- •1. Логопедия ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •2. Жалпы тіл кемістігі бар балаларға жалпы сипаттама.
- •3. Тұтықпа балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарына сипаттама беріңіз.
- •4. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы мәселесіне қысқаша тарихи шолу
- •5.Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
- •6. Арнайы білім беру мекемелері және оның түрлеріне сипаттама беріңіз
- •7. Алалия жөнінде зерттеулер
- •8. Естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •9. Пдб балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыруды талдаңыз
- •10. Қазақстанда логопедиялық көмек көрсету жүйесі
- •11. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •14. Көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
- •18. Балалар емханасындағы логопедиялық жұмыс
- •21.Жалпы тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыттары
- •22.Афазия және оның формалары.
- •23. Логопунктердің негізгі міндеттері.
- •27. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
- •28. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы
- •32.Білім беру жүйесіндегі арнайы топтар жұмысы.
- •33. Есту қабілеті нашар балалардың дыбыс айту бұзылыстарының негізгі түрлері мынадай болады:
- •35. Балалар дизартриясының клиникалық белгілері.
- •37.Логопедияяның тексеру қағидалары.
- •48. Жұмсақ дауыссыздарға тән кемшілік олардың жұпталған қатаңдармен алмасуы /дядядя-дадада/.
- •50. 29.10.2003Ж. Қр БжҒм №787 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру мекемелер түрлері мен үлгілерінің тізімі.
- •52. Логопедияның принциптері
- •53. Дислалаия және оның түрлері
- •54. Сөйлеу тілі бұзылған баларды тәрбиелеу мәселесіне сипаттама беріңіз.
- •55. Тіл мен сөйлеудің өзара байланысы
- •56. Ринолалия және оның түрлері
- •58. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмі.
- •61. Сөйлеу механизмі және негізгі заңдылықтары
- •62.Сөйлеу бұзылыстарының себептері
- •63.Жалпы тіл кемістігі бар балаларды зерттеу әдістемесін талдаңыз
- •64.Ппдк қызметіндегі логопед маманның жұмыс міндеттері
- •68. Сөйлеу бұзылысы. Клиникалық практикада сөйлеудің бұзылуының келесі түрлері белгілі:
10. Қазақстанда логопедиялық көмек көрсету жүйесі
Логопед орта есеппен күніне сөйлеу тілінің ауыр кемістігі бар 5 -6 бала қабылдайды.
Басталған оқу жылында логопед көмекті қажет етіп келген балалардың барлығын алғашқы қабылдау журналына тіркеу қажет. Күнделікті және кеңес беру сабақтарына қатысып жүрген балаларға арнап логопед логопедиялық карталар бастап, оған сөйлеу тілінің статусы , сөйлеу тіл қорытындысын тиянақты түрде сипаттап жазады. Сабақ жоспары мен жетістіктер динамикасын жазып отырады. Бала арнайы логопедиялық сабақтарда болмаған жағдайда, онымен үйде қалай жұмыс жүргізу туралы ата –анаға кеңес беру қажет. Логопед сабақтарына психомоторлық дамуы терең тежелген сөйлеу тілі дамуының 1 – 2 деңгейіндегі, кереңдер, психоневрологиялық диагностикалық жағдайында арнайы емді қажет ететін балалар алынбайды.
Балалардың бұл категориясындағы балалар сәйкес емдеу және оқыту мекемелеріне жіберіледі.
Логопедтің жұмыс уақыты аптасына 14 сағатты құрайды. 5 күндік аптада 2 қабылдау таңертен, 2 қабылдау кешке жасау керек. Сабақтарға дайындық, көрнекілік құжаттар дайындау, құжаттармен жұмыс уақытынан тыс кезде жасалуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің № 485 бұйрығына қосымша ретінде: жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін логопедиялық кабинетке 20 метрден кем емес бөлме бөлінуі керек.
