- •«Микробиология, вирусология микробиологиялық зерттеу техникасымен» пәнінен стандарттар. Стандарт 1:
- •Стандарт 2:
- •Стандарт 4:
- •Стандарт 5: Лабораториялық жағдайда микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орталарды дайындау және залалсыздандыру
- •Стандарт 6:
- •Стандарт 8:
- •Стандарт 9: Анаэробты микроорганизмдердің таза өсімін бөліп алу техникасы
- •Стандарт 10: Зерттеу материалынан немесе микроб өсімінен микроскопиялық зерттеуге бекітілген микропрепараттарды дайындау техникасы
- •Стандарт 11:
- •Стандарт 12:
- •Стандарт 14:
- •Стандарт 15:
- •Стандарт 16:
- •Стандарт 17: Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін лабораториялық ыдыстарды залалсыздандыру және дайындау техникасы
- •Стандарт 18:
- •Стандарт 19:
- •Стандарт 20:
- •Стандарт 21:
- •Стандарт 24:
- •Стандарт 25:
- •Стандарт 27:
- •Стандарт 28: Серологиялық гелдегі преципитация реакциясын қою техникасы
- •Стандарт 29:
- •Стандарт 30:
- •Стандарт 31:
- •Стандарт 32
- •Стандарт 33:
- •Стандарт 34:
- •Стандарт 35:
- •Стандарт 36:
- •Стандарт 37:
- •Стандарт 38:
- •Стандарт 39:
- •Стандарт 40:
- •Стандарт 41:
- •Стандарт 42:
- •Стандарт 43:
- •Стандарт 44:
- •Стандарт 45:
- •Стандарт 46:
- •Стандарт 47:
- •Стандарт 48:
- •Стандарт 49:
- •Стандарт 50:
- •Стандарт 51:
- •Стандарт 52:
- •Стандарт 53:
- •Стандарт 54:
- •Стандарт 55:
- •Стандарт 56:
- •Стандарт 57:
- •Стандарт 59:
- •Стандарт 60:
- •Стандарт 61:
- •Стандарт 62:
- •Стандарт 63:
Стандарт 19:
Аппельман әдісімен фаг титрін сандық анықтау техникасы
Мақсаты: Аппельман әдісімен фаг титрін сандық анықтау техникасын үйрету.
Жабдықталуы: 12 пробирка, штатив, залалсыздандырғыш ерітінді, тәуліктік бактерия өсімі, пипетка, тексеруші фаг.
Әрекеттің алгоритмы:
Тексерілетін материалдан фильтрат дайында;
4,5 мл ЕПС бар 12 пробирка дайында (11, 12 пробирка бақылау үшін);
1 пробиркаға 0,5 мл тексерілетін факты енгіз;
Пробирканы араластыр;
1 пробиркадан 0,5 мл алып екінші, екіншіден үшінші т.б. 10 пробиркаға сұйықтықты алып құй, сұйықты пробиркадан пробиркаға алу үшін әр ретте залалсыздандырылған пипетка пайдалан;
10 пробиркада артық 0,5 мл сұйықты залалсыздандырғыш ерітіндіге құйып залалсыздандыр;
Барлық пробиркаларға 12 бақылау пробиркадан басқасына 0,2 мл бактериялардың өсім сорпасын құй;
Белгіленген пробиркаларды 37ºС температурада 18-20 сағатқа қой;
Пробиркаларды термостаттан алып қарап, соңғы лизис болған пробирканы анықта (қоректік ортаның жарықтануына сәйкес);
Бактериофаг титрін анықта, 10 реттік езуіне (разведенияға) сәйкес.
Стандарт 20:
Бактериялардың антибактериалды препараттарға сезімталдығын агарға антибиотиктер сіңдірілген қағаз дискілерді қолданып, диффуздық әдіспен сапалық анықтау техникасы
Мақсаты: Бактериаларды антимикробты препараттарға сезімталдығын диск әдісімен анықтау техникасын үйрету.
Жабдықталуы: антибиотиктер сіңдірілген қағаз дискілер, Петри аяқшасындағы залалсыздандырылған ЕПА.
Материалдар: таза тәуліктік сорпадағы өсімді.
Әрекеттің алгоритмы:
Петри аяқшасындағы ЕПА-ға тәуліктік сорпадағы өсімді егеміз;
Егілген Петри аяқшасын 30-40 минут бөлме температурасында кептіреміз;
Егілген агардың үстіне Петри аяқшасын шетінен антибиотиктер сіңірілген қағаз дискаларды ара қашықтықтары 2 см 4-5 дискіден спирт шамы жанында жүргізу керек;
Аяқшаны 37ºС температурада термостатқа 18-24 сағатқа түбімен жоғары қою керек;
Сантиметрлік сызғышпен дискі жанынан микробтардың өсу тоқтатылған аймағын өлшеп анықтау.
