- •Мазмұны
- •1.Әдебиетке шолу
- •1.1 Қызанақтың дақылының жалпы сипаттамасы және халық шаруашылығындағы маңызы (морфологиясы мен биологиясы)
- •1.2 Қызанақтың агротехникасы.
- •1.3 Қызанақ сорттарының ерекшеліктері мен сапалық көрсеткіштері.
- •2. Зерттеу жұмысы болған жерге сипаттама
- •2.1 Зерттеу жұмысы болған институт жағдайы
- •2.2 Зерттеу болған жердің топырақ-климат жағдайлары
- •3. Зерттеу нысаны және әдістемелері
- •4. Зерттеулер нәтижелері
- •4.1 Қызанақ сорттары мен будандарына фенологиялық байқаулар және биометриялық өлшемдер жүргізу
- •4.2 Қызанақ дақылының жаңа сорттары мен будандарының морфологиялық ерекшеліктері
- •4.3 Қызанақтың дақылдың сорттары мен будандарының негізгі ауруларына төзімділігі
- •4.4 Қызанақ дақылының зерттеліп отырған сорттары мен будандарының өнімділігі және сапалық көрсеткіштері
- •5. Қызанақ дақылының сорттары мен будандарын өсірудің экономикалық тиімділігі
- •7. Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
Кіріспе................................................................................................................. |
6 |
1.Әдебиетке шолу.............................................................................................. |
8 |
1.1Қызанақтың дақылының жалпы сипаттамасы және халық шаруашылығындағы маңызы........................................................................... |
8 |
1.2Қызанақтың агротехникасы....................................................................... |
11 |
1.3Қызанақ сорттары мен гибридтерінің сипаттамасы............................... |
16 |
2. Зерттеу жұмысы болған жерге сипаттама................................................... |
22 |
2.1 Зерттеу жұмысы жүргізілген институт жағдайы...................................... |
22 |
2.2 Зерттеу болған жердің топырақ-климат жағдайлары............................. |
23 |
3.Зерттеу нысаны және әдістемелері.............................................................. |
31 |
4.Зерттеу нәтижелері және оларды талдау...................................................... |
34 |
4.1Қызанақ сорттары мен будандарына фенологиялық байқаулар және биометриялық өлшемдер жүргізу.................................................................... |
34 |
4.2Қызанақ дақылының жаңа сорттары мен будандарының морфологиялық ерекшеліктері........................................................................ |
37 |
4.3Қызанақтың дақылдың сорттары мен будандарының негізгі ауруларына төзімділігі..................................................................................... |
39 |
4.4Қызанақ дақылының зерттеліп отырған сорттары мен будандарының өнімділігі және сапалық көрсеткіштері........................................................... |
42 |
5.Қызанақ дақылының сорттары мен будандарын өсірудің экономикалық тиімділігі ........................................................................................................... |
47 |
6.Еңбек қорғау.................................................................................................. |
53 |
7.Қоршаған ортаны қорғау.............................................................................. |
63 |
Қорытынды........................................................................................................ |
73 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................... |
76 |
Қосымша............................................................................................................ |
80 |
Мазмұны
КІРІСПЕ
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында Агроөнеркәсіптік кешеннің (бұдан кейін АӨК) алдына бір қатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды мақсат болып табылады. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды тартуды ұйымдастыру керек. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық денгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан ары шаралар қолдану тапсырылды. Шикізат өндіруге айрықша назар аудару қажеттілігі атап өтілді [1].
Еліміздің экономикалық саясаты ретінде АӨК мен өсімдік шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру алдыңғы орындағы міндет болып табылады. Сонымен қатар «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде көкөніс өнімдерінің, оның ішінде қызанақтың ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 3 млн. тоннаны құрайды. Отандық өндірушілер ішкі сұраныстың 100%-на дейін қамтамасыз етеді деп болжам жасалып отыр. Консервіленген көкөністердің ішкі өндірісін 85 мың тоннаға дейін өсіру жоспарлануда. Бірақ бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы қолданыстағы технологиялар бұл мақсаттарды жүзегеге асыруға қауқарсыз болып отыр [2].
Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен еліміздің әл-ауқатын жақсартып, жоғарғы деңгейге жеткізудің бағдарламасы ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрінің өнімін көбейтіп, сапасын жақсарту шараларын белгілеп берді. Сонымен қатар үкіметтің ұзақ мерзімге ұсынған азық-түлік бағдарламасында АӨК-ні жан-жақты дамытып, көкөніс шаруашылығын индустрияландырудың негізінде еңбектің өнімділігін арттыруға баса назар аударылып отыр.
Ф.Х.Бахтиевтің мәліметтері бойынша адамзат тағамына пайдаланылатын екпе өсімдіктердің жалпы түрі 190-ға жеткен. Осылардың ішінде жүзден астамы көкөніс дақылдары. Ал көкөніс дақылдарының ішінде балғын кезінде және қайта өңделген күйіндеде ең кең қолданыстағы дақыл қызанақ.
Қызанақ көкөніс дақылдарының ішінде көп қолданылатыны және өнімі жоғары, сонымен қатар ең жоғары сұранысқа ие дақыл болып табылады.Еліміздің топырақ-климат жағдайларында сапалы және мол өнім алу үшін арнайы сорттар мен гибридтердің маңызы зор. Қызанақ еліміздің жылы аймақтарында кеңінен өсіріледі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағында 28,3 мың гектар жерге қызанақ өсірілген, оның ішінде ОҚО-да 9,4 мың га, Алматы облысында 6,2 мың га және Жамбыл облысында 4,2 мың га.[3]
Қызанақ дақылының биологиялық өнімділігі 75-90т/га құрайды. Алайда қазір республика бойынша орта есеппен алғанда 25-30 т/га өнім алынуда. Яғни дақылдың толық табиғи мүмкіндігінің үштен бірі ғана мүмкін болып отыр. Мұның негізгі себебі, бүгінгі таңда өндірісте қолданылып жүрген көптеген алыс және жақын шетелдік сорттар мен будандардың Қазақстанның топырақ-климат жағдайларына аса бейімделмеуі және көп тараған ауруларға төзімсіз болуы. Сонымен қатар, біздің ел аумағында аудандастырылған 30-дан аса қызанақтың сорттары мен будандары негізінен алғанда жоғары қарқынды технологияларды қажет етеді.
Дипломдық жұмысқа қызанақтың Алматы облысы жағдайында өсірілуге рұқсат берілген арнайы сортүлгілері алынды. Зерттеу жұмыстарында стандартты сорт ретінде Лидер сортүлгісі , ал салыстыру мақсатында алынған сорттары ретінде Дар Заволжья , Заря Востока және Классик буданы қосылды. Дипломдық жұмыстың мақсатын орындау мақсатында алдымызға бірқатар міндеттер қойылды. Сол міндеттерді орындау үшін егіс алқабында зерттеу жұмыстарында негізгі көрсеткіштер ретінде сандық және сапалық нәтижелерге көңіл бөлінді. Алдымен қызанақ сортүлгілерінің өнімділігі , өнімнің сапасы , тауарлық өнімділіктің мөлшері , биохимиялық құрамы , вегетациялық кезеңнің ұзақтығы , жемістерінің салмақтық мөлшері мен пішіні , аурулар мен зиянкестерге және арамшөптерге қарсы тұру қабілетінің деңгейі сонымен қатар дақылдың экономикалық тиімділігі өсіруге ең тиімді сортүлгіні бағалау және ұсыну мақсатында анықталды.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның Республикасы Алматы облысы жағдайында қызанақ дақылының аудандастырылған және болашағы зор сорттары мен гибридтерін шаруашылықтық құнды-қасиеттері бойынша бағалау және үздік сорттарды анықтап, өндіріске ұсыну.
Міндеттері:
- қызанақ сорттарына фенологиялық байқаулар және биометриялық зерттеулер жүргізу;
- қызанақ дақылының селекциялық көшеттіктерінде болашағы зор сортүлгілерін шаруашылық-бағалы қасиеттері бойынша сынау;
- жаңа қызанақ сорттарының өнімділігі мен биохимиялық құрамын анықтау;
- қызанақтың жаңа аудандастырылған және болашағы зор сорттарының экономикалық тиімділігіне баға беру.
