- •«Микробиология, вирусология микробиологиялық зерттеу техникасымен» пәнінен стандарттар. Стандарт 1:
- •Стандарт 2:
- •Стандарт 4:
- •Стандарт 5: Лабораториялық жағдайда микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орталарды дайындау және залалсыздандыру
- •Стандарт 6:
- •Стандарт 8:
- •Стандарт 9: Анаэробты микроорганизмдердің таза өсімін бөліп алу техникасы
- •Стандарт 10: Зерттеу материалынан немесе микроб өсімінен микроскопиялық зерттеуге бекітілген микропрепараттарды дайындау техникасы
- •Стандарт 11:
- •Стандарт 12:
- •Стандарт 14:
- •Стандарт 15:
- •Стандарт 16:
- •Стандарт 17: Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін лабораториялық ыдыстарды залалсыздандыру және дайындау техникасы
- •Стандарт 18:
- •Стандарт 19:
- •Стандарт 20:
- •Стандарт 21:
- •Стандарт 24:
- •Стандарт 25:
- •Стандарт 27:
- •Стандарт 28: Серологиялық гелдегі преципитация реакциясын қою техникасы
- •Стандарт 29:
- •Стандарт 30:
- •Стандарт 31:
- •Стандарт 32
- •Стандарт 33:
- •Стандарт 34:
- •Стандарт 35:
- •Стандарт 36:
- •Стандарт 37:
- •Стандарт 38:
- •Стандарт 39:
- •Стандарт 40:
- •Стандарт 41:
- •Стандарт 42:
- •Стандарт 43:
- •Стандарт 44:
- •Стандарт 45:
- •Стандарт 46:
- •Стандарт 47:
- •Стандарт 48:
- •Стандарт 49:
- •Стандарт 50:
- •Стандарт 51:
- •Стандарт 52:
- •Стандарт 53:
- •Стандарт 54:
- •Стандарт 55:
- •Стандарт 56:
- •Стандарт 57:
- •Стандарт 59:
- •Стандарт 60:
- •Стандарт 61:
- •Стандарт 62:
- •Стандарт 63:
Стандарт 24:
Қояндарға көк тамырға жұқтыру әдісін жүргізу техникасы
Мақсаты: Қояндарға көк тамырға жұқтыру әдісін жүргізу техникасын үйрету.
Жабдықталуы: лабораториялық жануарлар, ұзын жолағы бар иньекцияға арналған инелер, шприц, зерттелетін материал, мақта тампондары, спирт.
Әрекеттің алгоритмы:
Жануарды бекітіңіз;
Сыртқы құлақтың бойының терісінің жүнін жұлып, 70% этил спиртіне батырылған мақтамен сүртіңіз;
Құлақтың шеткі тамыры енетін жерін сол қолымен бекітіңіз;
Оң қолдағы шприцпен құлақтың ұшына жақын тамырға сүйір бұрышпен иненің кесіндісін жоғары қаратып шприцтің инесін енгізіңіз;
Иненің дұрыс енгізгенін тексеру үшін азғана материалды алып тамырға енгізгенде, ол еркін өтіңіз;
Енгізіп болғаннан кейін тамырдың төменгі бөлігін ақырын жаныштаңыз;
Спиртке немесе стерильді йод ерітіндісіне батырылған стерильді мақтаны иньекцияның орнына салыңыз;
Тамырдан инені шығарып алыңыз;
Көк тамырға қояндарға 20 мл сұйықтық енгізіңіз;
Қояндарды бақылаңыз;
Нәтижесін жазып есепке алу.
Стандарт 25:
Болжамды серологиялық агглютинация реакциясын қою техникасы (РА)
Мақсаты: Болжамды серологиялық агглютинация реакциясын қою техникасын (РА) үйрету.
Жабдықталуы: зерттелетін микроб өсімі, арнайы сары су, изотониялық натрий хлориді ерітіндісі, заттық шыны әйнек, пастерлік пипетка, бактериологиялық тұзақ.
Әрекеттің алгоритмы:
Заттық шыны әйнекті майсыздандырыңыз;
Стерильді пастерлік пипеткамен 2 тамшы агглютинация жүргізуге арналған сары суды және 1 тамшы изотониялық натрий хлориді ерітіндісін заттық шыны әйнекке тамызыңыз. Тамшыларды әйнекке тамызған кезде, тамшылардың арасында арақашықтық сақталсын;
Стеклографпен заттық шыны әйнектегі сарысу және изотониялық натрий хлориді ерітіндісі тамшыларын белгілеңіз;
Изотониялық ерітінді тамшысына және сарысу тамшысының біріне микроб өсімін енгізіңіз;
Әр тамшыны бір келкі болғанша араластырыңыз;
1-3 минуттан кейін нәтижесін қараңыз.
Ескерту: Сарысу бақылау пробиркасы - мөлдір
Антиген бақылау пробиркасы - лайлы
Оң мәнді болғанда мөлдір сұйықтық фонында агглютинат үлпек түрінде көрінеді.
Стандарт 26:
Толық серологиялық агглютинация реакциясын қою техникасы (АР)
Мақсаты: Толық серологиялық агглютинация реакциясын қою техникасын үйрету
Жабдықталуы: Диагностикумдар, сарысу изотониялық ерітінді, штатив, пробирка, пипетка
Әрекеттің алгоритмы:
Ерітілген сарысуды 1:50ден 1:1600 дейінгі аралықта дайындаңыз;
Штативке қажетті мөлшерде пробирка қойыңыз;
Әр пробиркадағы сарысудың еру дәрежесін көрсетіңіз;
Бақылау пробиркасына «БС» - сарысуды бақылау, «АБ»- антигенді бақылау;
Барлық пробиркаға 1 мл изотониялық ерітінді құйыңыз;
Бірінші пробиркаға және «СБ» сарысу бақылау пробиркасына 1 мл соңғы ерітілген сарысу құйылады;
Бірінші пробирканы араластырыңыз және стерильді пипеткамен 1 мл екіншіге, одан үшіншіге және т.б. жалғастырып құяды. Соңғы пробиркадан 1 мл дезинфекциялық ерітіндіге құйыңыз;
Барлық пробиркаға 2 тамшыдан антиген диагностикумды құйыңыз, «СБ» сарысу бақылау пробиркасына құймаңыз;
Жақсылап шайқағаннан кейін пробирканы екі сағатқа термостатқа қойыңыз. 20 сағаттан кейін соңғы нәтижесін аласыз;
Бақылау пробиркасынан бастап нәтижесін қараңыз.
Ескерту: Сарысу бақылау пробиркасы - мөлдір
Антиген бақылау пробиркасы - лайлы
Оң мәнді болғанда мөлдір сұйықтық фонында агглютинат үлпек түрінде көрінеді.
