырылып, кодтары жазылып, қасиеттерін өзгенртіп болған соң, Delphi/Run командасының көмегімен жүзеге асырамыз.

Есеп құрастырудың бірнеше тәсілдерін пайдалану арқылы әр түрлі өзімізге қажетті түрде жасауға болады. Delphi бағдарламасындағы Qreport компонентінің көмегімен принтерге шығарылатын және файлға сақталатын есептердің түрлерін құрастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]