Ескерту: Жоғары сезімтал – 20-26 мм
Сезімтал – 10-15 мм
Сезімталдығы төмен – 10 мм
Стандарт 21:
Бактериялардың микробтарға қарсы препараттарға сезімталдығын сериялық ерітінділермен сандық анықтауды қою техникасы
Мақсаты: Бактериялардың микробтарға қарсы препараттарға сезімталдығын сериялық ерітінділер мен сандық анықтауды қою техникасын үйрету.
Жабдықталуы: зерттелетін микроорганизмдердің таза өсімі, залалсыздандырылған пробиркалар, негізгі антибиотик ерітінділері, пипеткалар, ЕПС.
Әрекеттің алгоритмы:
Залалсыздандырылған 12 пробиркаға 1 мл қоректік ортаны құйыңыз;
Бірінші пробиркаға 1 мл негізгі антибиотик ерітіндісін құйыңыз;
Бірінші пропиркадағы қоспаны араластыр және залалсыздандырылған пипеткамен екінші пробиркаға, екіншіден үшіншіге, осы ретте оныншы пробиркаға дейін 1 мл алып құйыңыз. Әрбір ерітінді алғанда міндетті түрінде залалсыздандырылған пипеткамен алмастырыңыз;
Оныншы пробиркадан 1 мл ерітіндіні алып дезинфекциялық ерітіндіге құйыңыз. Он бірінші бақылау пробиркасы - бактериялардың өсуі, он екінші пробирка - қоректік ортаның стерильдігін бақылауға арналған;
12 пробиркадан басқа пробиркаларға 0,1 мл тексерілетін өсімді енгізіңіз;
Маркирленген пробиркаларды термостатқа 18-24 сағатқа 37ºС температурада қойыңыз;
1 тәуліктен соң өсімді термостаттан алып, пробиркаларды қараңыз, бактериялардың өсімі жоқ соңғы пробирканы белгілеңіз;
Микробтардың антимикробты препараттарға сезімталдығының нәтижесін анықтаңыз;
Нәтижесін жазып есепке алыңыз.
Ескерту: өсімді бақылау – өсу анықталды. Стерилдігін анықтау –өсудің болмауы. Минималды ингибирлеуші ерітінді –соңғы пробиркада толық өсім болмауы тиіс.
Стандарт 22 :
Лабораториялық жануарларға тері ішіне енгізу арқылы жұқтыру техникасын жүргізу
Мақсаты: Лабораториялық жануарларға тері ішіне (биосынама) енгізу арқылы жұқтыру техникасын үйрету.
Жабдықталуы: Лабораториялық жануарлар, көлбеулі жіңішке (№18-20) өткір егу инелер, шприц, зерттелетін материал, мақта тампон, спирт.
Әрекеттің алгоритмы:
Лабораториялық жануарларды алып, салмағын өлшеңіз, тәжірибе жасалмас бұрын маркирлеңіз (биосынама);
Көлбеулі жіңішке (№18-20) өткір егу инені шприцпен дайындаңыз;
Зерттелетін материалды дайындап, шприцпен 0,1 мл жинап алыңыз;
Лабораториялық жануарлардың арқасының терісін үлкен және нұсқаулы саусақпен тартып керіңіз;
Оң қолыңызбен шприц инесін теріге бұрыштап (теріге параллельге жақын) енгізіңіз және жинап алынған көлемдегі зерттелетін материалды жіберіңіз;
Теріні жіберіп еккен жерге спиртке батырылған мақта тампонды қойып, инені теріден суырып алыңыз.
Стандарт 23:
Лабораториялық жануарларды ішке құрсақ арқылы енгізу техникасы
Мақсаты: Лабораториялық жануарларды ішке құрсақ арқылы енгізу техникасын үйрету.
Жабдықталуы: Лабораториялық жануарлар, егуге арналған қысқа жырасы бар ине, шприц, зерттелетін материал, мақта тампондар, спирт.
Әрекеттің алгоритмы:
Тәжірибе жасалмас бұрын лабораториялық жануарларды алып, өлшеп, маркирлеңіз;
Лабораториялық жануарларды тігінен басын төмен қаратып ұстаңыз;
Инені іштің төмен жағына ортаңғы сызықтан сәл алшақ енгізіңіз.
Теріні инемен тескен соң, шприцті көлденең қалыпқа ауыстырыңыз;
Шприцпен инені тік бұрыштап іштің қабырғасына бос түскенше енгізіңіз;
Тік жағдайда инені ұстап зерттелетін материалды енгіңіз.
