- •1. Логопедия ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •2. Жалпы тіл кемістігі бар балаларға жалпы сипаттама.
- •3. Тұтықпа балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарына сипаттама беріңіз.
- •4. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы мәселесіне қысқаша тарихи шолу
- •5.Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
- •6. Арнайы білім беру мекемелері және оның түрлеріне сипаттама беріңіз
- •7. Алалия жөнінде зерттеулер
- •8. Естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •9. Пдб балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыруды талдаңыз
- •10. Қазақстанда логопедиялық көмек көрсету жүйесі
- •11. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •14. Көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
- •18. Балалар емханасындағы логопедиялық жұмыс
- •21.Жалпы тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыттары
- •22.Афазия және оның формалары.
- •23. Логопунктердің негізгі міндеттері.
- •27. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
- •28. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы
- •32.Білім беру жүйесіндегі арнайы топтар жұмысы.
- •33. Есту қабілеті нашар балалардың дыбыс айту бұзылыстарының негізгі түрлері мынадай болады:
- •35. Балалар дизартриясының клиникалық белгілері.
- •37.Логопедияяның тексеру қағидалары.
- •48. Жұмсақ дауыссыздарға тән кемшілік олардың жұпталған қатаңдармен алмасуы /дядядя-дадада/.
- •50. 29.10.2003Ж. Қр БжҒм №787 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру мекемелер түрлері мен үлгілерінің тізімі.
- •52. Логопедияның принциптері
- •53. Дислалаия және оның түрлері
- •54. Сөйлеу тілі бұзылған баларды тәрбиелеу мәселесіне сипаттама беріңіз.
- •55. Тіл мен сөйлеудің өзара байланысы
- •56. Ринолалия және оның түрлері
- •58. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмі.
- •61. Сөйлеу механизмі және негізгі заңдылықтары
- •62.Сөйлеу бұзылыстарының себептері
- •63.Жалпы тіл кемістігі бар балаларды зерттеу әдістемесін талдаңыз
- •64.Ппдк қызметіндегі логопед маманның жұмыс міндеттері
- •68. Сөйлеу бұзылысы. Клиникалық практикада сөйлеудің бұзылуының келесі түрлері белгілі:
1. Логопедия ғылымының мақсаты, міндеттері.
Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді.
Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.
Логопедияның негізгі мақсаты - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйісін ғылыми дәлелдеп құрастыру, өндеу және жетілдіру.
Логопедияның ғылым ретінде қарастырылуы бойынша оның келесі міндеттерін белгілеуге болады:
Сөйлеу тілі бұзылуының түрлі формаларына тән сөйлеу іс-әрекетінің онтогенезін зерттеу;
Тіл кемістіктерінің таралуын, көріну денгейін, белгілерін анықтау;
Сөйлеу іс-әрекеті бұзылған балалардың өз бетінше және бағытты дамуының динамикасын белгілеу, сонымен қатар, тіл кемістігінің баланың тұлғалық қасиеттеріне, психикалық дамуына, түрлі іс-әрекеттерінің қалыптасуына білдіретін әсерін қарастырып белгілеу;
Дамуында түрлі ауытқулары бар балалардың (ақыл-ойы кем; есту немесе көру қабілеті бұзылған; тірек-қимыл аппараты зақымдалған) сөйлеу іс-әрекетінің қалыптасу ерекшеліктерін, тіл кемістіктерін зерттеу;
Тіл кемістіктерінің себептерін, мехнизмдерін, құрылысын анықтау;
Сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық диагностикалаудың ғылыми әдістерін кұрастыру, жетілдіру;
Тіл кемістіктерін жүйелеу;
Сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық тузетудің және жоюдің жекелеген әдістерін, принциптерін және құралдарын құрастыру және жетілдіру;
Тіл кемістіктерін алдына алу, болдырмау жолдарын жетілдіру;
Логопедиялық көмегін дұрыс үйымдастыру жолдарын көрсету.
2. Жалпы тіл кемістігі бар балаларға жалпы сипаттама.
Жалпы тіл кемістігі – есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының Р.Е.Левина бастаған ғылым қызметкерлер /Н.А.Никашкина, Г.А.Каше, Л.Ф. Спирова, Г.И. Жаренкова және т.б. /50-60 жылдары мекктеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дыбыстарды бұзып айтуын, фонетикалық есіту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамыған балалардың барлығына тән кемшілік. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі өйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін. Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланылады, сөцлемді былдырлап мүлде түсініксіз өтіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын өрбеңдету арқылы бет-аузын қисаңдатып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері ақыл-ойы кем балаларда да болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балаларды ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған /олигофрен/ ақыл-ойы кем балалардан оңай ажыратуға болады.
