Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛОГОПЕДИЯ ШПОР 1-75.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
579 Кб
Скачать
☆

61. Сөйлеу механизмі және негізгі заңдылықтары

Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет және ол шартты рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу аппараты орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе болып саналады.Орталық сөйлеу аппараты адамның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан /көбінесе сол жақ мидың/, ми қыртысы астындағы ядролардан ми өзегі ядроларының, солардың жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс ауыз сөйлеу процесіне қатысты бар еттер мен сіңірлер нервтерінен тұрады.Адам сөйлеу үшін мидың әртүрлі бөлігі қатысады, дегенмен де ми қыртысының кейбір бөліктері басты роль атқарады. Олар ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың сол жақ қыртысы. Ми қыртысының  шеке бөлігіне орналасқан /төменгі қыртысына/ Брок орталығы, адамның дауыс шығарып сөйлеу процестері осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігіне, Вернике орталығына басқа адамның сөйлеген сөзін есітіп түсіну қабілетін іске асыратын орталық. Осыған байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін есітіп, түсінеді.Ми қыртыстарының төбе бөлігі де естіген сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігіне орналасқан көру орталығы арқылы көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар балаларда ересек адамдардың сөйлеген кездегі оның бет-ауызының қимылын көзбен көріп, бақылау арқылы сөйлеу қабілеті арта түседі. Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады.

1)      демалу бөлігі

2)      дыбыс шығару бөлігі

3)      дыбысты құбылтып-өзгерту бөлігі, (артикуляциялық сөйлеу бөлігі).

Демалу бөлігіне адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді. Себебі адамның сөйлеу процесі дем алып-дем шығару процесімен тікелей байланысты. Адам әдетте дем шығару арқылы сөйлейді, өкпеге ауа толтырып алып, әшейін кездегі демалуымен салыстырғанда адамның сөйлеген кездегі демалуы, дем шығаруы өзгеше болады. Сөйлеген кезде адам дем алып-дем шығару процесі өте маңызды роль атқарады, дем шығару процесі дем алу процесімен салыстырғанда ұзаққа созылады. (1:20 тіптен 1:30), ересек адамдар бір минутта орта есеппен 16-18 рет дем алып дем шығаратын болса, сөйлеген кезде бары-жоғы 8-10 рет дем алып, дем шығарады екен.

62.Сөйлеу бұзылыстарының себептері

Сөйлеу тіл бұзылыстарының себептері – ағзаға сөйлеу тілі бұзылыстарының ерекшеліктерін дәйектейтін сыртқы немесе ішкі зиянды факторлардың әсері болып табылады.Бала дамуының қай кезеңінде және қандай жағдайларда сөйлеу тілінің бұзылыстары пайда болады?Әлі туылмаған баланың сөйлеу тілі дамуына және ауытқуына әсер ететін жағымсыз факторлар әсерін тигізуі мүмкін. Оны баланың денсаулығына және сөйлеу тілі дамуына жағымсыз тұқым қуалаушылық және болашақ ата-аналарының дұрыс емес өмір салты әсер ететінімен түсіндіруге болады. Балаға ата-аналарынан психикалық-жүйке ерекшеліктері, сөйлеу аппаратының перифериялық және орталық бөлімдерінің құрылымының ерекшеліктері (мысалы, артикуляциялық мүшелерінің құрылымының ерекшеліктері, т.б.) балаға берілуі мүмкін. Бірақ, сөйлеу тілі бұзылыстары тұқымқуалаушылық арқылы берілетін мәселеге бірдей көзқарас жоқ.Ұрықтың іштей қалыпты дамымауы, яғни сөйлеу аппаратының перифериялық және орталық бөліктері дұрыс қалаптаспауы, келесі жағымсыз факторлардың салдарынан болуы мүмкін:

• жүктіліктін бірінші-екінші жартылығындағы токсикоздар;

• жүктілік кезіндегі анасының созылмалы ауырулары (тұмау, қызамық, эндокринды бұзылыстары, бүйрек және жүрек ауырулары, т.б.);

• резус-конфликт;

• анасының жүктілік кезіндегі әр түрлі жарақаттары;

• жағымсыз кәсіби жағдайлар (жоғарыда аталған факторлардан басқа болашақ анаға ауыр физикалық жүмыс және түнгі ауысымда істеуге болмайтынын айтқан жөн);

• анасының жүктілік кезінде шылым шегуі және ішімдікке құмар болуы;

• стресстік жағдайлар (ажырасу, жақын адамдарының қаза болуы, т.б.);

• тастанды түсік жасауға әрекеттену, бірақ оның нәтижелі болмауы.

Анасының жүктілік кезінде шылым шегуінің балаға тигізетін әсеріне ерекше тоқталып кеткен жөн. Көптеген зерттеулер нәтижесінде ғалымдар шылым шегудің ұрықтың дамуына тигізетін жағымсыз әсерін анықтаған. Эхографияның көрсеткіштері бойынша, анасының шылым шеккен кезінде баланың жүрек қағысы жиілейді, ал баланың өз бетімен қимылы (спонтанды) бірте-бірте тоқталады-бала тұншыға бастайды. Шылым шегетін анадан туған балалар өмірінің алғашқы 3 айында тыныс алу мүшелерінің ауыруына бейім болады. Олардың өкпелерінің көлемі шамадан 5% , ал салмағы 70-140 граммға аз болады. Егер анасы күніне 10 шылым (сигарет) шегетін болса, баланың интелектісінің коэффициенті 9 пунктке төмен болады, өйткені темекі бас миына баратын оттегін және көректі заттарды азайтады. Соның нәтижесінде бас мидың дамуына кері әсерін тигізеді. Темекі түтінінің құрамындағы химиялық элементтер әлі дүниеге келмеген баланың жүйке жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді.