Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микробиология стандарты (исправленный вариант).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.18 Кб
Скачать

Стандарт 62:

Казеин пептонизациясына тест жүргізу этаптары, оған қолданылатын қоректік орта

Тест мақсаты: әртүрті микроорганизмдерді ажыратуға арналған.

Тест принципі: бактерияның сүт ақуызы-казеиннің пептонизациясын тудыратын протеолитикалық фермент синтездеу қабілетіне негізделген.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Эйкман сүтті агарды құйып, Петри аяқшасына суытыңыз, жеке колония алу үшін 18-сағаттық микроб өсімін себелеңіз;

  2. Культураны 24-48 сағат 370С температурада инкубациялаңыз, нәтижесін қараңыз;

  3. Оң мәнді болғанда сүт фонында колония айналасында мөлдірлену түзіледі.

Ескерту: оң мәнді бақылау: Lactococcus lactis

теріс мәнді бақылау: Streptococcus (В серотоп)

Стандарт 63:

Микроорганизмдердің плазмакоагулаза және фибринолизин ферментерінің синтезін анықтау

Тест әртүрлі микроорганизмдерді ажырату үшін, көбінесе стафилококктың патогенділігін анықтауда қолданылады.

Тест принципі: қан ұю жүйесінің ферментативті белсенділігі мен еріту әсеріне негізделген.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Тест жүргізілу этаптары: плазма алу ірінші әдіс) (2-4ретке дейін концентрацияланған және ерітілген);

  2. 18-сағаттық өсімді плазмасы бар пробиркаға құямыз;

  3. Өсім енгізілмеген плазмасы бар бақылау пробиркасын аламыз. Плазмамен және плазма ұйытатын эталонды стафилакокк штаммасының өсімі бар пробирканы бақылау;

  4. 370С температурада өсімді инкубациялаймыз, тәулік бойы (30 минуттан кейін, 1,2 сағаттан кейін ) өсімнің нәтижесін бақылаймыз;

  5. Плазма ұю уақыты микробтың ферментативті белсенділігінің деңгейіне тәуелді екеніне назар аударыңыз;

  6. Микробтың жоғары ферментативті белсенділігімен оң мәнді реакцияда тығыз ұйыма түзіледі;

  7. Ерітілген плазмасы бар пробиркада болбыр ұйыма түзіледі;

  8. Сонымен қатар осы пробиркаларды қосымша 8-20 сағат бақылай отырып, микробтың фибринолитикалық белсенділігін анықтаңыз;

  9. Ұйыманың еруі фибринолитикалық белсенділігін дәлелдейтінін есте сақтаңыз;

  10. Тест жүргізу этаптары: екінші әдісте коагулазаны анықтауды заттық шыныда жүргізіледі;

  11. Антикоагулянты бар қоян плазмасының бір тамшысын және физиологиялық ертіндінің тамшысын жеке-жеке тамызамыз;

  12. Әр тамшыға тұзақпен 18-сағаттық микроб өсімін енгіземіз;

  13. Лупа көмегімен плазмадағы бірігу көрінісін белгілейміз;

  14. Екі тамшыдағы оң мәнді реакция бейарнамалы нәтиже болып саналады.

Ескерту: Оң нәтиже: Staphylococcus aureus

Теріс нәтиже: Staphylococcus epidermidis