- •1. Логопедия ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •2. Жалпы тіл кемістігі бар балаларға жалпы сипаттама.
- •3. Тұтықпа балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарына сипаттама беріңіз.
- •4. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы мәселесіне қысқаша тарихи шолу
- •5.Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
- •6. Арнайы білім беру мекемелері және оның түрлеріне сипаттама беріңіз
- •7. Алалия жөнінде зерттеулер
- •8. Естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •9. Пдб балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыруды талдаңыз
- •10. Қазақстанда логопедиялық көмек көрсету жүйесі
- •11. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •14. Көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
- •18. Балалар емханасындағы логопедиялық жұмыс
- •21.Жалпы тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыттары
- •22.Афазия және оның формалары.
- •23. Логопунктердің негізгі міндеттері.
- •27. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
- •28. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы
- •32.Білім беру жүйесіндегі арнайы топтар жұмысы.
- •33. Есту қабілеті нашар балалардың дыбыс айту бұзылыстарының негізгі түрлері мынадай болады:
- •35. Балалар дизартриясының клиникалық белгілері.
- •37.Логопедияяның тексеру қағидалары.
- •48. Жұмсақ дауыссыздарға тән кемшілік олардың жұпталған қатаңдармен алмасуы /дядядя-дадада/.
- •50. 29.10.2003Ж. Қр БжҒм №787 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру мекемелер түрлері мен үлгілерінің тізімі.
- •52. Логопедияның принциптері
- •53. Дислалаия және оның түрлері
- •54. Сөйлеу тілі бұзылған баларды тәрбиелеу мәселесіне сипаттама беріңіз.
- •55. Тіл мен сөйлеудің өзара байланысы
- •56. Ринолалия және оның түрлері
- •58. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмі.
- •61. Сөйлеу механизмі және негізгі заңдылықтары
- •62.Сөйлеу бұзылыстарының себептері
- •63.Жалпы тіл кемістігі бар балаларды зерттеу әдістемесін талдаңыз
- •64.Ппдк қызметіндегі логопед маманның жұмыс міндеттері
- •68. Сөйлеу бұзылысы. Клиникалық практикада сөйлеудің бұзылуының келесі түрлері белгілі:
27. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері негізінен көретін балаларға тән дамудың жалпы заңдылықтарына сай жүреді.
Сөйлеу тілінің ерекшеліктері мынадай: көру қабілеті бұзылған балалардың 1 жасында қалыпты жағдайдағыдай алғашқы сөздері пайда болады, бірақ олар аз және көбеюі баяу. Сөздік қорының әрі қарай дамуында өз ерекшеліктері бар. Балалар заттарды аз біледі, сөздердің мәнін анық меңгермейді, сөздерді пайдаланады. Көруі бұзылған баланың сөйлеу тілін зерттеуге арналған жұмыстардың көбі дыбыс айту ерекшеліктеріне бағытталған. 60-70 ж. Логопедия ғылымының дамуына байланысты көруі бұзылған баланың сөйлеу тілі бұзылуын анықтауға арналған зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер нәтижесінде көрмейтін және нашар өретін балаларда күрделі тіл кемістіктері кездесетіні және сөйлеу мен көрудің бұзылуы арасындағы байланыстар анықталған.
Бірінші деңгей. Балалардың экспрессивті сөйлеу тілі коммуникативті функцияны орындамайды, өте шектелген, сөзбен бейнені сәйкестеуде, зат бейнесімен жалпылама түсініктерді сәйкестеуде көп бұзылыстар байқалады. Байланыстырып сөйлеуі жеке сөздерден немесе олардың бөліктерінен тұрады. Эхолалия байқалады. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағының сапалық жағын анықтауға бағытталған тапсырмаларды балалар орындай алмайды, дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады. Фонематикалық талдау мен жинақтау процестері мүлдем қалыптаспаған.
Екінші деңгей.Экспрессивті сөйлеу тілі сөз қорының аздығымен сипатталады. Сөз бен заттың бейнесін салыстыруы төмен деңгейде, жалпылама түсініктерді білмейді. Байланыстырып сөйлеуі қалыптаспаған, бір-екі сөзден құралған сөйлемдерінде аграмматизмдер кездеседі . Әңгімелеп айтуы қалыптаспаған. Көптеген дыбыстарды айтуында бұзылыстар байқалады. Дыбыстарды естіп ажыратуы мен айтудағы ажыратуы жете қалыптаспаған. Фонематикалық талдау мен жинақтауы төмен деңгейде қалыптасқан.
Үшінші деңгей. Белсенді сөз қоры шектелген, сөзбен заттың бейнесін сәйкестеуде, жалпылама түсініктермен грамматикалық категорияларды қолдануда және сөйлем құрауда қателер жібереді. Балалардың дыбыс айтуының бұзылыстары сигматизм, ротацизм, ламбдацизм, парасигматизм, параротацизм, параламбдацизм түрінде байқалады. Фонематикалық түсініктері, естіп ажыратуы, дыбыстарды айтудағы ажыратулары, дыбыстарды талдауы қалыптаспаған.
Төртінші деңгей. Дыбыс айтуында жеке бұзылыстар байқалады, алайда ол қалыпты сөйлеу тіліне сай келмейді.
Көптеген балаларда жүйелі бұзылыстар байқалады. Онда сөйлеу тілінің дамымауы функциональді жүйенің бұзылуы және оның негізгі компоненттерінің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) бұзылуы ретінде болады.
Сонымен, көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің бұзылу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Олар сөйлеу тілінің фонетикалық жағының бұзылысынан «коммуникативті функцияның қалпына әсер ететін» жүйелік бұзылысына дейін болады.
Сөйлеу тілі қалыптасуының бірінші деңгейіндегі балалармен логопед, түзету жұмысын жоспарлау кезінде, олардың сөйлеу тілінің сөз қоры ескеріледі. Ерекше назар сөйлеу тілінің фонетикалық жағын қалыптастыру жұмысына, есту зейінін дамытуға аударылады.
Сөйлеу тілінің қалыптасуының екінші деңгейіндегі балалармен жүргізілген жұмыста сөздік жұмысқа, фонематикалық талдау мен жинақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді .
Сөйлеу тілі қалыптасуының үшінші, төртінші деңгейіндегі балалармен жұмысқа заттық –тәжірибелік, ойын, таным әрекетін дамытуға бағытталған элементтер енгізіледі. Сөз қорын кеңейту, сөзді заттық бейнемен сәйкестендіру, жалпылама түсініктерді қалыптастыру, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын және байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұмыс негізінде сөздік стереотиптерді қалыптастыру жатыр. Сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын практикалық түрде меңгеру, балалардың қоршаған орта туралы, өз тәжірибесін сипаттау арқылы рельефті суреттер, тірек сөздер, түсініктер бойынша сөйлем құрастыруы қалыптастырылады.