Кабинет қажетті жиһаз, арнайы құралдармен, көрнекілік, сөйлеу тілін дамытуға арнайы көрнекі материалдарымен жабдықталуы қажет.
Кабинетте ойын бұрышы болуы керек.
Күнтізбелік жыл соңында логопед емхананың бас дәрігеріне жылдық жұмыстың есебін береді. Есеп беруді сандық көрсеткіштерден басқа есеп беру кезеңдерінде барлық атқарылған емдеу педагогикалық, алдын алу және санитарлы – ағарту жұмысының талдауымен түсініктеме хат болуы қажет.
Логопед міндетті:
- балаларды тексеруге;
- сабақтарды жоспарлауға;
- сабақтарды жүргізуге;
- ата –аналармен жұмыс жасауға;
- кеңес беру жұмысын жүргізуге ;
- алдын алу жұмыстарын жүргізуге;
- санитарлы – ағарту жұмысты жүргізуге.
Ұйымдастырылмаған балалар ішінен сөйлеу тілі патологиясы бар балаларды айқындау үшін логопед айына 1 рет алдын ала жалпы тексеру жүргізеді. Тексеруге 5 – 6 жастағы балалар қатысады. Үш айдан – 4 жасқа дейінгі балаларды логопед тек невропатолог , педиатр, басқа мамандардың сұрауы бойынша тексеруі керек. Диспансерлі бақылауға сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы дизартриясы, ринолалиясы, сөйлеу тілінің дамымауы бар, зияты бұзылмаған, тұтықпасы бар балалар алынады. Диспансерлі бақылауға алынатын балаларды айқындау жұмысын логопед алдын –ала тексерулерде, емханадағы алғаш қабылдауда жүргізеді. Диспансерлі есепке алынған балаларға № 30 форма толтырылады.
Емхана штатында үйде оқытатын мұғалім–логопед қызметі қарастырылса, БЦСА, дизартриясы және сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы бар зияты сақталған және ұйымдастырылмаған балалармен сөйлеу тілін түзету жұмысын жүргізуге мүмкіндік туындайды.
11. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Психикалық дамудың тежелуінде сөйлеу тілі бұзылыстарының таралған сипаты «спецификалық ассимиляция»: бала артикуляциясы және дыбысталуы бойынша жуық дыбыстардан қүралған сөзді дұрыс айта алмайды. Балалар дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады, сөзді қабылдауы және ритмін қайталауы бұзылған. Дыбыстық талдау мен жинақтау бұзылыстары тұрақты болады. Сөздегі дыбыстардың кезектілігін, санын белгілеу, сөздегі дыбыстардың орнын сәйкестендіруде балалар қиындықтарға кездеседі. ПДТ балалардың дыбыстау кемшіліктері арасында әсіресе, ызың дыбыстар (с,з) және үнді дыбыстарды (м,н,л,р) айтудағы қателіктер жиі кездесетін болса, ал 5-9 жастағы сау балаларда бұл кезде үнді (р) және ызың (ш,ж,ч,щ,) дыбыстарын айту кемістіктері байқалады. Ызың дыбыстардың айтылуындағы бұзылулар сөйлеу – есту анализінің кемшілігімен тікелей байланыстырылады.
Сөз бен оның атайтын заты арасындағы байланыс тұрақты емес. Кейде балалар антонимдер мен синонимдер жасау әдісін дұрыс қолдана алмайды, әсіресе синонимдер қатарын жасау қиындық туғызады.
ПДТ балалардың тілдік бұзылуларының айқындығына қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады( Мальцева Е.В.):
жекеленген фонетикалық кемістік (бір ғана дыбыстар тобын айтудағы кемшілік).Себебі, сөйлеу аппаратының және тілдік моториканың кемістігі. 24,7 %-ды құрайды;
қабаттасқан кемістік: дыбыстау кемістігі фонематикалық есту бұзылуымен қабаттасады. Екі – үш фонематикалы топты меңгеруде кемістіктер байқалады. 52,6 % жағдайда кездеседі.
сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы - сөздік қордың тым жұпынылығы негізінде сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағының бұзылуы. 22,7 % жағдайда байқалады.
12. Сөйлеу тілі толық жетілмеген баланың мектептегі оқу үлгерімі нашар болатыны сөзсіз. Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің қандайын болмасын орнығып, қиындап кетпей тұрғанда мектеп жасына дейін жою керек. Сонымен бірге, баланың мектеп жасына дейінгі кезеңіндегі сөйлеу тілі күшті қарқынмен күн сайын дамитынын және тілі кез-келген дыбысқа еліктегіш, қабылдағыш, бұрмалауға көнгіш, өте жұмсақ иілігіш келетінін ұмытпау керек. Сондықтан дислалияның барлық түрлері жеңіл, әрі тез жойылады.
Сондай–ақ, сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы күрделі мүкістіктер толып жатқан қатты асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін және баланың ауызекі сөйлеу тілі мен жазу тіліде басқа кемістіктерді шығаратынын ескеру қажет.
Бұл қалай?
Сөйлеу барысында, демек дыбыстардың айтылуы кезінде сөйлеу мүшелерінің қимылынан сезім түйсігі пайда болатыны мәлім. Осы сезім тітіркенуінің күші бас миының қыртысына барады. И.П.Павлов екінші сигналды жүйенің қалыптасуына байланысты сезім тітіркендіргішіне үлкен маңыз берген және оларды «базалды бөлігі» деп атады. Атап айтқанда, сезім тітіркендіргіші фонематикалық түйсіктің қалыптасуына шешуші қызмет атқарады. Дыбыстардың айтылуындағы ақаулықтарының «базалық бөлігі» толығымен қатыспайды, ендеше фонематикалық түйсіктің толық дамымайтындығы өзінен - өзі түсінікті.
Фонематикалық түйсіктің бұзылуы баланың сөйлеу тіліндегі үндестік жағынан немесе тілі мүшелерінің әрекетінде бір-біріне ұқсас дыбыстарды дауысынан ажырата алмауына душар етеді. Оның сөздік қорына құрамында ажыратылуы қиын, ұқсас дыбыстары бар сөздер кірмейді. Соның салдарынан бала өзінің жас мөлшерінен біртіндеп қала бастайды.
Алдыңғы себептердің салдарынан сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысы қажетті дәрежеде қалыптаспайды. Фонематикалық түйсіктің, сөздің жалғаулықтары мен екпінісіз жалғаулары баланың көзіне шалынбайтыны түсінікті.
Сонымен, баланың сөйлеу тілінде фонетика – фонематикалық және лексика – грамматикалық сияқты тұтас тізбек кемістіктердің пайда болатынын көрсетуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, күрделі дислалияның нәтижесінде жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына себебші болатын фонематикалық түйсігі бұзылады, жалпы сөйлеу тілінің толық фонематикалық түйсігі бұзылады, ал жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауын мектеп жасына дейін жоймаса, онда оның зардабы келешекте баланың жазуы мен оқуының бұзылуына душар етеді. Міне дислалияның дер кезінде анықтап жоймаса кейбір жағдайларда ауыр зардапқа ұшыратуы мүмкін.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы барлық мүкістіктерді 5 жасқа дейінгі мерзімде тексеріп анықтау қажет. Неге?
Дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелері әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған, әрі орнығып бекімеген жас бала сөйлеу тіліндегі дыбыстардың барлығын бірдей дұрыс айта алмайтындығы өзінен - өзі түсінікті. 4-5 жасқа дейінгі баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстарды бұрмалап айтуы жай деп саналады және бұны жастық немесе физиологиялық тіл мүкістігі дейді. 4-5 жастан кейінгі баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылып айтылуы патологиялық деп саналады. Сонымен дислалияның жоюдағы логопедиялық жұмысты дәл осы жастан бастап жүргізу керек.
Бірақ сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуын жетілдіру сабағын бастамас бұрын баланың сөйлеу тілін тексеріп алу керек.
13. Ринолалия (грекше «rhinos» - мұрын, «lalia» - сөйлеу) – бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы. Дыбыстың бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалиядан дислалия мен ринофонияны ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады. Оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының қатынастарының бұзылуы.
Адамның фонациясы қалыпты жағдайда барлық дыбыстарды айтқан кезде мұрын - жұтқыншақ пен мұрын қуысы, жұтқыншақ және ауыз қуыстарынан ажырайды. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың жанындағы және артқы бойының бұлшық еттерінің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы жағының (Пассаван валигі) қалыңдауы пайда болады. Ол жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың бір - бірімен қабысуына мүмкіндік туғызады. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстың айтылуы мен сөздің шапшаңдылығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әр түрлі биіктікке жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылған дыбысқа байланысты және ол дауыссыз дыбыстарға қарағанда дауыстыларда аз қабысады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз «в» дыбысында, ал ең мықты қабысуы «с» дыбысын айтқан кезде болады. Бұл қабысуы дауысты «а» дыбысын айтқандағыға қарағанда алты-жеті мәрте күштірек десе болады. «М», «н», «ң» мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағыны мұрын резонатарының кеңістігіне емін еркін кіріп кетеді.
Таңдай мен жұтқыншақтың қабысу қызметтері бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық, жабық (бітеу), аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және функционалды деп бөлінеді.
Ринолалия бойынша алғашқы жұмыстарды дәрігерлер жазған болатын. Олардың күш-жігерлері қайта қалыптасқан таңдай пердесі (жұмсақ таңдай) жеткілікті ұзын және қозғалмалы болуы үшін және ауыз қуысын мұрын қуысынан даралай отырып, жұтқыншақтың артқы қабырғасымен үйлесетіндей етіп, таңдай жиынтығын толық жедел қайта қалпына келтіруге бағытталды. Осы нәтижеге қол жеткізу қаңқа мен мұрын арасындағы өткелді еркімен тұйықталу мүмкіндігін қамтамасыз ететіні және сөйлеудегі мұрындық ренкін жою үшін немесе оны толығымен алып тастау үшін алғышарттар дамытылады деп есептелген болатын.
Н. И. Пирогов (1844), Н. В. Воронцовский (1875), П. Субботин (1894), М. И. Пайкин (1936) өздерінің жұмыстарында таңдайдың көлемдері қандай деңгейде жедел шараларының әсерінен түрін өзгертуге қабілетті; таңдай көлемдерінің қандай көрсеткіштері мыңқылдау кезінде анағұрлым сәттілікті логотерапияға қолайлы болатыны туралы мәселені талқылаған еді.
Н. И. Пироговтың оқушысы Н. В. Воронцовский 1870 жылы периосталды уранопластика қалыпты сөйлеуді қалпына келтірудің жолында ең тамаша қадам жасағаны туралы хабарлаған болатын. Оның ойынша, уранопластикадан кейінгі мыңқылдаудың сақталу себебі – жұмсақ таңдайдың екінші қайтара қысқаруы, оның қозғалымдылығының жеткіліксіздігі мен жалпақтығы бойынша кернеу болып табылады.
Ауыз қуысындағы анатомиялық ақауды түзетудегі хирургтардың қол жеткізген сәттіліктеріне қарамастан, олардың ешқайсысы тек жедел араласудың көмегімен ғана сөйлеудің фонетикалық жағын өндеуінде жағымды нәтижелеріне қол жеткізе алмады. Уранопластика өздігінен-өзі ринолалиямен зақымдалған балалардың сөйлеуінде назалды дыбыстауды жоймайтындығы жалпыға мәлім болып айналуда.
